Мұнайдың электрлік (диэлектрлік) қасиеттері. Сусыз мұнай және мұнай өнімдері диэлектролит болып табылады. (мұнайдың диэлектрлік өткізгіштігі – 2, салыстырмалы түрде әйнекте – 7-8) Сусыз, таза мұнай өнімдерінде электрөткізгіштік өте аз, тіпті жоқ деуге де болады, бұл қасиеті олардың қолданылуына тиімді және практикалық маңызы зор. Сол себепті қатты парафиндер электротехникалық өндірісте изолятор ретінде қолданылады, ал арнайы мұнай майлары (конденсатор, трансфарматор) – трансфарматорға , конденсаторға және басқа да аппараттарға, мысалы, жоғары қысымды сымдарды толтыру үшін(изоляторлық май С-220) пайдаланылады. Мұнайдың жоғары диэлектрлік қасиеттері олардың бетіне статикалық электрлік зарядтардың жиналуына жағдай жасайды. Олардың жиналуы ұшқын шығаруы мүмкін, одан әрі өрт шығуға әкеп соғады. Статикалық электрдің жинақталуына қарсы қауіпсіз әдіс – аппараттың, насостың, трубалардың барлық металды бөліктерін жерге қосу.
Мұнайдың оптикалық қасиеттері.Мұнайдың оптикалық сипаттамаларына түсі, флуоресценттік және оптикалық активтілігі жатады.
Мұнай құрамындағы көмірсутектер түссіз болып келеді. Мұнайға түс беретін қосылыстар – шайыр мен асфальтендер және кейбір күкіртті қосылыстар. Құрамында асфальтендер мен шайыр көп болса, мұнай аурланып, түсі қоюланады. Мұнайдың жарық көзінде шағылысуы флуоресценция деп аталады. Мұнай флуоресценциясының себебі әлі белгісіз. Бұл құбылыс мұнай құрамындағы полиядерлі ароматты қосылыстар немесе қоспалар әсерінен болуы мүмкін деген мәлімет бар. Себебі, мұнайды терең тазалау флуоресценцияны жояды.
Оптикалық активтілікдеп мұнайдың басқа органикалық қосылыстар секілді жарық поляризациясының жазықтығын айналдыру қасиеті түсіндіріледі. Көпшілік мұнайлар поляризацияның жазықтығыноңға айналдырады, яғни құрамында оңға айналдыратын изомерлер бар. Мұнайдың бұл қасиетінің практикалық маңызы жоқ.
Мұнай және мұнай өнімдерінің оптикалық қаиесттеін сандық сипаттау үшін – сыну көрсеткіші (n20D), меншікті рефракция (r), рефрактометрлік айырма (Ri), меншікті дисперстілік (d) қолданылады.