С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет57/85
Дата31.08.2023
өлшемі6,43 Mb.
#105772
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   85
Байланысты:
Сембинова-1

Аквариум
Студенттерге қандай да болмасын проблеманы
“көрермендер” алдында диалог үрдісінде талдауға
мүмкіндік беретін тәсіл. Бұл тәсілді қолдану – топқа өз
идеяларын ұсынуда тиімді, студенттердің өз ойын
негіздей алу қабілетін дамытып, сараптамалық сұрақтар
қоя білуге үйретеді.
Жүзеге асырылуы:

барлық қатысушылар шағын топтарға топтасады (3-4 адамнан);

бір шағын топ аудитория ортасындағы үстелге келіп отырады
(«аквариумге»), оқытушы немесе жүргізуші оларға талқыланатын тақырып
немесе сұрақты береді және қажетті ақпаратты да ұсынуына болады. Ал қалған
топтар (белсенді емес) бақылаушы рөлін атқарады;

белсенді («аквариумдегі») топ тапсырманы дауыстап оқып,
талқылайды, ал бақылаушылар үнсіз тыңдайды, әңгімеге араласпайды, қажет
жерінде жазып алуларына болады;

белсенді топ залдағы орындарына барып отырады да, бақылаушылар
енді «аквариумге» келіп жайғасады. «Аквариумдегі» топ бірінші пікірге баға
береді, олардың аргументтеріне пікір айтады, сосын талқыланып жатқан сұрақ
бойынша өз ойларын дәлелдеуге тырысады;

«аквариумде» кезекпен барлық топ болып шығуы тиіс; 
Жалпы барлық топ бір ғана мәселені талдауына болады немесе әр топқа
әртүрлі сұрақ беруге де болады. «Ыстық орындық» әдісіне ұқсайды, онда бір
ғана студент «ыстық орындыққа» отырып, жауап берсе, бұл жерде шағын топ
«аквариумде» болады.
84


Кубизм
Өту барысы: кубтың әр жағына «Не үшін?»,
«Түсіндір», «Атап бер», «Ұсын», «Ойластыр», «Бөліс»
атты тапсырмалар жазылады. 
Оқытушы кубикті тыңдаушыларға қарай лақтырады.
Кубикті ұстап алған тыңдаушы белгілі бір тақырып
аясында кубиктің қырындағы тапсырманы
басшылыққа ала отырып, сұраққа жауап береді. Оны
топ ішінде талқылау, ойластыру арқылы жүзеге асыруға болады. Кейін топ
кубикті келесі топқа лақтыру арқылы өз сауалдарын жолдайды. 
Ал кубикті ұстап алған топ сұраққа жауап беріп, өздеріңе түскен
тапсырма негізінде сұрақ ойластырады. Осы бағытта жалғаса береді.
Қойылатын сұрақ кубик қабырғасындағы сұрақтарға сай болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет