75
Көліктік үрдістер өндірістік және саудалық үрдістерге үйлеседі.
Сондықтан көліктік құрамасы логистикалық есептердің жиынына қатысады.
Логистика, бұрын айтылғандай, бұл біртұтас техника, технология, үнемдеу
және жоспарлау өнері. Осыған сәйкес көліктік логистиканың есептеріне
көліктік үрдістің қатысушыларының техникалық және технологиялық
әрекеттесуін
қамтамасыз
етуді,
олардың
экономикалық
қызығушылықтарының келісімділігін, сондай-ақ жоспарлаудың біртұтас
жүйелерін қолдануды жатқызуға болады. Бұл есептердің әрқайсысын қысқаша
сипаттайық.
Көліктік кешендегі техникалық әрекеттесуі дегеніміз көліктік
құралдардың параметрлерінің арнайы түрлерінің ішінде, сондай-ақ түраралық
кескініндегі келісілімділігі. Бұл келісімділік модальді тасымалдауларды
қолдануға, контейнерлермен және жүк пакеттерімен жұмыс істеуге мүмкіндік
береді [30−34].
Технологиялық әрекеттесу деп тасымалдаудың біртұтас технологиясын,
тура тасымалдауларды қолдануды түсінеміз.
Экономикалық әрекеттесу деп нарық конъюнктурасын зерттеудің
жалпы тәсілдемесі және тарифтік жүйені құруды айтамыз.
Бірлесіп жоспарлау графиктердің біртұтас жоспарларын құрастыру және
қолдануды білдіреді.
Көліктік логистиканың есептеріне тағы келесі есептер жатады:
−
көліктік жүйелерді, оның ішінде көліктік дәліздер мен көліктік
тізбектерді құру;
−
көліктік-қоймалық үрдістің технологиялық бірлігін қамтамасыз
ету;
−
көліктік үрдісті қоймалық және өндірістіктік үдерістермен бірге
келісіп жоспарлау;
−
көліктік құралдың түрін таңдау;
−
көліктік құралдың типін таңдау;
−
жеткізудің тиімді маршрутын анықтау және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: