2.1-кесте – 5-11-cыныптарда «Қазақстан тарихы» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі
Сынып
Оқу пәнінің атауы
Жалпы жүктеме, сағат
Үлгілік оқу жоспары
Үлгілік оқу жоспары
(төмендетілген оқу жүктемесімен)
Апталық
Жылдық
Апталық
Жылдық
5
Қазақстан тарихы
2
72
2
72
6
Қазақстан тарихы
2
72
2
72
7
Қазақстан тарихы
2
72
1
36
8
Қазақстан тарихы
2
72
1
36
9
Қазақстан тарихы
2
72
1
36
10-11 (ҚГБ)
Қазақстан тарихы
2
72
2
72
10-11 (ЖМБ)
Қазақстан тарихы
2
72
1
36
Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды оқыту үшін пайдалану ұсынылады.
Оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 7-9-сыныптарда 1 сағат көлемінде оқытылатын «Қазақстан тарихы» пәні бойынша вариативті компоненттен 2 сағат алуға мүмкіндік берілген.
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарын таңдаған жағдайда инвариантты компоненттегі таңдау пәндерінің комбинациясы (7-9-сыныптар) берілген.
7-9 сыныптар (әрқайсысы 2 сағаттан):
1) «Шетел тілі», «Қазақстан тарихы» және инвариантты компоненттен таңдалатын бір пән
2) «Қазақстан тарихы», «География» және инвариантты компоненттен таңдалатын бір пән
Егер білім алушылардың қажеттілігіне қарай осы комбинациялар таңдалған жағдайда 7–9-сыныптардың әр қайсысында «Қазақстан тарихы» пәні қосымша 2 сағаттан оқытылады.
Сонымен қатар, Оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 10–11-сыныптарда вариативтік компонент есебінен таңдалатын инварианттық пәндерді оқытуға барлығы 4 сағат бөлінген. Осыған орай, осы сыныптарда білім алушылардың қажеттілігіне қарай «Қазақстан тарихы» оқу пәнін таңдай алады.
Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
2022-2023 оқу жылында «Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыруда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми сайтында https://uba.edu.kz/ орналастырылған Үлгілік оқу бағдарламаларын басшылыққа алу керек.
Негізгі орта білім беру деңгейінде тарихты оқыту:
білім алушыларда тарихи сананы, қазақстандық патриотизм, өз елінің тарихы мен мәдениетіне құрмет, өз ата-бабаларының жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дарыту, зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамытуға;
білім алушылардың ұлттық және әлемдік мәдениет жетістіктерін, қазақ халқының мәдени және тарихи мұрасының құндылығы мен ерекшелігін түсіну, қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
5-9-сыныптарда «Қазақстан тарихы» оқу пәніне бөлінген 2 сағат оқу жүктемесі сақталған (2.1-кесте) және осы сыныптарда «Қазақстан тарихы» Үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.
Жалпы орта білім беру деңгейінде «Қазақстан тарихы» пәні мазмұны Қазақстан тарихының этникалық, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени негізгі мәселелері бойынша тереңдетілген білімді қалыптастыруға бағытталған.
10-11-сыныпта «Қазақстан тарихы» пәнін оқыту түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның мәдени-тарихи дамуының ерекшеліктері мен мәнін білім алушыларға түсіндіруді кеңейтеді және тереңдетеді.
Пән мазмұны Қазақстан тарихындағы оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді талдау, жіктеу, жүйелеу, қорытындылау және бағалау үшін қажетті тарихи ойлау дағдыларын дамытуды қарастырады. Осы оқу пәнінің мақсаты патриотизмді қалыптастыру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға құрмет көрсетуге дағдыландыру болып табылады.
Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер:
тарихи пәндер арасындағы пәнаралық байланыс іске асырылған. Бұл оқу материалдарын қайталамауға және Қазақстан тарихын әлемдік тарихи процестер контекстінде қарастыруға мүмкіндік береді;
тарихи ойлау дағдыларын (тарихи процестер мен құбылыстарды зерттеу, талдау, түсіну және түсіндіру) дамытуға бағытталған;
білім алушыларда тарихи сана, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға септігін тигізетін материалдарды зерделеуге ерекше көңіл бөлінген.
«Қазақстан тарихы» пәндері бойынша оқу бағдарламасының басты мақсаттарының бірі – оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру мен дамыту болып табылады. Сондықтан сабақта оқушылардың «тарихи ойлау» дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік беретін түрлі әдістәсілдерді (белсенді және проблемалық оқыту әдістері, зерттеу, жоба әдістері т.б.) қолдану ұсынылады. «Тарихи ойлау» өткен заманның кез-келген құбылысын сол заманның контекстінде, бұрын болған және кейінгі тарихи оқиғалармен өзара байланысында көру, анықтау, бағалау, талдау қабілетін білдіреді. Осы қабілетке ие болу арқылы оқушы өткен тарихқа қатысты білім мен түсінікке негізделген өзіндік дәлелді ұстанымды қалыптастыра алады. Тарихи ойлау дағдылары әрбір сабақта олардың біртіндеп кеңеюі мен прогрессиясы негізінде дамытылуы тиіс. Сондықтан, «Қазақстан тарихы» пәнін тарихи түсініктер негізінде оқыту ұсынылады.
Оқыту келесі түсініктердің негізінде құрылуы тиіс:
өзгеріс және сабақтастық (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қоғам қаншалықты өзгеріске ұшырады)
себеп-салдар (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қандай маңызды факторлар саяси үдерістерге әсер етті);
дәйек (белгілі тарихи кезеңнің өнері бізге құндылықтар, нанымсенімдер мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады);
ұқсастық пен айырмашылық (мысалы, XIII-XV ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттердің саяси құрылысындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтар);
5) маңыздылық (мысалы, Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы неде);
6) интерпретация (мысалы, белгілі бір тарихи оқиғаны түрлі зерттеушілер қалай сипаттайды).
Тарихи түсініктер негізінде оқыту тарихи оқиғалардың мағыналары мен маңыздылығын, үдерістер мен оқиғаларды «тез түсінуге» бағытталған, бұл пәннің мағынасын терең түсінуге көмектеседі.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5,6,7-сыныптарында «Қазақстан тарихы» пәні мазмұнына «Өлкетану» материалдары кіріктіріліп оқытылады.
«Өлкетану» материалдарын оқыту:
- білім алушыларда ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білім қалыптастыруға;
- туған өлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері және мәдени нысандары туралы білімдерін кеңейту;
- туған өлкенің дәстүрлі қолөнері, мәдени және әдеби мұралары мен өңір мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту;
- туған өлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу; оларды қорғауға жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған.
Өлкетану материалдары 5, 6, 7-сыныптарда, яғни әр сыныпта 4 сағаттан 12 сағат көлемінде оқытылады. Өлкетану материалдары оқу бағдарламасының базалық білім мазмұны мен ұзақ мерзімді жоспарға енгізілді. Оқу бағдарламасына сәйкес тоқсандағы бөлімдер мен бөлім ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркінде болғандықтан «Өлкетану» материалдарын әр сынып бойынша кіріктіріп оқыту ұсынылады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік талаптарына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау «Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген).
Бұйрықтың тиісті тармақтарына енгізілген толықтыруларға сәйкес:
БЖБ өткізу нысаны (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, эссе, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу және басқалар) мен сабағын және БЖБ орындау уақытын педагог өздігінен белгілейді. БЖБ үшін максималды балл 1-4 сыныптарда кемінде 7 және 15 балдан артық емес, 5-11 (12) сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық емес болуы керек.
Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
БЖБ тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді. Бөлімдер/ортақ тақырыптар тоқсанына төрт және одан да көп бөлімдерді/ортақ тақырыптарды оқып-зерделеген жағдайда тақырыптардың ерекшеліктерін және оқыту мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі. Оны екі кезеңде өткізуге болады.
Үлгілік оқу бағдарламаларына (негізгі және төмендетілген оқу жүктемесі бойынша) сәйкес 5-11-сыныптарда оқытылатын «Қазақстан тарихы» оқу пәнінен өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 2.2-кестеде көрсетілген.