1. Жасушаның бөлінуін радиоавтография әдісімен зерттеу барлық ұлпалардың жасушалық кешенін үш топқа жиктейді: тұрақты, өсуші және жанарушы.
Сүйек кемігін зерттеу барысында ДНҚ саны еселенген екі жасуша анықталынды. Бөліні барысында түзілген ұлпалардың бірі пролиферациялық, енді бірі жіктелу бағытын алады. Сұрақтар
Сүйек кемігі пролиферациялық белсенділігіне қарай қандай ұлпаларына тобына жатады? Сүйек кемігінде жасушалық циклдің қандай кезеңдерімен қамтылған?
Қан жоғалту кезінде жасуша пролиферациясы қалай өзгереді?
Осы жасушалардың хромосомалық кешендері қандай? Бұл кезеңде хроматиннің тығыздалу деңгейі қандай?
Осы жасушалар қайта митоздық циклға түсе алады ма?
Гомологты хромосомалар жұбы мен ондағы орналасқан аллельді гендерді митоздық цикл кезеңдеріне сай бөліңіздер
А а
В в Адамның сома жасушасының ядросындағы 46 хромосомалардағы барлық ДНҚ молекуласының салмағы 6*10-9 мг жуық. Митоз фазаларындағы ДНҚ молекуласының массасын анықтаңыздар.
Бауырдың резекциясынан кейін бірқатар гепатоциттер көбеюге түсіп мүшенің регенерациясын қамтамасыз етеді. Жеке бір жасушаларда хромосомалар саны еселенуі мүмкін. Адамның бауыр жасушаларын зерттеу барысында екі ядролы жасушалар анықталынды.
Қандай бөлінудің нәтижесінде екі ядро пайда болады?