С. М. Исаев Қазіргі қазақ тілі морфология


Грамматикалық мағына білдірмейтін грамматикалық форма болмайды



бет16/97
Дата02.02.2023
өлшемі1,93 Mb.
#64523
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   97
Байланысты:
ЛЕКЦИЯға

Грамматикалық мағына білдірмейтін грамматикалық форма болмайды десек, оны диалектикалық мәнде түсіну керек. Тілдің грамматикалық құрылысында кездесіп отыратын ондай тұлғалар, біріншіден, бір кезде грамматикалық мағынаны білдірген. Ал кейін, екіншіден, ол білдірген грамматикалық мағына жоғалып кеткенде, ол форма сөз құрамында факультатив тұлға ретінде сақталып қалған (мысалы, есімдіктің көмектес септігінде ілік септігінің қалдығы -ы, -і, дұрысында -ны, -ні) немесе басқа тұлғаның құрамына еніп кеткен (мысалы, 3-жақ тәуелдік жалғауынан кейін барыс, жатыс септіктерінің құрамындағы -н, -на, -не, -нда, -нде т.б.)
Ал енді грамматикалық формасыз да грамматикалық мағына беріле ме?
Кейбір жағдайларда ешбір грамматикалық тұлғасыз-ақ белгілі бір грамматикалық мағына білдіріліп тұрады. Ол грамматикалық мағына сөз түбірі білдіретін грамматикалық мағынадан бөлек болады. Яғни әңгіме (категориялық грамматикалық) мағына жайында. Міне, сондай арнайы қосымша көрсеткіші болмай, тұлғасы көрінбей тұрып-ақ белгілі грамматикалық категориялық грамматикалық мағына білдіруді нөлдік тұлға (форма) деп атауға болады, өйткені арнайы көрсеткіш, формалық тұлғасы болмағанмен, онда түбір білдіретін мәннен бөлек арнайы гамматикалық мағына болады. Әр уақытта нөлдік форманы түбір формамен салыстырып отырудың басты себебі, біріншіден, екеуінің сырт тұлғасы, формасы сәйкес болуында, екіншіден, түбір - әр түрлі грамматикалық тұлға жасауға негіз болатын тұлға. Осы айтылғандар түсініктірек болу үшін мына сөйлемге назар аударып, талдап көрейікші. Жартасқа бардым, күнде айғай салдым. Одан да шықты жаңғырық (Абай) Тыңда, дала, Жамбылды (Жамбыл). Мысалдағы етістік баяндауыштың әрқайсысы бірнеше морфема бөлшектен тұрып, сөздің әрбір тұлғасы ойға лайық жеке-жеке грамматикалық мағына беріп түр: бар-ды-м, (айғай) сал-ды-м, шық-ты, тың-да. Осындағы түбір тұлғалар қимылды білдіріп, одан кейінгі -ды, -ты морфемалары сол қимылдың айтып тұрған сәтке байланысты болу мезгілін, шақтық мағынаны, яғни осы қимылдың айтып тұрған кезден бұрын болғандығын білдіріп тұр. Алғашқы екі сөздегі тұлғасы қимылдың иесін, яғни сол қимылды орындаушы кім субъект екенін және қимыл иесі кез келген біреу емес, бірінші яғни айтушы жақтың өзі (мен) екенін көрсетіп тұр. Ал үшінші сөзде ондай грамматикалық тұлға жоқ, соған қарап бұл сөз қимыл иесін (субъектіні) білдірмейді екен деп ойлауға болмайды. Осы сөздің формасы арқылы қимылды шығуды іске асырушы субъектіні біле аламыз, ол (субъект) үшінші, бөгде жақ, ол (жаңғырық). Сонда қимыл иесін меңзеп, үшінші жақты білдіріп тұрған қандай форма? Сөздің соңғы формасы -ты ондай мағынаны білдіре алмайды, оның мағынасы – тек өткен шақтық мағына. Міне, осы сөздің құрамында формальды түрде арнайы тұлға болмағанмен, ерекше грамматикалық мағына, жақтық мағына бар. Ол мағына контекс арқылы айқын сезіледі. Осындағы 3-жақтық мағына нөлдік тұлға арқылы берілген. Сондай-ақ тыңда сөзі жалпы іс-әрекетті және қимылдың сабақты мәнін білдірумен бірге бұл мағыналар түбір арқылы яғни лексикалық мағынаның абстракцияланып, жалпылануы арқылы беріліп тұр бұйрықтық мағынаны және ол 2-жаққа қаратылып, онымен бірге анайылық және жекешелік мағыналарды білдіреді. Бұл соңғы грамматикалық мағыналар, біріншіден, категориялық грамматикалық мағыналар болып табылады, екіншіден, тұлғасы бар арнайы грамматикалық форма арқылы берілмеген. Соған қарамастан мұнда грамматикалық форма бар, ол – тұлғасыз форма, яғни сол жүйедегі басқа парадигмалық түрлену көрінісінде бұл мағынаға қарама-қайшы, оппозиция болатын, бірақ бір грамматикалық категорияның (түрлену жүйесінің) шеңберінде бірлікте тұратын форма бар: 2-жақ сыпайы түрі -ңыз (тыңда -ңыз), 2-жақ көпше түрі -ңдар (тыңда -ңдар) т.б. Сондай-ақ бірінші мысалдағы шықты сөзіндегі 3-жақтық мағына жіктік жалғаудың тұлғасыз формасы нөлдік форма арқылы берілген. Оны да осы сөйлемдегі 1-жақ жекеше мағынада қолданылған бардым, (айғай) салдым сөздеріндегі формасымен салыстыру арқылы тануға болады.
Тілімізде осындай арнайы белгілі грамматикалық мағынасы бар, бірақ арнайы көрсеткішсіз тұлғада жұмсалатын, кейде сөйлемде түсіп қалатын ерекше форма 3-жақ жіктік жалғауы ғана емес, басқа да грамматикалық түрлену жүйесінен кездеседі. Мына мысалға назар аударайық. Мәскеу бардым, не көрдім (Жамбыл). Кел, бала-лар, оқылық! (Алтынсарин). Ғылым таппай мақтанба (Абай). Интернатта оқып жүр талай қазақ баласы (Абай). Иығымда сіздің шаш, айқайласып тайталас (Абай). Осы сөйлемдердегі бөлініп көрсетілген сөздердің формасы мен грамматикалық мағыналарына көз жіберейік: Мәскеу осы сөйлемде ешбір грамматикалық формасыз қолданылған, бірақ соған қарамастан қимылдың (барудың) бағытын білдіріп, барыс септіктің мағынасын беріп түр: Мәскеуге бардым. Ғылым сөзі ешбір көрсеткішсіз тура объект болып, табыс септік мағынасын білдіріп тұр: ғылымды таппай, кел, мақтанба етістіктері негізгі түбір күйде және өздік етіс пен болымсыз тұлғада 2-жаққа қаратылып, бұйрықты мағынада қолданылған, бірақ соңғы мағынаны білдіретін арнайы грамматикалық форма жоқ. Қазақ сөзі иелік, меншіктілік мағынада жұмсалған, бірақ оны білдіретін ілік септік жалғауы жоқ. Шаш сөзі керісінше тәуелділік мағынаны білдіріп тұр: сіздің шашыңыз. Ол мағынаны білдіретін тәуелдік жалғауы түсіп қалған. Міне осы көрсетілген сөздердің бәрі де берілген сөйлемдерде ешбір тұлғасыз-ақ (нөлдік формада) белгілі грамматикалық мағына білдіреді, ол грамматикалық мағына сөздің түбірі білдіретін мағынадан бөлек. Сондай-ақ бұл құбылыс қазақ тілінде анда-санда ғана кездесетін кездейсоқ жәйт емес. Әйтпесе бұл жайында сөз қозғаудың қажеті де болмас еді...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет