С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы


ТУКИКАТТАР (Огосһопіаіа немесе Типісаіа)



бет2/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129
Байланысты:
ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ. Наумов

ТУКИКАТТАР (Огосһопіаіа немесе Типісаіа)
Личинка хордалыларға — асцидиялар (аsсіdiае), сальпылар (sаlрае) және аппедикуляриялар (аррепdicиlагіае) жатады. Олар теңіздерде тіршілік етеді. Бұлардың барлығының да денесі — туника деп аталатын қабықтың ішінде болады. Туника — біріншіден тері эпителиясының туындысы; екіншіден туниканың ішкі қалың қабатына келіп орналасқаң жас клеткалардың есебінен де ол қалыңдап дамиды. Туниканың химиялық құрамы өсімдіктердің клетчаткаларына ұқсайды. Өсімдік клетчаткасы жануарлар дүниесінде тек осы организмдерде кездеседі. Хорда личинкалық дәуірінде болады, ал аппедикулярйяда ол өмір бойы сақталады. Ересек личинка хордалылардың нервтері қуыс емес. Сезім органдары жетілмеген, кан айналу системасы ашық. Жынысты, жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз көбеюі бүршіктену арқылы орындалады (2-сурет).
Олардың бірнешеуі бірігіп, колония құрып немесе жеке жүріп тіршілік етеді. Қейбір турлері су түбіндегі заттарға

2-с у р е т. Асцидияның ішкі құрылысы:
/ — ауыз сифоны; 2 — клоака сифоны; 3 — туника; 4 — мантияның эктодермасы; 5 — мантияның қабаты; 6 — жұтқыншақ; 7 — жұтқыншақтық іші; 8— желбезек сақы” лаулары; 9 — эндостиль; 10 — арқа сайы;
11 •— желбезек айналасындағы қуыс;12 — желбезек айналасын-дағы қуыстың ке-регесі; 13 — қарын; 14 — бауыр өсінділері; 15— артқы тесіп; 16 — аталық безі; 17—анапық безі; 18 — жыныс жолдары; 19 — жүрек қабы; 20 — жүрек; 21 — шажырқай; 22 — нерв түйіні.
7
бекініп отырып, ал кейбір формалары қозғалып жүріп тіршілік етеді.
Бұл тип тармағының өкілі асцидияның құрылысы 2-суретте көрсетілген.
Личинка хордалыларды көп уақытқа дейін омыртқасыздар-ға, оның ішінде моллюскаларға, немесе мшанкаларға жатқызып келді. Тек қана 1866 жылы А. О. Ковалевский бұлардың эмбриональдық дамуын зерттеп, хордалыларға жататынын дәлелдеді. Асцидияның эмбриональдық дамуы ланцетниктердің эмбриональдық дамуына ұқсас. Заттарға бекініп отырьш тіршілік ететін асцидиялар, өз бетінше еркін қозғалып жүретін хордалылардан шыққандығы анықталды. Асцидиялар отырып тіршілік етуге бейімделген. Соның салдарынан көпшілік органдары дамымай қалған. Ересек формаларында хордалары жойылып кетеді.
11-тип тармағы. БАС СҮИЕКСІЗДЕР (Асгапіа)
Бұл тип тармағына бас хордалылар (серһаlосһогdаtа) деп аталатын бір ғана класс жатады. Бұлардың хордалары нерв түтігінен ұзынырақ алға шығып тұратын болғандықтан — бас хордалылар деп аталған.
Бұл класқа жататындардың негізгі белгілері мыналар: хор-далары бас миынан да алға шығып, созылып жатады, желбе-зектерінің айналасында (атриальдық) қуысы болады. Басы де-несінен айқын бөлінбеген. Сезім мүшелері нашар дамыған. Бас миы деп нерв түтігінің алғашқы бөлімін атаранмен де, оны қаптап тұратын бас сүйегі болмайды. Хорда және оның қабы скелет қызметін атқарады. Аяқ-колдары жоқ, ал нефридиясы және жыныс системалары сегментті болады.
ЛАНЦЕТНИК БАС СҮЙЕКСІЗДЕРДІҢ ӨҚІЛІ
(ВRАNСНІ0SТОМА LАМСBОLАТUМ)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет