Байланысты: Органикалық синтез химия технология теориясының методикалық оқу құралы
Ароматты қышқылдардың туындылары.Бензой қышқылын антисептикалық әсері бар зат ретінде денеге жағады. Натрий бензоаты қақырық түсіргіш дәрі ретінде(микстура немесе 15%-ды ерітінді түрінде егу арқылы) пайдаланылады. Салицил қышқылынантисептикалық және кератоликалық әсері бар дәрі ретінде спиртті ерітінділер, ұнтақ (2-5%), мазь және паст түрінде (1-10%) ішке қабылдайды. Натрий салицилатыішке қабылдағанда сырқырауға қарсы, қабынуға қарсы, ауырғанды басатын және арықтататын зат ретінде қолданылады. Аспирин ішке қабылдағанда сырқырауға қарсы, қабынуға қарсы, ауырғанды басатын және арықтататын әсері бар зат ретінде қолданылады. Фенилсалицилат (салол) ішек аурулары үшін антисептикалық әсер көрсетеді, оның ерекшелігі асқазанның қышқыл ортасынан гидролиздік айрылуға ұшырамай, тек ішекке барып қана ыдырайды. Салолдың осы қасиеті оны кейбір асқазанның қышқыл ортасына тұрақсыз дәрілердің қорғаныс қабықшасын жасайтын материал ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Метилсалицилат теріге жағуға арналған сырқырауға қарсы, қабынуға қарсы және ауыруды басатын мазьдер түрінде(кейде хлороформмен және майлармен қоспа түрінде) қолданылады.
Дәрілік зат ретінде неғұрлым көп қолданылатыны аспирин болып табылады. Салицил қышқылының фенолды гидроксил тобын сірке ангидридімен ацилдеу нәтижесіне аспирин түзіледі. Карбоксил тобы бос қалады және ол аспиринге қышқылдық қасиет береді. Осыдан аспириннің рационалды атауы – ацетилсалицил қышқылы шығады. Күрделі эфир ретінде ацетилсалицил қышқылы қайнатқанда сумен оңай гидролизге ұшырайды.
Салицил қышқылы бензой қышқылына қарағанда біраз күштірек болып келеді. Бұл ондағы карбоксил-анионнды тұрақтандыруға және қышқылдың өсіруге қабілетті молекулалыішілік сутектік байланыстың түзілуіне байланысты:
Салицил қышқылы басқа гидроксиқышқылдар сияқты үздіксіз қыздыру барысында фенолдың түзілуімен жеңіл декарбоксилденеді(52-сурет).