Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы
Төребай би ауылы
№199 орта мектебінің
музыка пәні мұғалімі
С.Ж.Жалғасбаева
«ЕҢБЕГІМЕН ЕЛ ТАНЫҒАН» тақырыбындағы аудан, ауыл кәсіпкерлерімен кездесу кешінің сценарийі
Кездесу қонақтары: жеке кәсіпкерлер Ешмұратов Бақтияр – «Сұлтан» кафесінің, сауда орталығының иесі, Аманжолова Гүлім Жандарбекқызы –наубайхана иесі, Бөртілеуова Асылым – «Марал» сән салонының шаштаразы, Гүлбану – «Гүлбану» тігін цехының иесі, Қалдашбаев Бүркіт Төлегенұлы –«Дәуіт» шаруа қожалығының агрономы, Ідірісова Шынар Жақсылыққызы «Нұржігіт» сауда үйінің иесі, мамандығы «Өнеркәсіп және азық-түлік тауарларын тану», Жалғасбаев Жақсылық Жалғасбайұлы «Шабан ата» шаруа қожалығының басшысы, Іскендіров Әділбек - Қармақшы аудандық кәсіпкерлік өнеркәсіп және туризм бөлімінің маманы.
Мектеп түлектері –студенттер.
8-10-сынып оқушылары.
Кештің мақсаты: Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт - бағдар беріп, дұрыс жол таңдауына ықпал ету. Еңбек етудің адам өміріндегі орнын сезіндіру. Оқушылардың қоғамдағы өзгерістерге назарын аудара отырып, азаматтық позициясын қалыптастыру.
Кездесу кешінің жоспары
№
Жұмыс бағыттары
Уақыты
1
Қонақтарды қарсы алу
15.00-15.15
2
Психолог минуты (танысу тренингі)
15.15-15.20
3
«Мың мамандық бәрі бар...» оқушылардың әдеби-сазды қойылымы.
15.20-15.30
4
«Мамандықты қалай таңдауға болады?» бейнеролик. Талдау.
15.30-15.35
4
«Сұрақ бізден, жауап сізден» (қонақтармен сұхбат)
15.35-16.10
5
«Ізбасарыма айтарым бар» Студенттермен пікірлесу
16.10-16.25
6
«Ашық микрофон»
16.25-16.35
7
Кері байланыс . Қонақтарға сый.
Кешті қорытындылау.