Педагогикалық жағдаят №13 Сіз мұғалімсіз. Сіз тақтаға тапсырма жазғанда бір сөзден қате жібересіз, сыныптағы бір оқушы соны байқап қалып, даусын қатты шығарып айтады, оқушылардың барлығы көреді.
Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №14 Жаңа тақырып түсіндіру үстіндесіз. Кенет сіздің сөзіңізге сынып оқушылары мысқылдап күле бастады.
Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №15 Сіздің сабағыңыз ылғи бірінші сабақ болып өтеді.
Сабаққа үнемі бір оқушы кешігіп келеді. Себебін ұйықтап қалыппын деп жауап береді.
Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №16 Сіз сабақ түсіндіру үстіндесіз. Бір оқушы тақырыпқа байланысты бір сұрақ қояды. Бірақ сіз ол сұрақтың жауабын білмейсіз.
Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №17 5 сыныпта Шет тілі сабағы жүріп жатыр. Мұғалім бір баладан кітаптағы мәтінді оқуын сұрайды. Бұл оқушы тұтығып сөйлейтін бала еді, ол қобалжыған сайын одан әрі тұтыға түседі. Сыныптағылардың біреуі төмен қарап мысқылдап, екіншісі ашық келемеждеп күле бастайды.
Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №18 15 жастағы ұл бала жалғыз анасының тәрбиесінде өсті. Отбасы шағын ауылда тұратын. Соңғы жарты жылдықта ұл баланың сабағы күрт төмендеп кетті, кей кезде сабаққа да бармайтын, тіпті кешкісін үйге қонбайтын болған.
Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз
Педагогикалық жағдаят №19 Отбасында екі бала тәрбиеленуде. біреуі 14 те болса, екіншісі 8 де. Әкесі жанұясында көп ішеді. Ішіп келіп балаларына дөрекі сөйлеп, аналарын ұрады. Үйдің үлкені қыз бала отбасындағы жағдайды сынып жетекшісіне айтады. Мұғалім оқушысының айтқанын әлеуметтік педагогқа айтып, қыз баланың отбасы жайлы бүкіл мектеп мұғалімдері біледі. Қыз бала сынып етекшісіне «өсекшісіз» деп ренжіп, мектепке баруды тоқтатады.
Сіз бұл жағдайда не істер едіңіз, жағдаяттан қалай шығасыз?. Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.