С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет14/85
Дата31.08.2023
өлшемі6,43 Mb.
#105772
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   85
«555
» әдісі
Бұл да ұзақ, күрделі мәтінді студенттерге өз беттерімен
меңгеру
үшін берілген жағдайда қолдануға тиімді. Ең алдымен
оқу материалын толық оқып, түсінгенен кейін маңызды 5 абзац бөлініп
алынады. Әр абзацтың идеясын жеткізе алатын бір-бірден 5 сөйлем таңдалады.
22


Енді әр сөйлемнің өзегі болатын, ойды жеткізетін бір сөз алынады. Сөйтіп,
5 сөз қалады. Осы үдерісті кері айландырып қарасақ, 5 сөз мәтін бөліктерінің
атауы, ал 5 сөйлемді тезис деп, 5 абзацты мәтін деп алуға болады. 
Бұл әдіс те тақырыптың маңыздысын, негізгі идеясын түсінуге
көмектеседі. Осы талаптарды орындай отырып, студент мәтінді толық
меңгереді. 
«Ең бастысы» әдісі (М. Жанпейісоdоs)ва)
Модульдік оқыту технологиясында оқыта үйрету ойыны
ретінде қарастырылып жүрген бұл әдіс те - студенттерді
белсенді оқытуға жұмылдырудың тимді үлгісі.
 
Оның
жүзеге асырылу алгоритмі төмендегідей:
☺ қағаз бен қарандаш даярланады; 
☺ мәтін жылдам әрі мұқият, зейін қоя оқылады. Тағы бір қарап өткен соң
жарыс басталады
☺ осы мәтіннен оқу материалын сипаттайтын бір ғана сөз таңдалады
(гонг);
☺ сосын студенттер мәтінді бір сөйлеммен сипаттайды;
☺ сол сөздің бір „құпиясын”, яғни, онсыз мәтін мағынасыз болатындай бір
ерекшелігін табады; 
☺ топтар арасында талқылау басталады;
☺ сағат тілі бағытымен топтардың жазып алған сөйлемдері бір топтан
екіншісіне, сосын үшіншісіне, ... жылжытылады. 
☺әр топтың нұсқалары жазылып алынады;
☺ең жақсы нұсқа таңдалып, қорытындыланады;
☺рефлексия жасалып, не үшін сол сөйлем таңдалғаны негізделіп,
талданады. 
Нәтижесінде: студент мәтіннің негізгі идеясын жете түсінеді, өз ойын
дәлелдеп айтып беруге үйренеді, оқу материалы әрі жылдам, әрі жеңіл
меңгеріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет