5.4 Түрлендіргіш элементтер
АРЖ-лерінің түзеткіш құрылғылары басқару сигналын түрлендіруді жүзеге асырады. Осы мақсатта оларды түрлендіргіш элементтер деп аталатын элементтерден құрастырады. Практикада электрлік, пневматикалық түрлендіргіштер және түрлендіргіш элементтердің басқа да түрлері қолданылады. Кейбір электрлік түрлендіргіш элементтерді қарастырайық.
Тұрақты токтың пассив төртполюстігі бұл резисторлардан, конденсаторлардан және индуктивтіліктерден тұратын электр тізбектері. Пассив төртполюстіктің жалпы нұсқасы 5.9 суретте көрсетілген.
Егер U2 тұрақты ток кернеуі кедергісі шексіз үлкен жүктемеге түсірілген болса, онда пассив төртполюстіктің беріліс функциясы мынадай болып табылады
.
Кедергілердің Z1(p) мен Z2(p) операторларының түрлерін және R, L, C шамаларын өзгерте отырып әр түрлі беріліс функцияларымен сипатталатын көптеген төртполюстіктерді алуға болады. Пассив төртполюстіктердің параметрлерінің тұрақтылығының жоғары болуы олардың тұрақты ток кернеулерін пайдаланатын жүйелерде кеңінен қолданылатындығын түсіндіреді. Пассив төртполюстіктердің кемшіліктері кірістік сигналды әлсіретуі және жүктеме кедергісі шекті (шектелген, аса үлкен емес) болған кезде сипаттамалардың бұрмалануы. Тұрақты токтың пассив төртполюстіктердің ең көп кездесетін нұсқалары 5.10 суретте көрсетілген.
5.9 сурет
Дифференциалдаушы төртполюстіктің (5.10а) беріліс функциясының түрі мынадай
,
мұндағы T=RC.
5.10 сурет
Интегралдаушы төртполюстіктің (5.10б) беріліс функциясының түрі мынадай
,
мұндағы T=RC.
Тұрақты токтың актив төртполюстігінің нұсқасы 5.11 суретте келтірілген. Онда күшейту коэффициенті kU>50000 болатын операциялық күшейткіш қолданылған. Сондықтан осындай төртполюстіктің беріліс функциясы мына өрнекпен анықталады
,
мұндағы минус таңбасы U2 кернеудің таңбасы U1 кернеудің таңбасына қарама-қарсы екендігін көрсетеді.
5.11 сурет
Актив төртполюстіктерді пайдалану нәтижесінде дифференциалдау, интегралдау, қосу және басқа да амалдар оңай орындалады, бұл олардың өте маңызды артықшылығы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |