С. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет10/58
Дата04.04.2023
өлшемі1,07 Mb.
#78933
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58
Байланысты:
УМКД БС ОМ каз 2012-13

Иллюстрациялық материал:
«БС2 - Дәріс» Power Point презентациясы.


Әдебиет:

  1. Медик В.А.,Токмачев М.С.,Фишман Б.Б.Статистика в медицине и биологии. М.: Медицина, 2000.

  2. Лукьянова Е.А. Медицинская статистика.- М.: Изд. РУДН, 2002.

  3. Рокицкий П.Ф. Биологическая статистика.- Высшая школа, 1973.

  4. И.В. Павлушков и др. Основы высшей математики и математической статистики. (учебник для медицинских и фармацевтических вузов) М., «ГЭОТАР - МЕД»; 2008



Бақылау сұрақтары:

  1. Жорамалдарды статистикалық тексеру теориясының міндеттерін атаныз.

  2. Жорамалдарды тексеру әдістемесі қалай жүзеге асады?

  3. Параметрлік критерийлер мен олардың қолданылу жағдайларын атаңыз.

  4. Параметрлік емес критерийлер үшін жорамалдарды ұйғарыңыз

  5. Ранжирлеу қалай жүзеге асырылады?

  6. Келісім критерийлері мен олардың қолданылу жағдайларын атаңыз



Дәріс БС -3
Тақырып: Өміршеңдікті талдау.


Мақсаты: Цензурирленген және цензурирленбеген деректер, цензурирленген деректердің пайда болу типтерін түсініктерін қалыптастыру. Өміршеңдікті зерттеуге қойылатын талаптарды қолдана білу білімдерін қалыптастыру қалыптастыру.


Дәріс сұрақтары:
1. Цензуирирленген деректер.
2. Өміршеңдік функциясы. Өміршеңдік қисығы.
3. Өмір уақытының кестесі.
4. Екі өміршеңдік қисықтарын салыстыру.


Дәріс тезисі:

  1. Бұл дәрісте қарастырылатын статистикалық әдістер ең алғаш медициналық, биологиялық зерттеулерде қарастырылған, кейін әлеуметтік және экономикалық ғылымдарда кеңінен қолданыла бастады.

Айталық, қандай-да бір аурудың критикалық кезеңінде қолданылатын жаңа емдеу тәсілінің тиімділігі зерттелсін(мысалы, жазылмайтын ауруларды жаңа әдіспен емдеу). Мұндағы ең маңызды айнымалы пациенттердің клиникаға түскен мезетінен бастап өмір ұзақтығы болып саналады. Жалпы алғанда,өмір уақытының орта мәнін сипаттау және жаңа емдеу тәсілін ескі емдеу тәсілімен салыстыру үшін стандартты параметрлік және параметрлік емес әдістерді қолданса да болар еді. Алайда, талданылып отырған деректерде маңызды ерекшеліктер бар, ол таңдаманы қалай құрғанға байланысты.
Зерттеу жұмысы аяқталған кезде бақылаудың барлық кезеңінде «тірі» қалған пациенттер, сонымен бірге зерттеу жұмысының аяғына дейін байланыс үзіліп қалған пациенттер (мысалы, оларды басқа клиникаға ауыстырған) болуы мүмкін. Мұндай жағдайда зерттеу жұмысын толық емес деректермен жүргізуге тура келеді.
Толық емес деректерден тұратын бақылауды цензурирленген бақылау деп атайды. Цензурирленген деректерді қолдану қарастырылып отырған әдістің ерекшелігін сипаттайды (цензурирлеу термині алғаш рет 1949ж. қолданылды).




  1. Бақыланатын шама қандай-да бір критикалық оқиғаның пайда болғанына дейінгі уақытты белгілейтін болса, ал бақылау ұзақтығы уақыт жағынан шектеулі болса, онда цензурирленген бақылау қолданылады.

Өмір уақыты – бұл алдын-ала анықталған қандай-да бір оқиғаның пайда болғанына дейінгі уақыт. Мысалы, мұндай оқиға аурудың дамуы, емге реакция,рецидив (қайталау) немесе өлім болуы мүмкін.
Өміршеңдікті зерттеуге қойылатын талаптар:

  1. Барлық зерттелушілер үшін бақылаудың басталу уақыты белгілі.

  2. Барлық зерттелушілер үшін бақылаудың аяқталу уақыты,сол сияқты оқиғаның басталуы немесе зерттелушінің шығып кетуі белгілі.

  3. Бақыланушылар кездейсоқ таңдалынып алынған.

3. Өміршеңдікті талдау – бұл цензурирленген немесе толық емес деректерге қолданылатын әдіс.
Бұл әдісте өміршеңдік функциясы деген ұғым қолданылады.
АНЫҚТАМА: Өміршеңдік функциясы – бұл нысанның бақылаудың басталған мезетінен бастап t-дан үлкен уақыт өмір сүру ықтималдығы S(t) = P(T>t).
Бұл формуланың орнына S(t) = 1 - P(T –оқиғаның (апаттың) t уақытына дейін пайда болу ықтималдығы.
S(t) функциясының қасиеттері:
1. S(t) = 1 t=0;
2. S(t) = 0 t=∞.
S(t) функциясының графигі өміршеңдік қисығы деп аталады.
Тіктеу график төмен өміршеңдікті , жазыңқы график жоғары өміршеңдікті көрсетеді. Өміршеңдіктің жалпыланған сипаттамасын өміршеңдік медианасы береді.
Өміршеңдік медианасы – бұл өміршеңдік 0,5-тен кіші болатын ең аз уақыт.



4. Таңдамадағы өміршеңдікті сипаттаудың ең тиімді тәсілі өмір уақыты кестесін құру.
Өмір уақыты кестесін құрудың екі тәсілі бар: бірінші – Катлер – Эдерер тәсілі деректердің үлкен жиынтығы үшін,екінші - Каплан – Мейер тәсілі тексерілетіндердің аз саны үщін қолданылады.
Өміршеңдік функциясы үшін сенім аралығы.
Әдетте 95%-тік сенім ықтималдығын табады. Онда α=1-0,95=0,05. Сәйкес zα=1.96.
Графикке сенім шекараларын салып, өміршеңдік үшін «жең» - сенім аймағын табамыз.

Иллюстрациялық материал:


«БС3 - Дәріс» Power Point презентациясы.


Әдебиет:

  1. Медик В.А.,Токмачев М.С.,Фишман Б.Б.Статистика в медицине и биологии. М.:

Медицина, 2000.

  1. Лукьянова Е.А. Медицинская статистика.- М.: Изд. РУДН, 2002.

  2. Рокицкий П.Ф. Биологическая статистика.- Высшая школа, 1973.



Бақылау сұрақтары:

  1. Өміршеңдік деректері нені көрсетеді?

  2. Өміршеңдікті зерттеуге қойылатын талаптар.

  3. Өміршеңдік функциясы деген не?

  4. Бұл функцияның қасиеттерін атаңыз.

Мамандық: Жалпы медицина


Модуль: Медициналық биофизика және биостатистика


Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар


Курс: 3
Пән: Биологиялық статистика

Құрастырған:доцент Аймаханова А.Ш.


аға оқыт. Раманқұлова А.А.
аға оқыт. Исмаилова М.М.

Алматы, 2012 ж.


Модуль отырысында
талқыланды және бекітілді
№ 1 хаттама 31.08.2012 ж.
Модуль жетекшісінің м.а., профессор _________ Нұрмағанбетова М.О.

1 тақырып: Статистикалық қатар және оның сандық сипаттамалары.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет