С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім


Кәсіптік спорт жарыстарының және ойын-сауықтық коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу (201-бап)



бет89/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   231
Байланысты:
С. Т. Иксатова ылмысты Ы ерекше б лім

Кәсіптік спорт жарыстарының және ойын-сауықтық коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу (201-бап)

Қылмыстық кодекстің 201-баптың 1 және 2 бөліктерінде кәсіптік спорт жарыстарын және ойын-сауықтық коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу қылмысының құрамы белгіленген. Қылмыстың тікелей объектісі-кәсіптік спорт жарыстарының және ойын-сауық коммерциялық конкурстардың ұйымдастырылуы мен оларға қатысудың тәртібін белгілейтін қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстың затына-ақша, бағалы қағаздар және мүліктік заңсыз сыйақы немесе мүліктік сипаттағы қызмет көрсетулер жатады. Объективтік жағынан қылмыс әрекет арқылы-кәсіптік спорт жарыстарының спортшыларын, спорт төрешілерін, жаттықтырушыларын, команда басшыларын, басқа да қатысушылар мен ұйымдастырушыларды, ойын-сауықтық коммерциялық конкурстардың ұйымдастырушыларын, қазылар алқасы мүшелерін сатып алу арқылы жүзеге асырылады. Сатып алу дегеніміз жоғарыда көрсетілген адамдарға кінәлының тікелей өзінің немесе делдал арқылы спорт жарыстарының немесе ойын-сауық конкурстарының қорытындысына ықпал ету мақсатымен ақша, мүлік тапсыруы немесе оларға мүліктік сипаттағы қызмет көрсетуі болып табылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және арнаулы мақсатпен істеледі. Қылмыстың субъектісі-сатып алу әрекетін істеген кез келген жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.




Бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін бұзу (202-бап)

Нарықтық экономикаға көшу жағдайында мемлекеттің шаруашылық қызметінде бағалы қағаздардың айналымының рөлі арта түспек. Бағалы қағаздар белгілі құндылыққа ие бола отырып, ол ақша қаражатымен бірдей төлем немесе айналым құралы ретінде немесе заңда белгіленген басқа да қызметті атқарады. Осыған байланысты бағалы қағаздарды шығару тәртібін бұзу саласындағы әр түрлі қиянаттардың қоғамға қауіптілік дәрежесі ерекше зор. Қылмыстың объектісі-бағалы қағаздарды шығару тәртібін реттейтін қоғамдық қатынастар болып табылады. Бағалы қағаздарды шығару тәртібі Қазақстан Республикасының арнаулы заңымен белгіленген. Қылмыстың заты-эмиссиялық бағалы қағаздар. Азаматтық кодекстің 130-бабында бағалы қағаздың түрлері-облигация, вексель,чек, банк сертификаты, коносамент, акция және бағалы қағаздар қатарына жатқызылатын басқа да құжаттар деп көрсетілген. Осы қылмыстың затына тек қана нарықтық айналымға шығарылатын бағалы қағаздар ғана жатады. Мұндай бағалы қағаздардың эмитенті болып ҚР Ұлттық банкінен бағалы қағаздарды шығаруға арнаулы рұқсат-лицензия алған қаржы ұйымдары болады. Бағалы қағазға қойылатын барлық талаптарды куәландыратын ресми құжат-эмиссия проспектісі деп аталады. Қылмыстың объективтік жағы мына әрекеттерді істеу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: 1) Көрінеу сенімсіз ақпараты бар эмиссия проспектісін бекіту. Бұл ресми құжатқа жалғандық жасаудың бір көрінісі болып табылады. Бұл әрекетті эмитент ақпараттың көрінеу сенімсіз екендігін және оны белгілі бір зардапқа әкеліп соғатынын біле тұра эмиссия проспектісіне енгізіп, бекітеді.


2)Бағалы қағаздарды шығару жөніндегі көрінеу сенімсіз есепті бекіту. Көрінеу сенімсіз есеп жалған құжаттың бір түрі, онда бағалы қағаз шығарудың көлемі, эмиссияланған бағалы қағаздарды шығарудың саны; оларды орналастыру мерзімінің басталуы және аяқталуы; бағалы қағаздардың бағасы және оны төлеу тәртібі; эмиссияланған бағалы қағаздардан алынатын табыс; эмиссияланған бағалы қағаздарды тіркеуді жүзеге асыратын органның атауы туралы көрінеу сенімсіз мәліметтер әдейі бекітіледі. Құрылысы жағынан бұл қылмыс формальдық құрамға жатады. Қылмыс объективтік жақтың белгілерінде көрсетілген балама әрекеттердің біреуін істегеннен соң аяқталды деп танылады. Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен жасалады. Қылмыстың субъектісі-арнаулы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет