С. М. Исаев Қазіргі қазақ тілі морфология


И.Маманов жедел еткен шақ



бет83/97
Дата02.02.2023
өлшемі1,93 Mb.
#64523
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   97
Байланысты:
ЛЕКЦИЯға

И.Маманов жедел еткен шақ (-ды, -ді, -ты, -ті қосымшасы үстелу арқылы жасалады), бұрынғы өткен шақ (-ған, -ген, -қан, -кен арқылы жасалады), ежелгі өткен шақ (-ып, -іп, -п қосымшасының жалғануы арқылы жасалады), дағдылы өткен шақ (-атын, -етін, -йтын, -йтін және -ушы еді, -уші еді арқылы жасалады), қатысты өткен шақ (-ып, -іп және -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы етістікке еді көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады" (М.И.-ҚҚТ, 123-136).
Етістіктің өткен шақ тұлғасының жіктелу үлгісі
Мен бар-ды-м, кел-ді-м, бар-ған-мын, кел-ген-мін, бар-ып-пын, кел-іп-пін, бар-атын-мын, кел-етін-мін
Сен бар-ды-ң, кел-ді-ң, бар-ған-сың, кел-ген-сің, бар-ып-сың, кел-іп-сің, бар-атын-сың, кел-етін-сің
Сіз бар-ды-ңыз, кел-ді-ңіз, бар-ған-сыз, кел-ген-сіз, бар-ып-сыз, кел-іп-сіз, бар-атьш-сыз, кел-етін-сіз.
Ол бар-ды - 0 кел-ді- 0, бар-ған- 0 кел-ген- 0 , бар-ып-ты, кел-іп-ті, бар-атын-0 , кел-етін- 0
Біз бар-ды-қ, кел-ді-к, бар-ған-быз, кел-ген-біз, бар-ып-пыз, кел-іп-піз, бар-атын-быз, кел-етін-біз
Сендер бар-ды-ңдар, кел-ді-ңдер, бар-ған-сыңдар, кел-ген-сің-дер, бар-ып-сыңдар, кел-іп-сіңдер, бар-атын-сыңдар, кел-етін-сіңдер
Сіздер бар-ды-ңыздар, кел-ді-ңіздер, бар-ғансыздар, кел-ген-сіздер, бар-ып-сыздар. кел-іп-сіздер, бар-атын-сыздар, кел-етін-сіздер
Олар бар-ды- 0 , кел-ді- 0, бар-ған- 0, кел-ген- 0 , бар-ып-ты, кел-іп-ті, бар-атын- 0 , кел-етін- 0
Келер шақ қимыл, іс-әрекеттің әлі болмағанын, сөйлеп тұрған сәттен кейін іске асатынын білдіреді. Әдетте келер шақтың үш түрі көрсетіледі: болжалды келер шақ етістік түбірге есімшенің -ар, -ер, -р, болымсыз түрінен кейін -с қосымшасы қосылу арқылы жасалады: Барар-бармасымды Құртқа біледі, жүр-ер-сіз, айтпа-с-сыз т.б), мақсатты келер шақ (етістік түбірге -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, пек қосымшасы жалғану арқылы, болымсыз түрі бұл қосымшалы етістікке емес көмекші етістік тіркеу арқылы жасалады: жүр-мек, айт-пақ, жат-пақ емес, т.б.), ауыспалы немесе жалпы (анық) келер шақ (етістік түбірге көсемшенің -а, е- -й қосымшасы жалғанып, жіктеліп барып жасалады: бар-а-ды, бар-а-мын, сөйле-й-сің, жүр-е-ді, т.б.) (ЫА.-ҚҚТ, 344). Академиялық грамматика бұдан басқа келер шақтың мынадай түрлерін көрсетеді: 1) болжалды келер шаққа -атын, -етін, -йтын, -йтін, есімше тұлғалы етістікке шығар, секілді, тәрізді сөздерінің тіркесуі мен тұлғалы тұйық етістіктің тәуелдік немесе барыс септік формасына мүмкін (тиіс, керек, қажет (-И.С.) тәрізді сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады; 2) сенімді келер шақ қимыл, іс-әрекеттің істелетіндігін және оның ақиқаттығын білдіріп, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғалы көсемшелерімен жатыр, отыр, тұр, жүр етістіктерінің жіктеліп тіркесуі арқылы жасалады: айт-қалы отыр, жүр-гелі жатырмыз, сөйле-гелі тұрсың, т.б. (ҚТГ, 200-201).
Ауыспалы келер шақтың (-а, -е, -й тұлғалы) жіктелуі өзгеше, 3-жақта -ды, -ді, жіктік жалғауы бар, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғалы етістік тікелей жіктелмейді, ал есімше тұлғалы келер шақ былай жіктеледі:
Мен бар-а-мын, сөйле-й-мін, жүр-ер-мін, кел-етін-мін, айт-пақ-пын
Сен бар-а-сың, сөйле-й-сің, жүр-ер-сің, кел-етін-сің, айт-пақ-сың
Сіз бар-а-сыз, сөйле-й-сіз, жүр-ер-сіз, кел-етін-сіз, айт-пақ-сыз
Ол бар-а-ды, сөйле-й-ді, жүр-ер- ® , кел-етін- ® , айт-пақ- ®
Біз бар-а-мыз, сөйле-й-міз, жүр-ер-міз, кел-етін-біз, айт-пақ-пыз
Сендер бар-а-сыңдар, сөйле-й-сіңдер, жүр-ер-сіңдер, кел-етін-сіңдер, айт-пақ-сыңдар
Сіздер бар-а-сыздар, сөйле-й-сіздер, жүр-ер-сіздер, кел-етін-сіздер, айт-пақ-сыздар
Олар бар-а-ды, сөйле-й-ді, жүр-ер- ® , кел-етін- ®. айт-пақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет