С. М. Исаев Қазіргі қазақ тілі морфология


Үстеудің мынадай мағыналық түрлері



бет86/97
Дата02.02.2023
өлшемі1,93 Mb.
#64523
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   97
Байланысты:
ЛЕКЦИЯға

Үстеудің мынадай мағыналық түрлері бар: мезгіл үстеуі, мекен үстеуі, сын-қимыл (бейне) үстеуі, мөлшер үстеуі, күшейткіш үстеуі, мақсат үстеуі, себеп-салдар үстеуі.
Мезгіл үстеуі. Мезгіл үстеуі қимылдың, әрекеттің мезгілін, мерзімін білдіреді де, қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: бүгін келді, ертең барады, таңертең тұрады, бұрын жүрді, күні бойы дайындалды, күні-түні оқиды, жазғытұрым келеді, т.б.
Мекен үстеуі. Мекен үстеуі іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіріп, қайда, қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Мекен үстеулері де негізінен етістікпен тіркеседі. Мысалы: ілгері жүр, жоғары тартты, төмен түсті, алды-артынан орады, әрі-бері жүрді, жолшыбай ала кетті, т.б.
Сын-қимыл (бейне) үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің амалын, сынын, бейнесін, тәсілін білдіріп, қалай? қайтіп? қалайша? кімше? деген сұрақтарға жауап береді. Сын-қимыл (бейне) үстеуі көбінесе етістікпен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: ақырын жүрді, тез келді, бірден сөйледі, шалқасынан құлады, балаша мәз болды, емін-еркін отырды, бостан-бос жүрді, т.б.
Сын-қимыл үстеулері де құрамы жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі түбір бола береді.
Мөлшер үстеуі. Мөлшер үстеуі қимылдың немесе сынның мөлшерін, көлемдік дәрежесін, шама-шарқын білдіреді де, қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? және кейде қалай? қалайша? сияқты сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеулері бірде етістікпен тіркесіп, қимылдың мөлшерін, шама-шарқын білдірсе, енді бірде сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін білдіреді. Мысалы: онша жараспайды, анағұрлым көбейді, едәуір өсіпті дегенде, онша, анағұрлым, едәуір мөлшер үстеулері жараспайды, көбейді, өсіпті деген етістіктермен тіркесіп, қалай? қанша деген сұрақтарға жауап беріп, қимылдың шама-шарқын білдіріп тұр. Ал онша биік емес, анағұрлым үлкен, недәуір ұзын дегенде, онша, анағұрлым, недәуір мөлшер үстеулері биік (емес), үлкен, ұзын тәрізді сын есімдермен тіркесіп, қалай? қанша? деген сұрақтарға жауап беріп, сынның мөлшерін, көлемдік дәрежесін білдіріп тұр.
Мөлшер үстеулері құрамы жағынан туынды не күрделі түбір болып келеді.
Күшейткіш үстеу. Күшейткіш үстеу сынның немесе қимылдың, іс-әрекеттің белгісін я сапасын күшейтіп я солғындатып көрсетеді. Күшейткіш үстеулер көбінесе сапалық сын есімдермен тіркесіп жұмсалады да, онымен тұтасып келіп сын есімнің күшейтпелі шырай түрін жасауға негіз болады. Мысалы: ең әдемі, тым биік, өте жақсы, аса терең, орасан зор, т.б.
Күшейткіш үстеулердің біразы етістікпен тіркесіп, қалай? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың сипатын күшейте я солғындата көрсетеді. Мысалы: мүлдем білмейді, әбден шаршаған, сәл жүріңкіре, керемет сөйледі, т.б.
Құрамы жағынан күшейткіш үстеулер негізгі түбір болып келеді.
Мақсат үстеуі. Мақсат үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу мақсатын білдіреді де, қалай? не мақсатпен? деген сұрақтарға жауап береді. Мақсат үстеулері сан жағынан көп емес. Оған: әдейі, жорта, әдейілеп, қасақана, т.б. сөздер жатады. Мысалы: әдейі келдім, жорта айтты, әдейілеп шақырды, қасақана үндемеді., т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет