С. Ж. Асфендияров атындағЫ


Манн-Уитнидің U- критерийі



бет9/58
Дата04.04.2023
өлшемі1,07 Mb.
#78933
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   58
Байланысты:
УМКД БС ОМ каз 2012-13

Манн-Уитнидің U- критерийі.
Критерий екі таңдама арасындағы айырмашылықты қандай-да бір сандық өлшенген белгінің деңгейі бойынша бағалау үшін арналған, және ең бастысы, Манна-Уитни критерийі таңдамаларды варианталарының таралуы қалыпты болмаған жағдайда бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге ол көлемдері аз таңдамалар немесе арасындағы айырмашылықты айқындауға мүмкіндік береді.
Бұл әдіс екі таңдама арасындағы мәндердің қаншалықты әлсіз қиылысатын (беттесетінін) анықтайды.
Қиылысатын мәндер неғұрлым аз болса, айырмашылықтың шынайлық ықтималдығы соғұрлым көп.
Uтәж неғұрлым аз болса, айырмашылықтың бар болу ықтималдығы соғұрлым көп.
U Манн-Уитни критерийін есептеу схемасы:
1. Кесте құру, оның бір бағанында салыстырылатын топтың біреуі, ал екінші бағанында – екіншісі болады.
2. Екі бағандағыда варианталардың мәндерін ранжирлеу.
(Ескерту: ранг бергенде үлкен бір таңдамамен жұмыс істегендей болу керек).
Барлық рангтердің саны екі бағандағы варианталар санына тең болады .
3. Бірінші және екінші бағандар үшін бөлек рангтер қосындысын есептеу. Рангтердің жалпы қосындысы есептелген рангтер сәйкес келетіні, келмейтінгі тексеру.
4. Екі рангілік қосындылардың үлкенін анықтау.
5. U мәнін формула бойынша табу: .
Мұндағы - 1 таңдамадағы варианталар саны;
- 2 таңдамадағы варианталар саны;
- екі рангтік қосындылардың үлкені;
- рангілердің қосындысы үлкен топтағы варианталар саны.
6. Кесте бойынша U сыни нүктелерін анықтау.
Егер , онда қабылданады.
Егер , онда жоққа шығарылады.
Тәуелді таңдамалар (жұп байланысқан таңдамалар) үшін Уилкоксон Т-критерийі қолданылады. Дейінгі және кейінгі мәндердің жұп айырмашылықтары есептелінеді. Жұп айырмашылықтар таңбасы алынбай бір қатарға ранжирленеді (ең кіші абсолютті айырма (таңба қарастырылмайды) бірінші ранг алады, бірдей мәндерге бір ранг беріледі). Жеке түрде оң (Т+) және теріс (Т-) айырмашылықтардың рангілерінің суммасын есептейді. Осындай екі сумманың таңбасына қарамай кішісін критерий статистикасы ретінде алады.
Егер берілген мәнділік деңгейінде есептелген Т мәні критикалық мәннен үлкен болса (жұп бақылаулар санын алып тасталған нольдік айырмалар санын азайтады), онда нөлдік болжам қабылданады, яғни «дейінгі» «кейінгіге» қарағанда өзгерген жоқ.
Осылайша, нольдік болжам дұрыс болса, Т+ және Т- статистикалары жуықтап алғанда тең, T-статистикалардың салыстырмалы аз немесе көп мәндері айырмалар бары туралы нөлдік болжамды қабылдамауға мәжбүрлейді.
Хи-квадрат сәйкестік критерийі
критерийі тәжірибелік және теориялық таралулардағы белгінің әртүрлі мәндері бірдей жиілікпен кездесе ме деген сұраққа жауап береді. (тәжірибелік таралу мен теориялық таралу сәйкес келе ме, : екі таралудың арсында айырмашылық жоқ).
Әдістің артықшылығы сонда: «атау» шкаласынан бастап ол кез келген шкалада, берілген белгілердің таралуларын салыстыруға мүмкіндік береді.
-тәжірибелік нәтижесінде алынған деректер мен теориялық модельдің сәйкестік өлшемі.
есептеу үшін келесі формула қолданылады:
.
О – бақыланған белгілердің жиілігі, Е – теориялық жиілік (күтілетін сан).

Критерийге қойылатын шектеулер (қолданылу аясы).



  1. Таңдама көлемі жеткілікті үлкен болуы керек: . болғанда критерийі өте жуық мән береді.

  2. Теориялық жиілік кестенің әрбір ұяшығы үшін 5 тен кем болмау керек. к – класстар саны.

  3. Бар болғаны 2 мәнді қабылдайтын белгілердің таралуларын салыстырғанда міндетті түрде Йейтс түзетуін енгізу қажет.

;


критерийін қолдану реті.

  • Бақылау нәтижесінде алынған деректер бойынша орайластық кестесін құру.

  • Әрбір қатардағы және әрбір бағандағы нысандар санын есептеу және бұл шамалар нысандардың жалпы санының қандай үлесін құрайтынын табу.

  • Нүктеден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен күтілетін сандарды – қатарлар мен бағандар арасында байланыс болмаған жағдайдағы әрбір торкөзге түсетін нысандар санын есептеу.

  • Бақыланғанжәне күтілетін мәндердің айырмашылығын сипаттайтын шамасын табу. Егер орайластық кестесінің өлшемі 2х2 болса, Йейтс түзетуін қолдану.

  • Еркіндік дәрежесінің санын есептеу, мәнділік деңгейін таңдау және кестеден сыни нүктесін табу. Оны кесте бойынша алынған мәнмен салыстыру.

Егер сыни мәннен кіші болса, онда таралулар расындағы айырмашылық статистикалық ақиқат емес.
Егер сыни мәнге тең немесе одан үлкен болса, тараулар арасындағы айырмашылық статистикалық ақиқат.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет