Бет жарақатының жазылуы дегеніміз-тыртық көлемінің кішіреюі, табиғи жағдайлардың нәтижесінде олардың өңінің өзгеруі, мысалы, тыртықтардың әжімдерге, мойын қыртыстарына және т.б. ұқсап тұруы болып табылады, сондай-ақ консервативтік емдеу әдістерінің нәтижелері де осыған жатады. Ал егер консервативтік емдеу жақсы нәтижеге жеткізбей, зақымданушыға косметикалық операциялар жасалса, жарақат операцияның нәтижесіне қарамастан қалпына келмейтін жарақат деп қаралады да ауыр дене жарақатына жатады, өйткені мұндай жэағдайда орын алатын іш құса болып қатты қайғыруға бет-пішіннің өзгеруі ғана емес, адамның қоғаммен байланысының бұзылу қаупі де негіз болады.
и) Еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалту деп – жалпы еңбек қабілеті, мамандықты талап етпейтін еңбекке қабілеттілік айтылады. Еңбек қабілетінің үштен бірін жоғалту зардап шеккен адамның жалпы еңбек қабілеті мен оның жоғалту көлемін онша өзгертпейтін жарақат зардаптарының біршама жақсаруы организмдегі өзгерістермен бірге байланысты. Еңбек қабілетін жоғалту тек тұрақты болады. Жалпы еңбек қабілетінің 33-пайыз мөлшерін жоғалту ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Кәсіптік еңбек қабілетін жоғалтуды анықтау зардап шеккен адамның кәсіптік еңбек қабілетінен айыруға ниеттенгендік анықталатын жағдайларда тергеушінің қаулысы немесе сот қаулысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Еңбекке қабілетті адамның еңбек қабілетін жоғалтуына апарып соғатын жарақаттар жас балаға, қарт адамға, кәмелетке толмаған жасқа, 1-топтағы мүгедекке, яғни еңбекке жарамсыз адамдарға салынуы мүмкін. Мұндай жағдайларда дене жарақатының қаншалықты ауыр екенін анықтағанда мыналар негізге алынады: балалардың кейін ол 10 жасқа толғанда еңбек қабілетін қандай дәрежеде жоғалтқаны көрсетіледі;
мүгедек адамның алынған жарақатқа байланысты еңбек қабілетін біржола жоғалтуы дені сау адамдардікі сияқты анықталады, яғни мүгедектігі мен тобы ескерілмейді.
е) Егер келтірілген зақымдардың салдарынан түсік болса, екіқабат екендігінің мерзіміне қарамастан, ол ауыр дене жарақатына жатқызылады. Бұл орайда арнайы акушерлік-гинекологиялық зерттеулер арқылы түсіктің зардап шегуші организмінің жеке ерекшеліктеріне, яғни ауырлығына немесе ішкі жыныс мүшелерінің жетілмегендігіне байланысты емес, қайта оған дене жарақатының тікелей себеп болғаны анықталуға тиіс.
ж) Жарақат алуға байланысты іш құса болу (психикасының бұзылуы) ауыр дене жарақатының белгісі болып табылады. Мысалы: бас сүйек жарақатына байланысты пайда болатын қояншық (эпилепсия) осындай ауру. Іш құсаның диагнозын қою және оның себебі жарақат алуға байланысты екенін анықтау сот-психиатриялық сарапшының құзыретіне жатады.
з) Есірткімен немесе уытты умен ауруға душар еткен денсаулықтың бұзылуын тудыру денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру. Бұл есірткі немесе уытты у арқылы адамды соған душар етіп, оған ауыр дене жарақатын келтіру болып табылады. Ауыр дене жарақатының салдарынан жәбірленушінің өліміне әкеп соғатын кінәлының әрекеттері тікелей басқа адамның денсаулығына қол сұғуға бағытталады, сондықтан да жалпы кінәлылық әрекеттері адам денсаулығына қарсы қылмысқа жатады. Жалпы кінәлының әрекеттерінің субъективтік жағын қарастырсақ, кінәлыны өзінің қасақана әрекеттері арқылы жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіреді, мұндай әрекеттерді ол тілеп немесе саналы түрде жол беріп істейді, бірақ бұл әрекеттердің салдарынан келетін зардап, зиян жәбірленушінің өлімі абайсызда болады, яғни кінәлы жәбірленушінің өлуін тілемейді, ол өлмейді деген менмендік немесе немқұрайдылық қатынас түрінде болады. Егер абайсызда жәбірленушіге ауыр дене жарақаты келтірілсе, мұның салдарынан жәбірленуші өлетін болса, онда бұл жағдай абайсызда кісі өлтіру қылмысы құрамын құрайды.