73
құрылыс материалдарымен сауда жасау кезінде сіз қандай деңгейлі тарату
арнасын пайдалануға кеңес бересіз.
6. Қандай жағдайда өндірушіге өнеркәсіптік мақсаттағы дайын өнімді
тарату арнасының деңгейін қысқарту тиімді болуы мүмкін.
7. Теледидар мен интернет мәліметтері бойынша есірткі құралдарының
айналымы мен заңсыз қару саудасы кезінде пайдаланылатын арналардың
шамамен алғандағы деңгейін анықтаңыз.
8. Жоғары деңгейлі тарату арнасының қатысушылары арасында
функцияларды бөлудің басқа қандай нұсқаларын ұсына аласыз. Қандай
тауарлар түрлері үшін сіздің нұсқаңыз тиімді болады.
9. Тарату арналарын құруға өндірушінің қатысу дәрежесі қандай
факторларға байланысты болады. Қандай жағдайда ол көтерме делдалдармен
байланыс орнатумен шектелуі мүмкін. Қандай жағдайларда өндіруші тарату
арнасының барлық деңгейлерінде делдалдарды іріктеуді басқаруы тиіс.
10.Жоғары
деңгейлі
тарату
арналарын
қолдану
кезінде
тұтынушылардың тілектері мен сұраныстарына жоғары деңгейдегі реакцияны
қамтамасыз ету мүмкін бе. Осы мәселені шешудің қандай нұсқаларын
ұсынасыз.
11. Қазақстан компанияларының дүкендерді, көтерме қоймаларды
орналастыру туралы шешімдерінің қандай мысалдарын келтіре аласыз.
12. Сіз қалай ойлайсыз, тарату орталықтарын орналастыру жүргізілетін
критерийлердің әмбебап тізімін жасау мүмкін бе.
13. Аумақтың саяси және экономикалық тұрақтылығының дәрежесі
тарату орталығын орналастыру туралы шешімге қалай әсер етуі мүмкін.
14. Шешім қабылдаудың қандай эвристикалық әдістерін атауға болады
(басқа экономикалық пәндер мысалында).
15. Ардалан эвристикалық әдісін пайдалану кезінде «орналастырудың
салыстырмалы маңыздылығы» көрсеткішін қалай есептеуді ұсынасыз.
16. Жүйенің гравитация орталығын анықтау кезінде клиенттердің
(немесе елді мекендердің) біздің тауардағы қажеттіліктері қандай әдістердің
көмегімен анықталуы мүмкін.
17. Параграфта аталған критерийлерден басқа жүйені гравитациялау
орталығын анықтау әдісі бойынша тарату орталығын орналастыру туралы
қорытынды шешім қабылдау кезінде тағы қандай критерийлерді пайдалануға
болады.
18. Тарату орталықтарын орналастырудың қарастырылған формальді
әдістерінің пайдасы неде. Бірнеше маңызды факторларға назар аудара отырып,
ешқандай есептеулер жүргізбей шешім қабылдау оңай ма.
19. Сызықты бағдарламалау қандай әдістерін атауға болады. Осы
әдістерді қолдану саласы қандай.
20. «Теріс тасымалдың экономикалық мәні жоқ» деген мәлімдемені
қалай түсінесіз.
Достарыңызбен бөлісу: