4 БӚЛІМ. ОТЫН ЖҤЙЕСІ GEVO дизельдік қозғалтқышының отын жҥйесінің компоненттері екі
категорияға бӛлінеді. Компоненттердің бірінші категориясы жоғары
қысымды отын аппаратурасы компоненттеріне сҥзгіден ӛткізілген отынды
қысыммен беру ҥшін арналған тӛмен қысымды отын контуры қҧрамына
кіреді. Компоненттердің екінші категориясы (жоғары қысымды отын
аппаратурасы жҥйесі) тӛмен қысымды отын контурынан келетін отын
қысымын қосымша кӛтеру ҥшін арналған. Қысымды айдау жану камерасына
отынды жіңішке бҥрку ҥшін қажет.
Отын жҥйесінің тӛмен қысымды контурының компоненттері Тӛмен қысымды отын контуры сыйымдылығы 20 000 л жуық отын
багынан басталады. Отын бӛлек айнымалы токты электр қозғалтқышымен
отын айдаушы сорғымен отын багынан дизельге беріледі (шығыны 45 л/мин).
Отын айдаушы сорғының сығып айдау тҥтігінен отын коллекторына тҥседі.
Егер отын багындағы отын температурасы + 23 градустан тӛмен болса, онда
отынның бір бӛлігі отын коллекторында орнатылған термостатикалық
клапанымен пластиналық жылу алмастырғыш арқылы ӛткізіледі. Отын
коллекторынан кейін отын жоғары қысымды отын сорғысына берілу ҥшін
отын сҥзгілеріне келіп тҥседі. Тӛмен қысымды отын контурындағы қысым
қысым реттегішімен беріледі. Отын айдаушы сорғыға жҥйеіні аса жоғары
қысымнан қорғайтын сақтандырғыш клапан орнатылған.
Жоғары қысымды отын аппаратурасы Жоғары қысымды отын аппаратурасы цилиндрдің әр тҥйініне
орнатылады. Аппаратура жинағына отын тӛмен қысымды отын контурынан
келіп тҥсетін жоғары қысымды отын сорғысы (ЖҚОС) кіреді. ЖҚОС-қа
отынның берілуі компьтерлік басқару арқылы электр магнитті клапанмен
жҥргізіледі. Жоғары қысымды отын аппаратурасы жинағының екінші
компоненті – жоғары қысымды отын желісі, бҧл арқылы отын ЖҚОС-тан
ҥшінші компонент отын форсункасына келіп тҥседі.