С. К. Ахметкалиева А. Ш. Оразымбетова



Pdf көрінісі
бет11/46
Дата31.12.2021
өлшемі2,12 Mb.
#22929
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46
Байланысты:
Тауар қозғалысының логистикасы .docx

САТЫП АЛУ ЛОГИСТИКАСЫ  
 
2.1 Сатып алу логистикасының функциялары мен міндеттері 
 
Сатып алу  логистикасы  микро-макрологистиканың ішкі жүйесі болып 
табылады,  сатып  алу  нарығынан  кәсіпорын  қоймаларына  шикізат, 
материалдар, құрама бөлшектердің қозғалу үрдісін құрайды [5,8,16]. 
Сатып алу көлемін анықтау есебі логистиканың маңызды мәселелерінің 
бірі  болып  табылады,  өйткені  сатып  алынатын  материалдық  ресурстардың 
бастапқы анықталған көлемі сатылымдардың шарттары мен әдістері, жеткізуді 
ұйымдастыру тәсілдеріне байланысты. 
Логистиканың  тиімді  қызмет  ету  үшін  өнімді  өндіру  үшін  қандай 
материалдар  қажет  екенін білу  керек,  жабдықтаудың  келесі  есептерін  шешу 
бойынша  кәсіпорынның  барлық  бөлімдерінің  әрекеттерінің  келісімділігін 
қамтамасыз ететін сатылым жоспарын құру керек, яғни:  
-қажеттілікті талдау және анықтау, тапсырыс берілетін материалдардың 
мөлшерін анықтау;  
-сатылым әдісін анықтау;  
-бағалар келісімділігі және келісім жасау;  
-жеткізілім мөлшерін, сапасын, уақытын қадағалауды орнату; 
-тауарларды қоймада орналастыруды ұйымдастыру. 
  Сатып 
алу  логистикасының  негізгі  мақсаты  –экономикалық 
тиімділікпен өндірісті материал қажеттіктерімен толық қанағаттандыру. Бірақ 
оған  жету  бірқатар  мәселелерді  шешуге  байланысты.  Жалпы  түрде  бұл 
мәселелерді келесі түрде топтауға болады [5, 8, 16]: 
 
-шикізатты  және  құрама  бұйымдарын  сатып  алудың  белгіленген 
уақытын  ұстану  (белгіленген  уақытынан  ерте  сатып  алынған  материалдар 
өнеркәсіптердің айналым қорларына қосымша жүктеме ретінде жүктеледі, ал 
сатып  алулардың  кешігулері  өндірістік  бағдарламаны  бұзуы  немесе  оның 
өзгеруіне алып келуі мүмкін);  
 
-жеткізілім  мен  оларға  деген  қажеттілік  арасындағы  сәйкестікті 
қамтамасыз  ету  (жеткізілетін  тауарлық-материалдық  ресурстардың  артық 
немесе  кем  мөлшері  айналым  қорының  балансына  және  өнім  шығару 
тұрақтылығына  кері  әсер  етуі  мүмкін,  одан  басқа  баланстық  оптимумды 
қалпына келтіру кезінде қосымша шығындар туғызуы мүмкін); 
 
-шикізат  және  құрама  бөлшектерінің  сапасы  бойынша  өндіріс 
талаптарын сақтау; 
 
-материалдық  ресурстарының  қажеттілігін  анықтау  (фирма  ішіндегі 
тұтынушылардың 
идентификациясы, 
материалдық 
ресурстарының 
қажеттілігін есептеу, салмаққа, мөлшеріне қойылатын талаптарды бекіту және 
т.б., жоспар-графиктерді құрастыру);  
 
-сатып  алу  нарығын  зерттеу  (нарықтар  бойынша  барлық  мүмкін 
жеткізушілердің идентификациясы, барлық мүмкін жеткізушілерді алдын ала 
бағалау, нақты нарыққа шығумен байланысты қауіпті талдау); 


 
25 
 
 
-жеткізушілерді 
таңдау  (жеткізушілер  туралы  ақпарат  іздеу, 
жеткізушілер туралы мәліметтер базасын құру, оңтайлы жеткізушілерді іздеу, 
таңдалған жеткізушілермен жасалған жұмыс нәтижелерін бағалау);   
 
-сатып  алымдарды  жүзеге  асыру  (келісулер  өткізу,  келісімдерді 
құжаттау, сатып алу әдісін таңдау, жеткізу және төлем шарттарын құрастыру, 
материалдық ресурстардың тасымалдауын ұйымдастыру);  
 
-жеткізілімдерді  бақылау  (жарамсыз  өнімдер  мөлшерін  есептеу, 
тапсырысты  безендендіру  уақытын  қадағалау,  материалдық  ресурстар 
қорларының күйін бақылау);  
 
-сатып  алулардың    бюджетін  дайындау  (материалдық  ресурстардың 
негізгі  түрлері  бойынша  тапсырысқа,  тасымалдауға,  сақтандыруға, 
қабылдауға,  потенциалды  жеткізушілер  туралы  ақпаратты  іздеуге  кеткен 
шығындар анықталады). 
Сатып  алу  логистикасының  экономикалық  тиімділігінің  негізін 
минималды  бағамен  қажетті  материалдарды  іздеу  және  сатып  алу  құрайды. 
Фирманың тиісті бөлімдері жасайтын нарықты зерттеулерде басты мәселе  –
жеткізілімдердің мүмкін логистикалық шығындары және мезеттерінің де орны 
ерекше. 
Нарықты зерттеп және әйтеуір-бір нақты жеткізушілерге тоқтап, сатып 
алу  бөлімі  кәсіпорын  немесе  фирманың  қажеттіктерін  анықтауға  міндетті. 
Қажеттіктерді    анықтау  қорларды  басқару  стратегиясына  негізделген. 
Алдымен, қажеттіктерін анықтау өнімдерді және қызметтерді олардың сапасы 
мен  мөлшері  бойынша  айқындауды  білдіреді,  оның  екі  әдісі  бар:  тапсырыс 
негізінде  қажеттіктерін  анықтау  және  шығындар  негізінде  қажеттіктерін 
анықтау. 
Қажеттіктерді  тапсырыс  негізінде  анықтау  арналымдарды  арнайы 
құрамаларға қоймалық қорларды ескере отырып жасалады. Мұндағы  дайын 
бұйымдар қажеттілігі бірінші қажеттілікке жатады, екінші қажеттіліктерге бұл 
өнімдер тұратын бұйымдар, үшіншілерге буындар тұратын детальдар жатады. 
Кейінгі қажеттіліктерді қанағаттандыру уақыты алдыңғы сатып алу негізінде 
анықталады.  
Егер  тапсырыс  негізінде  жасалатын  қажеттіліктер  анықтала  алмайтын 
болса  немесе  бұл  әдісті  пайдалану  тиімсіз  болса,  онда  қажеттілік  шығындар 
негізінде  немесе  өткен  тәжірибе  негізінде  анықталады.  Бұл  жағдайда 
болжанатын қажеттілік қарапайым есептеу әдістері көмегімен анықталады.  
Сатып  алу  логистикасының  мақсаты  -  кәсіпорынның  барлық 
бөлімшелерін ең аз жиынтық шығындармен қажетті ресурстармен қамтамасыз 
ету. Бұл жағдайда жиынтық шығындар деп сатып алынатын тауардың өзіндік 
құны  ғана  емес,  сондай-ақ  сатып  алуға  байланысты  бірқатар  шығындар  да 
түсінділеді.  Сатып  алу  үдерісінде  пайда  болатын  шығындарды  ескермейміз, 
олардың орнына келесілерді қарастырамыз: 
- ұсынылатын жеңілдіктерді ескере отырып, тауардың сатып алу бағасы; 
-  сатып  алынған  өнімді  сақтауға  арналған  шығындар  (қазіргі  жағдайда 
олар сатып алуға арналған шығындардың жалпы сомасының 60% - ын құрауы 


 
26 
 
мүмкін.    Қойма  орындарын  жалға  алу  немесе  өз  меншігінде  қойманы  ұстау, 
яғни пайдалану шығындарын қамтиды); 
-  кәсіпорынның  өнім  қоймасына  тауарларды  тасымалдауға  арналған 
шығындар  (жолда  жүктерді  сақтандыруға  арналған  және  экспедиторлық 
шығындар); 
-  өнім  берушілер  туралы  ақпарат  жинау  және  өнім  берушілерді  таңдау 
шығындары; 
-  келген  тауарды  қабылдауға  және  оны  кәсіпорын  қоймаларында 
орналастыру; 
-  тауар  өндіріске  түскен  сәтке  дейін  бүлінуден  және  табиғи  бұзылу 
нәтижесінде  болған  шығындар  (әсіресе  жарамдылық  мерзімі  шектеулі 
тауарлар 
үшін бұл шығындар - мысалы, тамақ өнімдері); 
-  жеткізушілермен  серіктестік  қарым-қатынастарды  қолдауға  арналған 
шығындар (шығындардың осы санатын формалды түрінде көрсету өте қиын, 
көп жағдайда бұл 
 өндірістен тыс
 шығындар). 
    Кәсіпорынды қажетті  тауарлармен қамтамасыз ету - күрделі үдеріс, сатып 
алу  бөлімі  (ол  сондай-ақ  жабдықтау  бөлімі,  материалдық-техникалық 
қамтамасыз  ету  бөлімі  және  т.б.  деп  аталуы  мүмкін)  кәсіпорынның  басқа 
бөлімшелерінен  бөлек  жұмыс  істей  алмайды.  Мысалы,  сақтау  шығындарын 
азайту  үдерісіне  кәсіпорынның  жоспарлы-экономикалық  бөлімі  мен  қойма 
бөлімшелері міндетті түрде қатысуы тиіс. Тасымалдау шығындарын қысқарту 
кезінде 
кәсіпорынның 
көлік 
бөлімшесімен 
немесе 
тәуелсіз 
тасымалдаушылармен  өзара  байланысты  жолға  қою  өте  маңызды. 
Қолданылатын  шикізаттың  аналогтарын  таңдау  кезінде  конструкторлық 
бюромен немесе кәсіпорынның бас технологы қызметімен тығыз жұмыс істеу 
керек. 
Көбінесе    өндірістік  немесе  сауда  фирмасының  сатып  алу  бөлімінің 
алдында келесі негізгі мақсаттар қойылады: 
-  фирманың  логистикалық  стратегиясын  әзірлеу  және  қойылған 
мақсаттарға жету үшін оны жоспарлы түрде  қамтамасыз ету; 
- тауарды неғұрлым тиімді шарттарда сатып алу; 
-  оңтайлы  жеткізушілерді  таңдау  және  олармен  сенімді  серіктестік 
қарым-қатынас орнату; 
- жеткізу және төлеу шарттарын анықтау; 
- материалдарды сатып алу үшін қажетті қаражаттың есебін жүргізу; 
-тауар қорларының жоғары айналымдылығын қолдау; 
- қорларды тиімді есепке алу және бақылау жүргізу; 
- фирмаға тауарларды жеткізуді ұйымдастыру; 
-  ресурстарды  сатып  алуға  қатысты  фирманың  барлық  бөлімшелерінің 
бірлескен жұмысын ұйымдастыру. 
     Сауда кәсіпорындарының қажеттіліктері үшін сатып алулар және өндірістік 
ресурстармен  қамтамасыз  ету  бірқатар  ерекшеліктермен  салыстырылады. 
Біріншіден, сауда фирмалары көптеген жеткізушілермен жұмыс істейді. 


 
27 
 
        Шетелдік  зерттеушілердің  мәліметтері  бойынша,  1997  жылы  орташа 
мамандандырылған дүкен 670 өнім берушімен, орташа супермаркет - 838, ал 
дәріханалар  мен  ірі  супермаркеттер  -  орта  есеппен  1029  жеткізушілермен 
жұмыс  істеді.  Әрбір өнім  берушілерден  тауарлардың  атауынан  ондаған  түрі 
сатып  алынады.  Екіншіден,  сатып  алған  тауарды  қайта  сату    жағдайында 
қоймадан тауардың шығуын жоспарлау қиынға түседі. Өндірістік кәсіпорын 
шикізат  жетіспеген  жағдайда  өнім  шығару  кестесін  түзете  алуы  мүмкін,  ал 
бөлшек саудасынын сатып алушысы өзінің тұтынушылық сұранысын түзеткісі 
келмейді . Ол сізге жеткізуші ретінде наразы болады, және  ол басқа дүкенге 
немесе басқа сауда желісіне кетеді. 
Үшіншіден,  сауда  ұйымын  (мысалы,  азық-түлік  дүкені  )  күн  сайын 
келетін жеткізілімдер саны бірнеше жүзге дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар, 
өткізілмеген  тауарлар  мен  жарамдылық  мерзімі  өткен  тауарларды  үнемі 
жеткізушілерге  қайтаруды  ұйымдастыру  қажеттілік  туындайды.  Мұндай 
жағдайда  жеткізушілермен  жұмыс  істеу  үдерісі  барынша  қарапайым  және 
сенімді болуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет