С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал


е  Екінші ереже.  Шағын топтарға топтастыру



Pdf көрінісі
бет76/85
Дата31.08.2023
өлшемі6,43 Mb.
#105772
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   85
Байланысты:
Сембинова-1

е
 Екінші ереже. 
Шағын топтарға топтастыру.
 
Бұл мәселеде біраз пікір қайшылықтары кездеседі. Көбінесе «топқа
бөлу» деген ұғым қолданылып жүр, ал енді бір пікірлерге сүйенетін болсақ,
«біз топқа бөліп, араға іріткі салмай, оларды керісінше біріктіріп,
топтастыруымыз қажет» екен. Сол себепті де топты «шағын топқа топтастыру
немесе біріктіру» деп алған жөн шығар. Сонда білім алушылар санасына да
бөліну емес, бірігу болып ұялайтын болар.
Сонымен әр сабақта үйренушілерді шағын топтарға біріктіріп, сол
арқылы олардың бірлесе жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасау керек. Шағын
топтарда 4-5 адам болғаны тиімді. 4 адам кейде сол шағын топта жұптық
жұмыс жүргізіп жіберуге қолайлы болса, 5 адамның болуы пікірталас арқылы
бір шешімге келуде, қатысушылар санының көптігін қажет етеін рөлдік
ойындарда, т.б. жағдайларды қолайлы. Олардың партаны жағалай бір-біріне бет
қаратып отырғаны және басқа топтарды да көретіндей етіп орналасқандары
дұрыс.
оптастыру әдетте кездейсоқ түрде жасалынады. Алайда жыл бойы бір білім
алушы басқалармен барлық сабақтарда топ құрамында жұмыс жасап шығуы
керек. Мұндағы басты мақсат - үйренушілердің бір-бірімен тиімді қарым-
қатынас құрып, ортақ тіл таба білуіне ықпал жасау. Шағын топқа біріктіруді
әрекетке негіздеп, қызықты қылып өткізген жөн.
е
 Үшінші ереже.
 
Мақсатты және күтілетін нәтижелерді айқындау
.
Әр сабақтың басында оқытушы түрлі болжау әдістерін (кроссенс,
терминдер арқылы болжау, қара жәшік) қолдана отырып немесе өзі баяндап
қарастырылатын тақырып бойынша сабақтың тақырыбын айқындап, мақсатты
үйренушілермен бірге қояды. Сонан соң олардан сабақтан нендей нәтиже
күтетіндерін құрастыруды талап еткен орынды. Бұл әрекет әр үйренушіде
өзінің сабаққа тікелей қатысы бар екендігі туралы ойлануға жетелейді.
е
 Төртінші ереже. Жұмыс ережелерін қабылдау.
Сабақ басында жұмыс немесе топ ережелерін қабылдап, оларды әрі
қарай қатаң ұстану үйренушілерді тәртіпке шақырып, тиімді әрі үнемді түрде
жұмыс жасауға тәрбиелейді. Ол үшін әрбір шағын топ бұл мәселені 1-2 минут
116


талқылап алғаннан кейін, олардың ұсыныстарын флипчартқа, плакатқа түрлі-
түсті маркерлермен жазып, дәрісхананың көрнекті жеріне іліп қоюға болады.
Өздері құрастырып қабылдаған ережелерді үйренушілер мейлінше қадағалауға
тырысады.
Ережелер сан қилы болуы мүмкін, мысалы, жұмыс регламенті, реті мен
тәртібін анықтайтын, алайда олардың дені бірлескен жұмыста сыйласымды
қарым-қатынас құруға бағытталғаны жөн. Ол мынадай мазмұнда: «Біреудің
сөзін бөлмейік!», «Тұлғаның жеке басын сынамай, көзқарас пен пікірді есепке
алайық!». «Қысқа да нұсқа сөйлейік!», «Уақытты үнемді әрі тиімді
пайдаланайық!», «Т ақырыптан ауытқымайық!», «Біз үшін әрбір пікір құнды!»,
«Жекелей жұмыс жасағанда, бір-бірімізге бөгет жасамайық!», «Топ мүддесі
бәрінен де жоғары» т.с.с. болуы ықтимал.
Оқытушының міндеті - осы ережеден ауытқыған кезде естеріне түсіріп,
ескертіп отыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет