С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет47/85
Дата31.08.2023
өлшемі6,43 Mb.
#105772
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   85
Байланысты:
Сембинова-1

 
 Баяндама (М. Жанпейісоdоs)ва)

Оқытушы мәтінді оқуды, соңынан оның мазмұнын сурет,
белгі, сызба түрінде беруді ұсынады. Бұл „шпаргалканы”
жанындағы көршісіне беруі керек.

Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін немесе сызбаларын
қолдана отырып, осы мәтін бойынша „баяндама” жасайды.

„Баяндама” мазмұнын неғұрлым кең ашып қорғап, ең жақсы
көрнекі құрал ұсынған жеңімпаз болады.
Семинар сабақ (М. Жанпейісоdоs)ва)

Даярлық бөлімі
. Жүргізуші- оқытушы студенттерге
семинарлық сабақ туралы бірнеше күн бұрын айтып,
тақырыппен танысып келуге тапсырмалар береді. Олар
тақырып бойынша қосымша материалдар дайындайды,
оқу-әдістемелік, сыни-теориялық әдебиеттерді оқиды,
алынған ақпаратты талдайды, интернет ресурстарды пайдаланады.

Ойын бөлімі.
Жүргізуші тақырыпты жариялайды, кіріспе сөз
сөйлейді, рет-ретімен сұрақтарды жариялайды. Студенттер баяндама жасап, өз
орындарынан баяндамашылардың жауабын толықтырып отырады. Семинар
барысында әрбіреуінің қанша балл жинағанын жүргізуші анықтайды.

Семинарлық сабақтың соңында жүргізуші қорытынды жасайды.
Әрбір қатысушының ұпай санын есептейді. Алғыс айтады.
Кім? Қашан? Қайда?

Студенттер үш топқа топтастыруға болады және
әр топқа бір сұрақты таңдап алу ұсынылады. Белсенді
оқытудың бұл түрі әдеби шығармаларды немесе тарихи
оқиғаларды және т.б. мәселелерді талқылау, талдау
барысында қолданылады.
71



«Кім?»
деген сұрақты алған топ тек кейіпкерлер немесе танымал
тұлғалар туралы ғана пікір айтады. 

«Қашан?»
сұрағын алған топ оқиғаның қашан болғанын немесе
тұлғаның өмір жолына байланысты даталарды сөз етеді.

«Қайда?»
деген сұрақ тиген топ оқиғаның қайда болғанын айтуы тиіс.
Бұл бір тақырыпты бастан-аяқ баяндайтын бір сарындылықтан арылтады.
Сонымен қатар, талқылауға бірнеше адамның қатысуына, бір мезгілде көптеген
студенттің білімін тексеруге мүмкіндік туады. Жаттанды білімнен гөрі сыни
ойлауға да үйретеді. Сонымен қатар, берілген сұрақ төңірегінде ғана пікір айту
студенттің оқу материалын меңгергенін де ұқтырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет