С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет464/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   460   461   462   463   464   465   466   467   ...   587
Байланысты:
ped and psy 2 nomer 2016.compressed (1)

Негізгі сөздер: лидер, тұлға, оқушы-лидер, лидерлік, харизма, жоғары сынып оқушысы, бедел, біліктілік. 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
312 
ҚР-ның  бiлiм  берудi  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттiк  бағдарламасында 
ұйымдастырушылық  қабiлетi  мен  лидерлік  қасиетi  бар  белсендi  оқушыларды,  сондай-ақ  `леуметтiк 
жобаларды  iске  асыру  аясында  жастар  ұйымдарының  жетекшiлерiн  дaяpлaудың  көздeлуі,  жоғары 
сынып оқушыларын лидерлікке даярлаудың қажеттілігін арттыра түседі [1].  
Осыған  орай  оқушылар  мен  жастар  ортасындағы  өнегесіздік  пен  агрессивтілікке  қарсы  тұра 
білетін,  мектепте  іскерлікпен  табысқа  жете  алатын,  айналасына  адамгершілігі  мол,  шығармашылық 
идеялары бар, өзінің іскерлік қабілеттерін дамытуға, ізденімпаздықпен өзін жетілдіруге ұмтылатын, 
дербес шешімдерін белсенділікпен жүйелі іске асыратын оқушы-лидерлерді даярлау қажет.  
Себебі  лидер  рөлін  меңгерудің  маңыздылығы  қазіргі  елеулі  `леуметтік-экономикалық  өзгерістер 
мен  жаңалықтар  жағдайында  өз  ойларын  білдіріп  сөйлей  алатын  адамды  ғана  емес,  сонымен  қатар 
`леуметтік  маңызды  ж`не  жеке  мақсаттарға  жету  үшін  адамдарды  біріктіре  отырып,  `рекет  жасай 
алатын адамдарға деген ерекше сұраныстың пайда болғандығымен түсіндіріледі. Бұл дегеніміз, қазір-
гі қоғамдық даму өмірдің стратегиясын анықтай алатын, тұлғалық ж`не қоғамдық даму т`жірибесін-
де  оны  жүзеге  асыру  тактикасын  жетілдіре  алатын  адамдар  қажет  екендігін  анық  көрсетеді.  Сол 
себепті  адамның  бала  кезінен  жинақталған  т`жірибесі  оны  өмір  бойы  сүйемелдейтіндігіне  байла-
нысты  оқушы-лидерді  даярлау  м`селесі  барынша  өзекті  болып  табылады.  Себебі  лидер  рөлін  мең-
герудің  қажеттілігі,  қабілеттілігі  мен  мүмкінділігі  оқушыға  өзінің  өмірлік  келешегін  көруді,  нақты 
мақсаттарды анықтап, оған жетуді, тұлғалық өзара `рекеттестік пен ынтымақтастық ғылымын игеріп, 
белсенділікке, дербестілікке, жауапкершілікке ж`не эмпатияға үйренуге мүмкіндік береді. 
Демек,  қазіргі  таңда  білім  беру  саласында  адамдармен  оңай  тіл  табыса  алатын,  лидерлік  дағды-
ларға  ие,  талдауға,  ынталандыруға,  стратегиялық  ойлауға  ж`не  тиімділікке  қабілетті  жаңа  типтегі 
лидерлер керек. Алайда ондай лидерлерді қайдан табу керек деген заңды сұрақ туындайды. Дейтұр-
ғанмен  ұдайы  өзгермелі  жағдайда  білім  беру  жүйесінің  барлық  деңгейінде  талантты,  `рі  жақсы 
дайындықтан өткен лидерлердің аздығы жасырын емес екені анық. Сондықтан білім беру жүйесінде 
лидерлік  дағдыға  ие  ж`не  жоғары  білікті,  талантты  жоғары  сынып  оқушыларын  іздеп  табу,  оларды 
даярлау мүмкіндігі жұмыстың қажетті, `рі маңызды құрамдас бөлігі. 
Сол  үшін  де,  кез  келген  білім  беру  саласында  нақты  қандай  лидер  даярлау  қажеттігін  анықтау 
мақсатында,  оның  біліктілік  бейінін  бекітуіміз  тиіс.  Бұл  идеяның  негізі  болашақ  лидерлердің  өзге-
лерден  жауапкершілік,  қабілеттілік  жағынан  ерекшелігі  болуы  керектігін  талап  етеді.  Себебі  жоға-
рыда айтып өткеніміздей, келешекте кез келген жағдаятта қандай болмасын қиындықтармен кездессе 
де, дұрыс шешім қабылдай білетін, қиындықтардан шыға алатын, біліктілігі жоғары лидер даярлау – 
жауапты, `рі күрделі міндет болып табылады. 
Өйткені, лидерлікті тиімді жүргізудегі басты біліктілік – ол лидердің харизматикалық ықпалының 
деңгейі.  Осы  тұста  «харизма»  ұғымына  қысқаша  м`лімет  бере  кетер  болсақ,  ол  –  жеке  даралық 
тартымдылығы  сипатымен  жағымды  көрінетін  лидердің  мінез-құлық  сипаттамалары  мен  өзіндік 
сапаларының жиынтығы; лидерлік ықпалдың ерекше формасын атайды [2]. 
Сондай-ақ  айта  кетер  жайт  аталмыш  м`селені  қарастырған  көптеген  авторлар  харизматикалық 
лидерге т`н жеке қасиеттерді табуға талпынғандарымен, бар болғаны келесідей бес сипаттамаға қол 
жеткізді: 
- Харизматикалық лидерлер неге ұмтылу керектігін біледі; 
- Олар стратегиялық мақсатқа жету жолында т`уекелге бас тігуге дайын; 
- Сыртқы ортаның қойған шектеуін сезіне алады; 
- Ізбасарларының қажеттіліктерін сезіне біледі; 
- Үйреншікті шеңберге жатпайтын іс-`рекет үлгісін көрсетеді [3]. 
Осыған байланысты біз харизматикалық лидер деп, өзінің соңынан топты ерте алатын, адамдарға 
ықпалы  бар  бірегей  қабілеттілік  пен  ерекше  қасиетке  ие  адамды  түсінеміз.  Өзінің  жеке  тұлғалық 
ерекшеліктеріне қарай ізбасарларының ішкі жан дүниесіне күшті `сер ете алатын, мінсіз болашақты 
болжай білетін, оған жол нұсқай алатын лидер харизматикалық лидер деп есептеледі ж`не лидердің 
харизматикалық сипаттамалары тұрғысынан алдын ала болжау стратегиясы мен ізбасарларды моти-
вациялық шабыттандыра алуы саналады. Харизматикалық лидер адамдардың сеніміне ене алады ж`-
не өздерінің даралық бірегейлігі мен күші арқылы құндылықтарын қабылдатуға қозғаушы болады [2].  
Сол себепті топтағы сыныптастарының бойында ортақ миссиялық сезімін ояту лидерлік факторла-
рының бірі болып табылады. Лидердің харизматикалық ықпалын көрсететін біліктіліктерінің ішіндегі 
бастысы – оның `рдайым жауапкершілікті өз мойнына ала білуінде.  
 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
313 
Демек, лидер – адамдарды артынан ілестіре алатындай нағыз лидер болуы үшін олардың бойында 
ерекше  бір  `сер  қалдыра  білуі  керек.  Ол  арқылы  достарының  жүрегінде  болашаққа  деген  сенім 
ұялатып,  олардың  іс-`рекетіне  бастама  бола  отырып,  туындаған  м`селені  бұрын  ешкім  қолданбаған 
мүлдем жаңа т`сілмен шешуге қол жеткізуге болады.  
Сондықтан  да  тиімді  лидер  болу  үшін  тұлғаның  бойында:  болашақты  көре  білу,  дұрыс  мақсат 
қою, м`селені шешуде ақпаратты талдау, жағдайға икемділік, дұрыс шешім қабылдау, ал тұлғааралық 
қарым-қатынаста  тыңдай  білу,  сезімталдық,  бастамашылдық,  ойын  тез  жинақтай  білу,  адамдарға 
ықпал ете білу, яғни сөйлеу м`нері, өзіне сенімділік, сендіре білу ж`не жеке қасиеттері қажырлылық, 
сапалы жұмысты ынталандыру, үйрене білу, шыншылдық сынды сапалар болуы қажет [4]. 
Сондай-ақ мектеп білім беру мекемесі ретінде лидердің қалыптасу үрдісіне өзінің позитивті үлесін 
`рқашан да қосуы тиіс. Себебі, лидер – бұл топтың тіршілік кеңістігін ұйымдастыруға қабілетті, мақ-
сатқа бағытталған, табысты түрде өзін-өзі реттеудің үлгілерін көрсете алатын адам. Ал, мектеп қоғам-
дық өмірге араласа бастаған оқушыға өзін барынша н`тижелі жүзеге асыруға мүмкіндік беретін орын.  
Сонымен бірге қазіргі күні лидер деп маңызды м`селелер кезінде шешім қабылдау құқын беретін 
топ мүшесін атайтыны м`лім. С`йкесінше, лидерлік – бұл топ ішілік қарым-қатынас жүйесінде `сер 
ету,  бағыну  қатынастарында  көрінеді  [5].  Демек,  ол  іс-`рекеттің,  қарым-қатынастың  ұйымдастыру-
шысы,  дем  берушісі,  бастамашысы  болып,  еліктеуге  өнеге  бола  білу  қабілетінен  байқалатын 
субъектілік  позицияны  меңгеру,  тұлғалық  қалыптасудың  тиімділігін  қамтамасыз  ететін  маңызды 
фактор болып табылады. 
Сол себепті де, лидерлер жай адамдардан мақсатшылдығымен ж`не жігерлілігімен, адамдар тобын 
басқаруға  құлшынысымен,  адалдығымен  ж`не  парасаттылығымен,  өз  күшіне  сенімділігімен, 
білімімен, сонымен бірге біліктілігімен ерекшеленеді деген пікір айтуымызға болады. 
Осы тұста біліктілік ұғымына тоқтала кетсек, стандартқа с`йкес, біліктілік – бұл т`жірибеде білім 
мен  дағдыны  қолдануды  көрсете  білуді  айтамыз.  Ал  біліктіліктер –  бұл  тек  білім  мен  дағды  ғана 
емес,  сондай-ақ  оқушының  іс-`рекетінен  көрінетін  жоғары  табыстылыққа  жеткізетін  құндылығы, 
жеке қабілеті болып табылады. 
Сондықтан да лидердің біліктілігінің бейінін [5] төмендегідей топтауымызға болады:  
#
  н`тижеге бағытталу; 
#
  өзгерістерге бейімделу; 
#
  адам ресурстарын басқару; 
#
  тиімді коммуникация. 
Осыған с`йкес, жоғарыда көрсетілген лидерлік біліктіліктерінің анықтамасына қысқаша тоқталар 
болсақ: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   460   461   462   463   464   465   466   467   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет