6
Ал, жеңіл атлетика жарыстары алғаш рет Англияда
1865 жылы Лондон атлетика клубы қҧрылды. Бҧның негізінде
тҧңғыш рет жеңіл атлетикадан ел чемпионаты ӛтті.
1880 жылы Англияда Британ империясының шеңберінде
әуесқойлар атлет қауымдастығы негізін қалады. Ал, АҚШ-та 1868
жылы Нью-Йорк қаласында алғашқы атлет клубы ашылды. Сол
жылдары Америкада атлетиканың дамуына ҥлес қосқандардың басым
бӛлігі университет ошақтары болды.
1880-1890 жылы жеңіл атлетика жеке дара спорт тҥрі ретінде
кҥллі Еуропаға кең таралды.
1896 жылы ӛткен олимпиада ойындары жеңіл атлетиканың
дамуына орасан жол ашты. Сол жылы Афинада ӛткен І олимпиада
ойындарына жеңіл атлетиканың 12 тҥрі енгізілді. Додада америкалық
жеңіл атлеттер барлық жҥлдені қанжығаларына байлады. Алайда,
олардың қуанышы ҧзаққа бармады. Ӛйткені, 1952 жылдан бастап
олимпиада ойындарына қатыса бастаған КСРО атлеттері олардың
бірден-бір қарсылары болды.
1996 жылы Атлантада ӛткен олимпиада ойындарында ӛнер
кӛрсеткен атлеттердің саны 2000-ға жетті.
Достарыңызбен бөлісу: