С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет576/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   572   573   574   575   576   577   578   579   ...   587
Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
388 
ластануы,  орман,  тоғайлар  ағаштарының  кесілуі,  өртенуі,  жол  апаттарымен  технологияның  бұзы-
луының  н`тижесінде  радиацияның  артуы)  адамдардың  тіршілік  етулеріне  қауіп  төндіруде.  Мысал 
ретінде, еліміздегі Алматы, Шымкент, Қарағанды сияқты ірі қалаларда табиғи өмір сүру орта елеулі 
д`режеде нашарлауда, тіршілік ырғағы, еңбек, тұрмыс, демалыс психологиялық көңіл күйі бұзылуда, 
ауа  райы  өзгеруде  екені  көңілге  кірбің  ұялатады.  Қалаларда  күн  радиациясы  қарқыны  жақын 
орналасқан  елді  мекендермен  салыстырғанда  15-20%  –ға  төмен,  бірақ  жыл  көлеміндегі  орташа 
температура  1-2ºс-қа  жоғары,  олардың  т`уліктік  ж`не  маусымдық  ауытқуы  елеусіз,  атмосфералық 
қысым төмен, ауа ластанған. Осылардың барлығы адамның дене ж`не психикалық саулығына барын-
ша  қолайсыз  `сер  етеді.  Қазіргі  заманғы  адамдар  ауруларының  80%-ы  планетадағы  экология-лық 
жағдайлардың нашарлау н`тижесінде пайда болатыны ғылыми зерттеулерде д`лелденген. Жоғарыда 
аталған  экологиялық  проблемаларды  болдырмау  дене  жаттығуларымен  ж`не  спортпен  жүйелі 
шұғылдануды ұйымдастырып, жүргізумен тікелей байланысты. 
Адамдардың  өндірістік  жұмыстан  ж`не  ақыл-ой  еңбегінен  кейін,  бос  уақыттарында  дене  жатты-
ғуларымен ж`не спорт түрлерімен шұғылданудың негізгі түрлері мыналар: 
- таңертеңгілік гигиеналық гимнастика; 
- таңертең немесе кешкі уақытта арнайы бағыттылықта дене жаттығуларымен шұғылдану; 
- түскі үзіліс кезінде қысқа уақыттық дене жаттығуларымен шұғылдану; 
- жол сапар үстіндегі (поезда, автокөлікте, қонақ үйде т.б.) дене жаттығулары; 
- белсенді демалыс ж`не организмнің функционалдық мүмкіндіктерін арттыру, к`сіби-қолданбалы 
дене дайындығын жетілдіру мақсатында дене м`дениетімен ж`не спортпен шұғылданулар [2]. 
Таңертеңгілік  гигиеналық  гимнастика  жаттығуларының  кешеніне  түзетуші  ж`не  аурудың  алдын 
алу сипатындағы жаттығулар ендіріледі. 
Бұл  жаттығулардың  жеке  адамдар  үшін  кешенін  құрастыру  кезінде  оның  келесі  талаптарды 
қанағаттандыруы қажет екені ескерілуі тиіс: 
- жаттығу еңбек қызметі ерекшелігіне, адам организмінің функционалдық мүмкіндіктеріне с`йкес 
келуі тиіс; 
- жаттығу бір ізді жүйелілікпен орындалуы тиіс; 
- жаттығу  артық  күштенусіз  ж`не  тыныстың  бөгелуінсіз  басымырақ  өсіңкі  қозғалыс  сипатында 
болуы тиіс; 
- жаттығу жүктемесі біртіндеп арттырылып, жаттығу соңында төмендетілуі тиіс; 
- жаттығудың  бір  сарындылығы  шұғылданушыларды  жалықтыратын,  тиімділігін  төмендететін 
болғандықтан жаттығу кешенін кезеңдермен жаңартып от ыру қажет [3]. 
Ақыл, ой еңбегімен шұғылданатын қызметкерлер үшін таңертеңгілік гигиеналық гимнастиканың 
келесі бірізділіктегі үлгісі ұсынылады: 
1.  Ақыл,ой  еңбегінен  тежеу  жағдайындағы  организмнің  біртіндеп  қызметтік  жағдайға  келуіне 
мүмкіндік туғызатын жаттығулар жасау (жүру, баяу жүгіру, жалпы дамыту жаттығулары, белтемірде 
тартылу). 
2.  Жүрек қан – тамыры жүйесінің қызметін жандандыру үшін жаттығулар жасау (қолды `р түрлі 
бағыттарға сермеу, терең емес алға, артқа, жандарына ұмтылу қозғалыстары ж`не т.б.)  
3.  Дене  бұлшық  еттерін  нығайтатын,  тыныс  алуды  шынықтыратын,  ми  қан  айналымын 
жақсартатын жаттығулар (басты мойыннан айналдыру ж`не басты, кеудені алға, жанына, артқа иіу). 
4.  Күшті дамытуға арналған жаттығулар. 
5.  Буын қоспаларының қозғалмалылығын арттыруға арналған жаттығулар. 
6.  Қарын бұлшық еттеріне (брюшной пресс) арналған жаттығулар. 
7.  Аяққа арналған жаттығулар (екі, бір аяққа отырып тұру, секірулер). 
8.  Таңертеңгілік  гигиеналық  гимнастика  жаттығулар  кешенін  дене  бұлшық  еттерін  босаңсыту 
ж`не  тыныс  алуды  қалпына  келтіру  жаттығуларымен  аяқтайды  (баяу  жүгіру,  жүру,  тыныс  алу 
жаттығулары) [4]. 
Таңертеңгілік гигиеналық гимнастиканың созылу ұзақтығы 10-15 минуттан 30-40 минутқа дейін. 
40  жасқа  дейінгі,  дені  сау  адамдар  үшін  жүрек  соғу  жиілігі  (ЖСЖ)  минутына  150  рет,  50  жастан 
жоғарылар  үшін  минутына  140  рет,  60  жастан  бастап  минутына  120  рет  ке  дейін  артуы  қарқын-
дылығымен өткізу мақсатқа лайықты болады [5]. Алайда адамдардың барлығы бірдей таңертеңгілік 
сағаттарда орындалатын жаттығуларда артты-рылған жүктемені жеңіл ж`не қиналмай атқара алмауы 
мүмкін.  Бірқатар  адамдар  үшін  таңертеңгілік  сылбырлықты,  босаңдықты,  көңілсіздікті  жоюға 
бағытталған  жеңіл  жаттығулармен  шектелу,  ал  белсенді,  ширақтыққа  бағытталған  жаттығуларды 
жұмыстан кейінгі тамақтан соң 2 сағаттан кейін орындаған мақсатқа лайықты болады. 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
389 
1 nбділлаев n.К., Оңалбек Ж.К. Дене мeдениетінің ілімі жeне eдістемесі. Түркістан. 2004ж. 
2 nбділлаев n.К. Дене мeдениетінің ілімі жeне eдістемесі. Түркістан, 2007ж. 
3 Матвеев А.П. Теория и методика физической культуры и спорта. Москва, ФиС. 1991. 
4 Кузнецов В.С. Теория и методика физической к,ультуры и спорта. Москва, ФиС. 2012. 
5 nбділлаев n.К., Мухамеджанов Б.Қ. Дене мeдениеті. Түркістан. 2008ж. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   572   573   574   575   576   577   578   579   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет