С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет51/85
Дата31.08.2023
өлшемі6,43 Mb.
#105772
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   85
Байланысты:
Сембинова-1

ТВ шоdоs)у
ТВ шоу көбінесе айтылым, тыңдалым
дағдыларын дамытуға негізделеді. Ол
теледидарда жиі жүргізілетін пікірталастар
желісі бойынша ұйымдастырылады. Танымал телехабар айдарын бере отырып,
соның жүргізілу барысы, реті бойынша ұйымдастыруға болады (мысалы,
«Айтуға оңай», «Парасат майданы», «Кім? Қайда? Қашан?» т.б.) Оның
барысында жүргізуші түрлі кейіпкерлермен тақырыпты талқылайды.
Кейіпкерлердің рөлі алдын ала айқындалады.
4-6 студент бүкіл аудиторияның алдына шығып, ұсынылған мәселе
бойынша өз ойларын жария қылады. Ал жүргізуші үнемі олардың
көзқарастарының қарама-қарсы жақтарына назар аударып, пікірледің
қақтығысуына әкеліп отыратындай, күрделі, проблемалық сұрақтар қойып
отыруы тиіс. Қатысушылардың әрқайсысы өз ойларын дәлелдеуге тырысып,
қарсы пікірлерге дау айтады. Аудитория тыңдайды. Соңында жүргізуші
талқыны қорытындылап, ортақ шешім табуға тырысады. Бұл әдіс
қатысушылардан ұтқырлықты, тақырыпты терең меңгеруді талап етеді.
Фоdоs)рум
Бұл әдіс те белгілі бір тақырыпты
талқылауға, соның төңірегінде ой өрбітуге
негізделеді. Жалпы “ТВ-шоуға” ұқсас.
Үлкен форумдардың өтуі сияқты алдын ала
мәселе қойылады, ол өтілген тақырыпқа
немесе тұтас бір тарауға қатысты болуы
шарт. Форумға топтың барлық мүшелері
қатыса алады. Модератор үдерісті бақылап, тақырыптан ауытқып кетпес үшін
бір арнаға бұрып отырады. Ал қалған қатысушылар өз орындарынан сұрақ
қойып, өз пікірлерін берілген уақытта қысқа түрде баяндайды, тайм-
76


менеджмент қатаң сақталуы тиіс. Осы арқылы бүкіл аудитория пікірталасқа
түседі.
Жалпы форум – адамдардың алқалы бас қосуы, онда көп мәселелер
талқыға түседі, тәжірибе алмасады. Форум сөзі Ежелгі Рим тарихымен тікелей
байланысты. Ол кезде мәмілелер жасалатын, келісімге келетін, бір сөзбен
айтқанда қаланың қайнаған өмірі өтетін орталық алаңды атаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет