С. С. Абдуллаев, Ғ. Б. БақЫТ


-сурет - 5GMG205 тартым генераторы  10.1 Тартым генераторының жҧмыс принципі



Pdf көрінісі
бет48/135
Дата20.12.2023
өлшемі9,99 Mb.
#141665
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   135
Байланысты:
ТЕПЛОВОЗ ТЭ33А устройство, назначение на каз.язе

 
10.1-сурет - 5GMG205 тартым генераторы 
10.1 Тартым генераторының жҧмыс принципі 
GE 5GMG205 тартым генераторы айнымалы токты электрлі машина 
болып келеді. Генератор ретінде екі негізгі элементтен қҧралған ҥш фазалы 
синхронды коллекторлы машина қолданылады: қозғалмайтын бӛлігі – статор 
және қозғалмалы айналу бӛлігі – жәкір (ротор) (10.1-кесте). 
5GDY100 кӛмекші генератор жәкірінің орамынан тартым генераторы 
статорының орамына ток беріледі, нәтижесінде негізгі магнитті ӛріс пайда 
болады. Тартым генераторының жәкір орамы магниттеледі және жәкір 
айналғанда магнит ағыны электр энергиясына айналады. Жәкір орамының 
ҧштарына графитті щеткаарқылы электр тогы алынатын коллекторлы 


80 
пластиналар орнатылған және ары қарай бҧл жағдайда басқару тҥзеткішінің 
рӛлін атқаратын тартым инверторына беріледі (GEK-114206-R нҧсқауы). 
«Импульстер тік тӛрт бҧрышы» режимінде берілген сҧлба дизельдің 
тӛмен айналымында тартым инверторларына кернеудің тӛмен шамасын 
ҧстап тҧруға жағдай жасайды. Жылдамдық ауыстырғышын «
Notch
» 
жағдайына қойғанда жиілігі бойынша да, кернеуі бойынша да 1400 В 
шамадан асырмай ток реттеле алады. 
Тартым генераторы ның желдету жҥйесі – генератор ҥстінде 
орнатылған бӛлек генератордан тәуелсіз. Желдеткіш білігі кӛмекші электр 
қозғалтқышынан айналым алады. Ауа ағыны шатыр жақтан ауа сҥзгілері 
арқылы ӛтіп жәкірді салқындатады, осылайша коллектор айдаршаларын, 
орамды және жәкір ӛзекшесін салқындата отырып, сосын жәкір мен ӛзекше 
полюстері арасынан ӛтеді. Мойынтірек қалқандарының торлары арқылы 
дизель жақтан білікте ауа ағыны генератордан шығарылады. 
General Electric компаниясы 5GMG205 тартым генераторлары туралы 
техникалық параметрлерді ҧсынбайтын болғандықтан, тартым электр 
қозғалтқышының қҧрылымын, параметрлерін және орамдар санын негізге 
ала отырып келесідей болжамға келуге болады: 
10.1-кесте. 
GE 5GMG205 тартым генераторының техникалық сипаттамалары
Қуаты, кВт 
3350 
Сызықтық/фазалық кернеу, В 
680/370 
Номиналды айналым жиілігі, айн/мин 
1000 
Сызықтық және фазалық кернеудегі ток, А 
2х1700/2х3000 
Қоршаған ауа шығыны, м
3
/с 
≈ 5,5 
ПӘК-і, % 
≈ 98 
Массасы, кг 
7652 
Берілген ақпарат тартым генераторының қҧрылымдық және 
техникалық ерекшеліктерін орнату мақсатын кӛздемейді, ал тек дайын 
ТЭ33А тепловоздарын жылдам қҧрастыруы мен сынақ жҥргізуіне мҥмкіндік 
жасайды. Берілген мәлімен болжам болып табылады және сынақты бекітуді 
қажет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет