С. М. Исаев Қазіргі қазақ тілі морфология


Шартты рай қимыл, іс-әрекеттің болу-болмау, орындалу мүмкіндігін, шартын білдіріп, етістік түбіріне, лексика-грамматикалық категориялар тұлғаларына -са, -се



бет80/97
Дата02.02.2023
өлшемі1,93 Mb.
#64523
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   97
Байланысты:
ЛЕКЦИЯға

Шартты рай қимыл, іс-әрекеттің болу-болмау, орындалу мүмкіндігін, шартын білдіріп, етістік түбіріне, лексика-грамматикалық категориялар тұлғаларына -са, -се қосымшасы жалғану арқылы жасалады. Шартты райлы етістік 3-жақта ықшамдалған түлғада (жедел өткен жақ тұлғасы сияқты) жіктеледі, сөйлемде негізінен алғанда тиянақсыз тұлға болып қолданылады, сондықтан көбіне-көп шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауышы қызметінде жұмсалады.
Жекеше Көпше
Мен айт-са-м, сөйле-се-м Біз айт-са-қ, сөйле-се-к
Сен айт-са-ң, сөйле-се-ң Сендер айт-са-ңдар, сөйле-се-ңдер
Сіз айт-са-ңыз, сөйле-се-ңіз Сіздер айт-са-ңыздар,
Ол айт-са- , сөйле-се- сөйле-се-ңіздер
Олар айт-са, сөйле-се-
Қазақ тілінде шартты рай тұлғасындағы етістік әр уақытта шарттылық мәнде қолданыла бермейді. Кейде ол шартты рай тұлғалы етістік мезгіл бағыныңқы сөйлемнің немесе да, де шылауымен тіркесіп қарсылықты бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметінде жұмсалады. Көзімді ашып, алдыңғы жаққа қарасам, екі адам қарауытып тұр екен (Ғ.М.) Тыс қанша көріксіз болса да, қоңыр үйдің өз күні балқып тұр екен ғой! (М.Ә).
Сондай-ақ шартты райлы етістік тілек, арман, мақсат сияқты модальдылық мәнді білдіріп, тиянақты мәнінде сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады: Шіркін, биыл оқуға түссем! Осы отырысыңды әкең көрсе! Сен машинамен келсең, біз бәріміз есік алдына шығып тосып тұрсақ! Бұнымен бірге шартты райлы етістік жіктеліп келіп ғой, еді, екен,. етті (ма, ме) сұраулық шылау сияқты көмекші сөздермен тіркесіп, сөйлемді аяқтап тұрады да, сөйлеушінің тілек-арманын, өтініш-өкінішін, болжам, ниетін т.б. білдіреді: бар-са-м екен, сөйле-се-ң етті, бар-са-ңыз ғой, жолық-са еді т.б.
Сондай-ақ -са, -се тұлғасына -шы, -ші қосымшасы үстеліп, 3-жақта жіктеліп, тиянақты тұлға ретінде қолданылады, екінші жақта кейде -ң жіктік жалғауының орнына тұлғасы айтылады
мен барса-м-шы біз барса-қ-шы
сен барса-ң-шы, біз барса-й-шы, сендер
сіз барса-ңыз-шы, барса-ңдар-шы
сіздер барса-ңыздар-шы.
Шартты райлы етістік игі еді сөздерімен тіркесіп, қалау рай да жасайды: бар-са игі еді, жолық-са-м игі еді т.б. Болжамды сияқты модальды реңкті білдіріп, шартты райлы етістік керек сөзімен де тіркесіп қолданылады: айт-са керек, көнбе-се керек т.б. Бұлардың барлығында да шартты райлы етістік жіктеліп келеді де, көмекші сөз сөйлем баяндауышын тиянақты етіп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет