С. Ж. Асфендияров



бет5/43
Дата21.12.2023
өлшемі1,7 Mb.
#142315
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
63c795cbe6093

Оқытушы міндетті:


-әр студенттің сабаққа шығуын белгілеу. Студенттердің сабаққа қатысуына күнделікті / апта сайын сараптама жүргізу;
-объективті себептермен (нашар байланыс немесе оның болмауы, электр қуатының сөнуі, техниканың істен шығуы және т. б.) студент on-line режимінде сабаққа қатыспаған жағдайда студенттің қосымша ауызша сұрауын қамтамасыз етуге;

  • қашықтықтан оқыту жүргізілетін платформалардың бірінде түсініктеме бере отырып, білім алушының әрбір жұмыс түрін бағалау;

  • білім алушының оқу жетістіктерінің балдарын Сириус электрондық журналына қоюға.



Оқытушылар мен білім алушылар міндетті:


  • қашықтықтан оқыту форматында онлайн-сессия (видеоны трансляциялау) өткізу кезінде визуалды және сөйлеу этикетін сақтауға, атап айтқанда: дресс-кодқа (ұқыпты сыртқы келбетке) қойылатын талаптарды сақтауға, дененің ашық болмауын, әдепсіз, арандатушылық немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзатын бейнелерді, оның ішінде киім мен фонды көрсетуге жол бермеуге, осы курс бойынша білім алушы болып табылмайтын адамдарды трансляцияға қосуға, үй жануарларын көрсетпеуге, сабақтың немесе академиялық сипаттағы басқа іс-шараның қалыпты барысын бұзуы мүмкін кез келген өзге әрекеттерді жасамауға.

  • білім алушы көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда оқытушы немесе академиялық әкімшілік өкілеттіктерге ие кез келген адам білім алушының осы сабаққа/іс-шараға қол жеткізуін тоқтатуы немесе бұғаттауы және сабақты белгілі себептермен қалдырған фактісін тіркеуі тиіс.

  • аталған ережелердің бұзылу сипатына байланысты университет әкімшілігі, оқытушылар мен білім алушылар тәртіп бұзушыны тәртіптік жауапкершілікке тарту мақсатында мектептің/факультеттің тиісті деканатына жүгінуге құқылы.

Оқыту форматы Қашықтықтан оқыту:


dis.kaznmu.kz (Moodle) платформасында

  • контентті (оқу материалы және тапсырмалар) орналастыру

  • оқу нәтижелерін бағалау

-кері байланыс жасау

  • ZOOM, Microsoft Teams платформаларында студенттердің жұмыстарын қабылдау

-семинарлар, ауызша сұрау, дискуссия, т.б. жүргізу.

  • ZOOM, Microsoft Teams платформаларында видеоконференциялар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет