Жаңа желіні құру топологиясы бірнеше факторлар негізінде анықталады:
■ желіге қосылған компьютерлер саны;
■ компьютерлердің өзара орналасуы және олардың қашықтығы;
■ желінің өткізу қабілеті;
■ желінің сенімділігіне қойылатын талаптар;
■ жабдықтарды құны жағынан шектеу;
■ кабельді төсеу мүмкіндігі және т.б.
Желінің таңдап алынған топологиясы, өз кезегінде, пайдаланылатын желілік
жабдық пен бағдарламалық жасақтаманы таңдауды анықтайды.
Желілік жабдық
Желілік кабель — желі элементтерін (компьютерлерді және басқа құрылғыларды)
бір-біріне қосудың негізгі жолы. Заманауи компьютерлік жергілікті желілерде
қолданылатын кабельдердің бірнеше түрі бар.
Есулі қосақ. Қазіргі уақытта жергілікті желілерде қолданылатын кабельдің негізгі
түрі. Ол 16 қос-қостан өрілген сымнан (сымның атауы осы жерден келіп шығады) тұрады
(1.7-сурет).
Есулі қосақөткізу қабілеті 100 Мбит / с және одан көп желілерді құруға мүмкіндік
береді. Дегенмен, бір кабельдің ұзындығы бойынша шектеулер бар (100 м дейін),
сондықтан егер үлкен қашықтаорналасқан компьютерлерді қосу қажет болса, қосудың
басқа түрлері қолданылады.
Есулі қосақты компьютерге немесе басқа құрылғыға қосу үшін кабельдің
ұштарына арнайы жалғағыштар орнатылады (1.8-сурет). Мұндай жалғағыш RJ-45
халықаралық белгісімен белгіленген.
Достарыңызбен бөлісу: