С. П. Макаревич, М.Қ. Қылышқанов Автоматты реттеу теориясы бойынша лекциялар


Сатылы әрекет кезіндегі АРЖ-сінің сапасын талдау



бет26/36
Дата03.08.2023
өлшемі10,8 Mb.
#105006
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36
Байланысты:
Теор авт рег каз

4.3 Сатылы әрекет кезіндегі АРЖ-сінің сапасын талдау

АРЖ-сіндегі өтпелі процесс тек қане жүйенің қасиеттерінен тәуелді емес, сонымен қатар сыртқы әрекет сипатына да тәуелді. Жүйе үшін ең қолайсыз әрекет  ол сатылы (соққылы) әрекеттер. Осыған байланысты АРЖ-лерінің сапа көрсеткіштерін анықтау үшін нөлдік бастапқы шарттардағы және жүйе кірісіне g(t)=1(t) бірлік сатылы әрекет берілгендегі осы жүйенің ерекшеліктері зерттеледі. Осындай әрекет нәтижесінде АРЖ-сінде пайда болған өтпелі процесс пен h(t) өтпелі сипаттаманы өтпелі процесс қисығының түрі (монтонды, апериодты, тербелмелі) бойынша және осы өтпелі процестің кейбір параметрлерінің шамасы бойынша бағалауға болады. Осындай әрекет кезінде пайда болатын өтпелі сипаттаманың астатикалық жүйелер үшін мүмкін болатын қисығы 4.3 суретте көрсетілген.


Бұл параметрлерге (тікелей бағалауға) мыналарды жатқызады:
1) Реттеу уақыты tp  төмендегі теңсіздік орындалатындай ең аз уақыт аралығы
|h(t)h|,

мұндағы   қандай да бір алдын-ала берілген шама. Әдетте =0,05 h деп қабылдайды.





4.3 сурет

2) Асқын реттелу  процентпен өрнектелген өтпелі сипаттаманың орныққан мәнінен максимал динамикалық ауытқуы.




.

Аса реттелудің рұқсат етілген мәні технологиялық процестің немесе агрегаттың ерекшеліктерімен анықталады және әдетте =10-30 % шамасында болады. Бірақ кейбір жағдайларда аса реттелуді мүлдем болдыруға болмайды.


3) Реттеу уақыты ішіндегі өтпелі сипаттаманың толық тербелістерінің саны. Көп жағдайларда n=13 тербеліс санына рұқсат етіледі, бірақ кейбір жағдайларда жүйедегі тербелістерге мүлдем рұқсат берілмейді.
4) Өтпелі процестің өшу дәрежесі


.

Тербелмелі өтпелі процестің өшу дәрежесінің ең тиімді мәні =75-90 %.


Өтпелі процесі аяқталғаннан кейін реттеу қателігі пайда болатын статикалық АРЖ-лері үшін тағы да бір маңызды сапа көрсеткішін  реттеудің орныққан қателігін енгізеді. Бұл сапа көрсеткішін =1h өрнегі бойынша анықтайды және шығыстық шаманың өлшем бірлігінде өлшейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет