1-оқушы: «Ісім оңсын десеңіз, сол істің маманы болыңыз» дейді ғұлама Әл-Фараби. Жақсы маман болу өзі қалаған мамандығыңды таңдау мен соны меңгеруден басталады.
Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек.
2-оқушы: Ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған.
Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.
3 –оқушы: Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек.
4-оқушы: Мамандық дегенде бұрынғы мен бүгінгіні салыстыруға келмейді. Бұрынғыдай жалпы жұртқа жаттанды санаулы мамандықтың да ғұмыры ұзақ емес. Тіпті, бір кездері табысты болған мамандық бүгінде ұмыт болған. Бұл – уақыт заңдылығы.
Технократтар дәуірінде қандай мамандық сұранысқа ие? Келешектің мамандығы қандай? Бұл – бүгінгі күннің сауалы.
5-оқушы: «Guthrie-Jensen» халықаралық компаниясы 2020 жылға әлем бойынша сұраныстағы мамандықтар тізіміне мәліметтер базасының сарапшысы, медициналық мамандықтар, маркетинг және сауда мамандары, тұтынушылармен жұмыс менеджері, мекемені басқару кеңесшісі, ІТ мамандар, ветеринар, дизайнерлер мен бағдарламашылар, білім саласының мамандары, робототехниктер, биолог-химиктер, аудиторлар мен есепшілерді кіргізген.
6-оқушы: Сұраныстағы мамандықты зерттеушілер цифрландыру заманында әлі де сұранысқа ие болатын 6 саланы атап көрсеткен. Олар: медицина, білім, жылжымайтын мүлік саласының мамандары, құрылыс және өнеркәсіп саласы. Сонымен қатар үй шаруашылығы, оның ішінде үйді сәндеу, отбасылық бюджетті есептеу мамандары да бар.
Сондай-ақ, қонақ үй, мейрамхана, туризм саласы мен ойын-сауық орталықтарында менеджерлер, қызмет көрсету саласында үй күтушісі, көлік жүргізуші, күзетші, рухани тәлімгер, өнер саласының мамандары сұранысқа ие.
7 оқушы: Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өмірдің бір кірпіші болып қалану әрбір жастың негізгі мақсаты болуы керек.
Талаптыға нұр жауар
Үміт оты жанды да.
«Кім болам?» деген бір сауал
Тартылды міне алдыңа
Шешуші шақта, сындарлы,
Көңілді тоқу, арман көп.
Баяндап тарау жолдарды
Жөн сілтеп берсін Бағдарбек
Болу үшін сірә адам,
Отқа да салып сынаған
Еркелікті көтермес,
Өмірдің жолы бұралаң.
Өткеріп аяз - ақпанын
Көрерсің шуақ шақтарын.
Жануы бақтың - өмірден