С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ҧлттық медицина


Порторолияның бағалау әдістері



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата06.04.2017
өлшемі0,98 Mb.
#11191
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Порторолияның бағалау әдістері. Әрбір тапсырманың түрі оның күрделігіне қарай білім 

алушыға  белгілі  нақты  баллмен  бағаланады.  Мысалы  25  тапссырма  берілсе  студенттердің 

соның  кезкелгенін  және  10-нан  кем  еместігін  қалағанынша  таңдай  алады.    Тағы  да  басқа 

таңдаудың  демократиялық  түрі  бар:  студенттер  кез  келген  ауырлық  деңгейінде,  кез  келген 

тапсырма  санын  таңдай  алады.  Мұндайда  оларға  тән  жалпы  балл  бойынша  рейтинг  бағасы 

қойылады.  

Студенттерді  қарапайым  тапсырмаларды  ӛте  аз  тыңдағаны  үшін  сӛкпейді,  қайта  бұл 

олардың таңдау құқығы және рейтинг баллы – жетістіктерінің айнасы  екенін атап ӛтеді. 

Студенттер үшін 25 тапсырманың бірі мынадай болуы да мүмкін: «Белгілі критерилердің 

негізінде  портфолионы  бағалауға  ӛз  әдісіңізді  ұсыныңыз».  Бұл  тапсырманы  орындауда 

студенттердің  жоғары  дәрежедегі  ойлау  және  рефелекістік  қабілетінің  дамығандығын 

дәлелдейтін болғандықтан ӛте жоғары баллмен бағаланады.  

Портфолионы  оқытушысы  тексергеннен  кейін  оған  презентация  жасауға  және  кӛпшілік 

алдында  қорғауды  ұйымдастыруға  болады.  Студенттер  топ  немесе  курс  алдында  ӛз  жұмысын 



32 

 

мазмұндайды,  ал  қалған  студенттер  сұрақ  қойып,  талқылайды,  презентация  жасалған 



портфолионы  ӛз критерилері бойынша бағалайды. (Калмыкова И.Р.)  

Осылайша  портфолио  студенттердің  білім  алудағы  нәтижесін  ӛзін-ӛзі  бағалаудың 

заманауи  тиімді  формасы  болып  табылады,  ал  студенттің  портфолио  бойынша  жұмысы  қағаз 

жүзіндегі  материалдардың  жиынтығы  болып  қалмайды.    Ш.О.Загамаева  мен  С.И.Заир-Бектің 

айтуы бойынша портфолио ӛзінің жетілуін дұрыс жоспарлауды үйретеді, жиналған ақпаратты 

талдауға, яғни ӛзін-ӛзі жетілдіруге және ӛз бетімен білім алу біліктілігін дамытады. 



Портфолио тағы да мыналарға әсер етеді:  

-

 



білім алудағы жетістіктерді уәждейді

-

 



іскер конкурсн болуға  үйретеді;  

-

 



кәсіби біліктілікті дамыту үшін ӛз бетімен білім алуды іске асырылады;  

-

 



ӛзінің кәсіби біліктілік дәрежесін әділ бағалауға дағдыландырады; 

-

 



болашақ маманның конкуренттік қабілеттілігін жоғарлатады.  

 

2.2. ІІ кезеңде  біліктілікті бағалау әдістері:  



(Муляж арқылы оқыту) 

   


Науқастармен қарым-қатынассыз білім алу медицинада мүмкін емес. Бірақ науқастардың 

қауіпсіздігі  мен  сәттілігі  этикалық  мәселе  болып  табылады.  Муляждар  мен  симмуляторларды 

қолдану  білімдерін  жетілдіруді,  дағдыландыруды,  сонымен  қатар  науқастарды  артық 

тәуекелділіктен  сақтайды,  яғни  жоғарыда  айтылған  мәселені  шешуге  кӛмектеседі.  Муляждар 

күрделі клиникалық ортаны шынайы жасауды қамтамасыз етеді, шынайы науқастармен  қарым-

қатынаста мүмкін емес әр түрлі клиникалық жағдайларды келтіруге кӛмектеседі.  

Симуляторлар  студенттерге  киникалық  тәжірибеде  науқастарға  техниканы  немесе  іс-

шараларды қолдану қауіпсіздігі мен қажетті біліктілік дәрежесіне жетуге кӛмектеседі.  

Симуляторлар  мен  муляждарды  тиімді  қолдану  үшін,  BEME  (Dect  Evldence  Medicol 

Education) арнай басшылық құруда.  

Б.Айзенберг симуляцияны қолданып, тиімді оқытудың 10 сипаттамасын жасады:  

1.

 



жарамдылық 

2.

 



нақты мақсат 

3.

 



жеке оқыту 

4.

 



реттелетін жағдай 

5.

 



түрлі клиникалық жағдай 

6.

 



кӛптеген педагогикалық әдістер 

7.

 



диапазон қиындықтары  

8.

 



бағдарламаға енгізу 

9.

 



қайталау және жаттығу 

10.


 

кері байланыс 

Студенттерге  тәжірибелік  дағдыларды  үйретуде  клиникалық  біліктілік  деңгейі  мен 

дағдыларды  орындаудағы  шеберлік  деңгейін  бағалау  үшін  әрдайым  кері  байланысты  қажет 

етеді.  

Симуляцияны талқылауды құруда АҚШ-та GAS әдісі қолданылады.  



Gather (жинау) – ӛз кӛзқарасы тұрғысынан талдау-жасалғандардан оң сәттерді бӛлу және 

есепті түсіну.  



Analize (сараптау) – жеке кӛз қараспен нақты істердің есептеріне сараптама жасау.

 

Summarize  (түйіндеу)  –  дағдыны  жақсарту  үшін  нені  ӛзгерту  керектігі  жӛнінде 

қорытынды  жасау.  Сонымен  студенттердің  білімін  бағалау  әдісінің  бірі  және  тәжірибелік 

дағдыларды қалыптастыру муляждар мен симуляцияларды қолдану болып табылады. 

 

Қазақстан  Республикасы  бойынша  барлық  медициналық  ЖОО-да  клиникалық  оқу 



орталықтары  құрылып,  дамуда.  Клиникалық  оқу  орталықтары  клиникалық  үйрену  үшін  білім 

алу  орнын  қамтамасыз  етуге  кӛмектеседі,  кіріктірілген  оқытуды  жүргізеді  және  әртүрлі  оқу 

жабдықтары,  манекендерді,  моделдерді,  муляждарды,  виртуалды  моделдерді,  интербелсенді 

оқыту бағдарламаларын, аудио-видио материалдарды қолана отырып клиникалық  дағдыларды 

үйретеді, студенттердің клиникалық дағдыларын бағалайды, студенттердің ӛзбетінше мақсатты 


33 

 

мілім  алу  дағдысын  қалыптастырады,  студенттердің  клиникалық  білім  алу  салалық 



мониторингін  жүргізеді,  клиникалық  жағдайды  және  студенттің  науқаспен  қарым-қатынас 

жағдайын  қалыптастырады.  Барлық  студенттерге  бірдей  деңгейдегі    клиникалық 

тапсырмаларды бірнеше рет қайталау мүмкіндіктерін қамтамасыз ете отырып, оқыту жағдайын 

стандарттайды,  науқасқа  зиян  келтірмейтін  қауіпсіз  ортада  клиникалық  дағдылануды  және 

оқуды жүргізеді. 

Муляжға  жасалған  практикалық  іс-шаралардың  дағдысын  қалыптастырып  студент 

біліктілігін  шынайы  немесе  ойдан  шығарылған  (стандартталған)  науқастарға  қалыптастыруды 

жалғастыруы қажет.  

 

2.3. ІІІ кезеңде біліктілікті бағалау әдісі  

(Стандартталған науқастар әдісі мен ауруларды курациялау) 

 

Шынайы  науқастардың  курациясы  оқыту  формасының  және  практикалық  дағдыларды 

бағалаудың ең жақсы түрі болып саналады, және бұл негізінен Қазақстандағы, сондай-ақ ТМД 

елдерінің  медициналық  ЖОО-да  қолданылады.  Оның  басты  қасиеті  түлектің  нағыз  дәрігерлік 

тәжірибеге аса жақын келеді.  

Стандартталған науқас әдістері  

Әлемдік  ЖОО-дарының  жүйесінде  түлектер  мен  студенттердің  тәжірибелік  білімдерін 

бағалау  үшін  стандартталған  науқастар  әдісін  кеңінен  қолданады.  Бұл  студенттерді  оқыту  

әдістері ситуациялық тапсырмаларды науқас актерлердің қатысуымен ойын түрнде жүргізіеді. 

Ол  науқастармен  дұрыс  жұмыс  істеу  дағдасын  қалыптастыру  үшін  де,  тәжірибелік  дағдысын 

бақылау  үшін  де  қолданылады.  Қазақстанда,  ТМД  елдеріндегідей,  бұл  оқыту  әдісі  алғашқы 

қадамдарын жасауда.  

Бұл әдісті қолдануда студент стандартталған науқасты физикалық  қарауы мен анамнезді 

шындыққа жақын жағдайда қабылдайды: оқу боксының жабдықталуы бұл әдісте нағыз палатаға  

ұқсайды.   

Видео  жазудың  жүргізілетіні  туралы  алдын  ала  актерлер  де,  кураторлар  да  ескертіледі. 

Барлық  аудио  және  видиоақпараттар  арнайы  бӛлмеде  «опетатор»  бӛлмесіне  түседі,  мұнда 

жазатын техника мен мониторлар болады, олар бокста болып жатқанды қадағалауға мүмкіндік  

береді.  Талап  бойынша  бұны  студенттер  қатарындағы  «эксперт»  ,арнайы  шақырылған  маман 

немесе экзаменатор жасайды.  

Сӛйтіп,  науқаспен  жалғыз  қалған  студент  керемет  бақылауда  болады:  оның  іс-әрекетін 

оқытушы,  науқас  немесе  «эксперт»  бағалайды.  Дәрігердің  клиникалық  жұмысының  негізгі 

параметрі  бойынша  куратор  жұмысын  бағалайтын  арнайы  тестер  құрылды:  анамнезді 

жинаудың реті мен толықтығы, объективті қарау, науқаспен деонтологиялық аспектідегі қарым 

қатынас.   

Сарапшының қызметі бақылауда болады, оқытушы ӛзінің мониторы арқылы бӛлмелерде 

не  болып  жатқанын  оқтын-оқтын  қарап  отыруына  және  ӛз  бағаларының  нәтижелерін 

сарапшының  бағасымен  салыстыруға  мүмкіндігі  бар.  Бейнежазба  даулы    жағдай  туғанда 

комиссияның  бейнетаспаға  қарауына  және  қателерді  талқылауына  кӛмектеседі.  Бейнежазбада 

сарапшының студенттің жұмысының сапасы туралы пікірі кӛрініс табады. 

Ойын кезеңі соңында актер кураторының анамнезі жиынтығы және науқасты объективті 

қарауды  қамтитын  бақылау  парағын  таптырады.  Бұл  парақта  студент  жұмысының  сапасы 

жайында  ой  жазылады.  Берілген  уақыт  ішінде  керекті  мәліметтерді  жинап,  науқасты  

объективті  қарауды  аяқтап,  куратор  келесі  кезеңге  ӛтеді.  Оның  мәні  науқастың  ауруына  

байланысты  диагноз  қою,  науқасты  емдеу  іс-шараларын  жоспарлау.  Бұл  кезеңде  студент 

барлық  керекті  ақпаратты  алуға  мүмкіндігі  бар.  Куратор    ӛз  бетімен  оның  ойларын  сенімді 

керекті мәліметтерге сұрау жасау мүмкін. Кезеңнің қорытынды жұмысы клиникалық жағдайды 

қорғау. 

Оның мәні  оқытушы мен жеке араласу кезінде студенттің барлық  кезеңдегі  жұмысының 

бағалануы.  Студент  қойылған  клиникалық  диагнозға  науқастың  емдеу  бағдарламасына 

жүгінеді.  Оқытушы  актердың,  сарапшының  қортындысының  кӛмегімен  куратор  жұмысын 

бағалайды. 


34 

 

Сол  әңгімелесудің  қортындысы бойынша үйренуші қортынды рейтингімен балл алады. 



Осыған  байланысты  науқастардың  стандартталған  әдісі  студенттердің  білімін  бағалау  әдісінің 

тиімді  түрі  болып есептеледі. Бұл  әдісті кеңінен қолданылуы қажет,  ойткені  ол студенттердің 

коммуникативті  қабілетін,  дағдысын,    жұмысқа  деген  құқықтық  бағытын  бағалауда 

кӛмектеседі.  



 

2.4.    IV кезеңде (этапта) қҧзыреттілікті бағалау әдісі 

 (жағдайды модельдеу) 

 

Л.М. Наумовтың  пікірі  бойынша дәрігерді дайындау үш кезеңде шешіледі: клиникалық 

ойлаудың  қалыптасуы,  соның  негізінде  дәрігерлік  іс-әрекетті  игеру  қалыптасады,  содан  кейін 

осы  алғашқы  екі  кезеңнің    негізінде  кәсіби  дағдыларды  автоматты  түрде  жүзеге  асыру  

қалыптасады.  Дәрігерлік  қызметтің  модельдік  әдісі  студенттің  кәсіби  дағдылары  мен  білікті 

дағдылары  қалыптасады.  Л.Б.Наумов  дәрігерлік  қызметтің  модельдік  әдісінде  кәсіби 

тапсырмалар,  жағдайлық  мәселелер  мен    ойындарды  дәрігерлік  шеберлікке  жеткізетінін  үш 

жоғары кезеңде анықтады. 

Жағдайларды  модельдеу  үрдісі  дағдыларға  үйрету  кезінде  ӛте  тиімді.  Дәрігер-

оқытушының  мақсаты  студенттерге  сай      рольдік  модельде  ғана  емес,  сол  рольдік  модельде 

қабылданатындай  болуы  қажет.  Болашақ  дәрігерлер  жоғары  тәжірибелі  науқастармен  тиімді 

жұмыс  атқаратын  топ  мүшелерімен  сапалы  медициналық  кӛмек  кӛрсете  алатын  мықты  және 

болашағы  бар  салада  жұмыс  істейтін  заманауи  маман  ретінде  болуы  керек.  Жағдайды 

модельдеу студенттердің білім алуын түсіну үшін қажет. Ӛйткені бұл  терең білім алу үрдісіне 

жағдай  жасайтын  тәжірибелік  оқу  циклы.  Оқытудың  бұл  түрі  дәрігерлерді  кәсіби  даярлауда 

басты  элемент  болуы  қажет  және  бұл  үрдіс  дәрігерлерді    бүкіл  ӛмірі  барысында,  жалпы 

тәжірибеде белсенді үйретуді кӛздейді. Үйренушілер бұл цикл барысында ойлаулармен ілесетін 

жана  тәжірибе  үйреніп,  әр  түрлі  жауапты  реакцияларды  қолдануды  үйренеді.  Әрі  қарай 

үйренушілер  алған  жаңа  ойларын  қалыптастыра    алуы  оларды  нақты  және  логикалық 

түсіндірмелерге  айналдырып,  бұл  түсініктерді  жаңа  жағдайларда  қолдануды  үйреніп,  циклді 

аяқтайды. Бұл цикл суретте кӛрсетілген.  

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет. Жағдайды модельдеу арқылы тәжірибелік оқыту циклы. 

 

Жағдайды  модельдеу  әдісін  қолдана  алу  оқытушы  студентке  керекті  мағлұмат  беруде, 

дағдылар мен білімін терең қалыптастыруда кӛмектеседі (толықтыру керек)   

 

2.5. V кезеңде қҧзыреттілікті бағалау әдісі 

 (Шынайы қҧрылымдалған клиникалық  емтихан) 

 

ШҚКЕ  –  емтиханның  жаңа  түрі,  шетелдердің  медициналық  білім  беру  жұйесінде 

клиникалық дағдыларды бағалауда  кеңінен қолданылады (қайта аудару керек). 

нақты тәжірибе 

ойлануға ұласқан 

бақылаулар 

белсенді тәжірибе 

ӛткізу 


абстрактілі 

концептуалдау 



35 

 

Стандартталған  емтиханның  негізін  қалаушылары  Барраус  және  Абраамсон  (1964  ж 



АҚШ),  стандартты  емтиханның  жетілдірген  түрі  –  НЖКЕ-ні  медициналық  орындарда 

студенттердің белсенділігін бағалауда  қолдануды ұсынған.  



Дизайн 

ШҚКЕ – қысқа (әдетте 5-10 минуттан, кейде 15 минуттан тұрады) кезеңдер шеңбері. Әр 

кезеңде  үміткер  студентті  бетпе-бет  бір  не  екі  емтихан  қабылдаушы  болмаса,  шынайы  және 

ойдан шығарылған (актер) науқастар емтиханнан ӛткізеді. Әр  кезеңде студентті жаңа емтихан 

қабылдаушы  қабылдайды,  дәстүрлі  клиникалық  емтихан    әдістемесінде  үміткерге  барлық 

кезеңде бір емтихан  қабылдаушы тағайындалады. Үміткерлер кезең бойынша шеңберден ӛтіп,  

бастапқы    базаға  келеді.  Барлық  үміткерлер  бірдей    кезеңнен  ӛтеді.  Бұл  дәстүрлі  әдісті 

жетілдіруге  кӛмектеседі,  ӛйткені  кезеңдер  стандартталған,  бұл  үміткерлерді  шынайы  бағалау 

және  оларды  бір  –  бірімен  салыстыруға,  сонымен  қатар  шынайы  науқастар  мен  медициналық 

іс-шараларды қауіпсіз ӛткізуге  нұсқау болады. (Ross M., Carroll G., Knight J., Chamberlain M., 

Fothergill-Bourbonnais F., and Linton J., 1988). 

Аталуына  сай ШҚКЕ  - тӛмендегідей болуы тиіс: 

 

Шынайы – барлық үміткерлер бірдей кезеңді қолдану арқылы бірдей (ШҚКЕ-де ақты 

науқастар  пайланатылатынан  және  олардың  мәліметтерінің  бір-бірінен  кӛп  айырмашылығы 

болмайтынына  қарамастан)  жүйеде  бағаланады.  Әр  кезеңде  үміткерлер  жүйеге  сай  балл 

жинайды.  Бұл  бағаланулар  үміткерлердің  тапсырманы  дұрыс  орындағанын  клиникалық 

дағдыларды  бағалауды  нақтылағандығын  кӛрсетеді.  Бағаны  бір  немесе  екі  емтихан 

қабылдаушы қояды. 

 

Қҧрылымды  –  ШҚКЕ-нің  әр  кезеңі  ерекше  тапсырмалардан  тұрады.  Ойдан 

шығарылған  науқастар  (актер)  сценариді  жақсылап  жаттап  алады,  ӛйткені  олардың 

үміткерлерге беретін мағлұматы бірдей болуы тиіс. Қойылған тапсырмаларға нақты жауап беру 

үшін нұсқаулар толық жасалады. НЖКЕ толық қаралады және оқу бағдарламаларының барлық 

бӛлімдерін, тәжірибелік дағдылардың кӛп бӛлігін қамтиды.  

 

Клиникалық емтихан – ШҚКЕ тәжірибелік дағдылар мен теориялық білімді тексеру 

үшін жасалады. Теориялық білімді (кезең соңында сұрақтарға жауап беру) тексеру, әр үміткер 

үшін  сұрақ  стандартты  болып,  үміткер  тапсырмадағы  нақты  сұрақтар  тізбегіне  жауап  берген 

кезде ӛткізіледі.  

         ШҚКЕ-ні әдістемелеу 

ШҚКЕ-ні  емтихан  қабылдаушылар  жасайды.  Кейде  бұл  жазбаша  кезең  (мысалы,  дәрі 

жазып  беру  ережесі)  бұл  кезде  тапсырмалардың  стандартталған  парағы  қолданылады.  ШҚКЕ 

нақтылығын артыру жолдарының бірі – үміткерлерге арналған стандартты сұрақтар парағы мен 

бағалардың толық жазбасын жасау. Емтихан қабылдаушылар, үміткер кезеңді қалай ӛткендігіне 

байланысты  кезең  бағасын  ӛзгерте  алады.  Бағалар  тізімінің  соңында  емтихан  қабылдаушылар 

ескертпелер береді. Кезең соңында емтихан қабылдаушылар  қорытынды бағасын айтады. Бұл 

баға  үміткердің  әр  кезеңде  жиналған  балына  байланысты  емес,  кезең  нәтижелері  бойынша 

түзілген  субъективті  баға.  Емтихан  қабылдаушылар  студентті  тӛменгі  критерийлер  бойынша 

бағалайды: тапсырды/орташа нәтиже тапсыра алмады. тағы мынадай шкала қолдануға болады: 

үздік/жақсы/қанағаттанарлық  тапсыра алмады.  

Әр  кезеңнен  ӛткенде  белгілі  балл  беріледі.  Барлық  кезеңдердегі  балдардың  жиынтығы 

ШҚКЕ-нің  жалпы  бағасын  құрайды.  Бір  кезеңнен  екінші  кезеңге  ӛту  үшін,  белгілі  бір  балл 

жинау  керек.  Бір  кезеңде  балл  мӛлшері  қанағаттандаралықсыз  болса,  оны  басқа  кезеңнің 

балдары толықтырады. 

ШҚКЕ  ерекшеліктерімен  қатар  кемшіліктерге  де  ие.  Сыншылар  НЖКЕ-нің  кезеңдері 

стандартталған  және  жазбаша  емтихан  сияқты  шынайы  болуы  мүмкін  емес  дейді.  Әрбір 

науқастың  актердің    үміткерге  деген  ӛз  баға  критерийі  болатыны  ашық.  Одан  бӛлек  емтихан 

қабылдаушы  ретінде  студенттерге  таныс  Университет  қызыметкерлері  болады.  Мұндай 

таныстық    әділ  бағалау  принципінің  бұзылуын  білдіреді.  Бірақта  НЖКЕ-де  бірнеше 

кезеңдерден  қолдану  НЖКЕ-нің    керемет  клиникалық  емтихан  екенін  дәлелдейді.  (сӛйлемдер 

қалып қойған) 



 

 

36 

 

3-ші тарау.  ҚазҦМУ студенттерінің қҧзырлылығын бағалау ҧстанымдары 



 

1. Құзыретті оқыту моделінің біртұтастығын бағалау ұстанымы 

 

Бұл принцип кейбір пәндердің білім жиынтығын, дағдыларды ғана емес, кәсіби құзырлы 

деңгейін  игеру,  бағалауды  анықтайды.  Себебі,  құзырлы    оқудың  нәтижесі  негізгі  болып 

саналады. (толық емес) 

ҚазҰМУ-ді  бітірушілерінің  модельдері  5  компоненттен  тұрады.  (когнитивті, 

операцианалды,  коммуникативтік,  құқықтық  және  үздіксіз  білім  беру  құзырылығы).  Бітіруші 

маман  моделі  құзыреттіліктің  оқу  курсы  бойынша  болып,  дайындықтық  әр  бағытында 

қарастырады.  Студенттердің  кәсіби  дайындығын  бағалайтын  критерийлер  құзыреттіліктің 

бӛлінуі болып табылады. (толық емес) 

Бағалауды қажет ететін оқу қорытындысы ретіндегі құзыреттілік моделінің ықшамдалған 

графикалық үлгісі 4 суретте берілген. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

4 Сурет. Құзыреттілікті қалыптастырудың ұстанымдық үлгісі 

 

Суреттегі  кӛрсетулерде,  білім  сол  құзыреттіліктардың  қалыптасу  базасы  болып 



есептеледі, сондықтан олар пирамиданың негізінде орналасқан (кӛрсетілді). Ары қарай арнайы 

білімдерді  қалыптастыру  керек.  Базалық  және  арнайы  білімдердің  жиынтығынан  тәжірибелік 

дағдылар  қалыптасады  (жоғары  кӛрсеткіштерде)  пирамиданың  жоғарғы  сатысында; 

құзыреттіліктың ең жоғарғы формасы – дағдыларды игеру болып кӛрсетіледі. 

Медицина университетінің студенттеріне оқу циклының барлық кезеңдеріне осы моделді 

қолдануға  болады.  Соған  байланысты  студенттердің  құзырлы  қалыптасуның  модельдері 

кезеңдік құрылымға ие, олар қалыптасу мен бағалаудың бірізділігін болжайды. (21 бетті қарау). 

 

2.  Студенттер құзырлығының қалыптасуы мен оны бағалаудағы жалғасушылық  және 



пәнаралық ұстанымдары 

 

  Жалғасушылық 

принциптері 

студенттердің 

құзырлығын 

жетілдіретін 

және 

толықтыратын түрлі оқу курстарының кешенді, жүйелі пәндердің кӛмегі арқылы қалыптасуын 



білдіреді.  Бұл  принцип  кредиттік  технологиялық  оқу  бойынша  пререквизитте,  постреквизитте 

жазылған. яғни, тыңдалған пәндерді алдын ала және кейіннен үйренулеріне болады.  

Пәнаралық принцип пән мақсатын, оқу нәтижесімен іздену әдістерінің бір пәннен келесі 

пәнге  ауысуын  білдіреді.  Бұл  ауысулар  әр  түрлі  пәндерде  оқытылатын  пән  бӛлімдерінің 

ұқсастықтарын кӛрсетеді.  

Пәнаралық  тәсіл  оқу  үрдісі  барысында    білімнің  бӛлек  бӛлімдерін  үйрену  ғана  емес,  ӛз 

бетімен олардың арасындағы қиын байланыстарды анықтауға кӛмектеседі. Жалғастырушылық, 

үздіксізділік,  пәнаралық,  кешенділік  және  сатылылық  кәсіби  құзыреттіліктің  қалыптасуын 

дағдыларды 

игеру 


ууигеруиге

ру 


дағдылар

 

арнайы 



білім 

 

базалық 



білім 

37 

 

қамтамасыз  етеді  (бұл  принцип  білім  беру  бағдарламаларын  дайындауда  негізгі  болып 



табылады 2 бӛлім).   

 

 



3. Білімді  бағалау,  өзін – өзі дамыту құзыреттілігінің  қалыптасу принципі 

 

  Студенттердің  кәсіби  құзыреттілігін  бағалау  үшін  кӛптеген  сәйкес  келетін  әдістер  мен 

бағалау  тәсілдерін  қолдану  қажет.  (студенттердің  жұмысын  кұнделікті  қадағалау,  ауызша 

сұрақтар,  сабақтағы  балдарын  қою,  ұй  жұмысын  тексеру.  т.  б).  Тӛмендегі  курстарда 

қалыптасатын    когнитивті  қузыреттілікке  бағыттанған  дәстүрлі  оқыту,  бағалау  әдісін  қолдану 

керек. 


Ары қарай студенттердің алған құзыреттіліктері қиындай түседі, курсы жоғарлаған сайын  

комvуникативті,  операцианалды,  қуқықтық  қузырлықтарының  қалыптасуына    кӛбірек  назар 

аударылады.Оқудың  соңында  жеке  жұмыс  сағаттары  кӛбейіп,  студент  кӛптеген  ақпараттарды 

ӛз бетінен тауып, талдайды. Бұл студенттің ӛзін-ӛзі дамыту құзырлығының  қалыптасуына әсер 

етеді. 

Құзыреттілікті  қалыптастыратын  мұндай  қиындықтар  әр  пәнге  міндетті  болып 



есептелмейд»,  ӛйткені,  жалпы  үдерісті  кӛрсеткенімен  жоғарыда  айтылғандай,  олар  ӛзіне  сай 

ерекшеліктерге ие. 

Құзыреттілікті бағалайтын негізі тәсілдер тӛменде  кӛрсетілген: 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

5 сурет. Қҧзыреттілікті бағалайтын негізгі тәсілдер 

 

5  -  суретте  кӛрсетілгендей  білімді  бағалауды  кӛбіне  тестілеу  және  ауызша  бағалау,    яғни 



дәстүрлі  әдістер  болса,  ал  дағдыларды  бағалау  интерактивті  деңгейдегі  қиын тәсілдерді  талап 

етеді. Құзыреттілікті бағалаудың нақты тәсілдері 6,7 суретте кӛрсетілген:   

 

 

 



 

 

 



 

 

 



бақылау жұмыстары 

 

эсссе 



 

тәжірибелік сабақ 

 

ауызша жауап 



 

жағдайларды  

моделдеу 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет