2.13 -сурет. Outlook Express бағдарламасындағы папкалар ағашы
Сүзгі үшін критерийлері ретінде жіберушінің немесе алушының мекен-жайлары
яки хат тақырыбында немесе хабарламаның өз мәтінінде кездесетін жай сөз бола алады.
Қазіргі заманғы пошта бағдарламасының тағы бір аса маңызды мүмкіндігін атап
өтуге болады. Қазір электрондық мекен-жайды алу өте оңай, себебі көпшілігіңізде
бірнеше пошта жәшіктері болуы да мүмкін. Пошта клиенттердің көпшілігі бірнеше
пошта жәшіктерімен бір мезгілде жұмыс істеуге ықпал етеді. Кейбір жағдайда бұл өте
ыңғайлы болады. Бір жәшік жеке хат алмасуға, енді біреуі — қызметтік хат алмасуға
және т.б. қызмет көрсетуге арналады.
WWW арқылы поштамен жұмыс істеу. Электрондық поштамен жұмыс істеудің
жаңа тәсіліне қатысты әдетте браузерді пайдалану үлкен танымал жетістіктерге ие болып
отыр. Егер пошта серверінде арнайы бағдарламамен қамтамасыз ету орнатылған болса,
онда WWW арқылы электрондық поштаға қол жеткізуге мүмкіндік беретін осындай
мүмкіндіктер пайдаланушыда да бар.Осындай бағдарламаның қол жеткізу тәсілі түрінің
бірі Web mail деп аталады.
Оның бірнеше артықшылықтары бар: біріншіден, пошта клиенттеріне қосымша
бағдарламаны іске қосу қажет емес,бәрі браузер арқылы жасалады; екіншіден, көптеген
пайдаланушылар үшін үлкен қиындықтар тудыратын пошта жәшігінің параметрлерін
есте сақтау және баптау қажет емес, егер Web mail пайдаланған жағдайда сайтқа кіру
керек және логин мен құпия сөзді енгізу керек; үшіншіден, әрбір компьютерде браузер
бағдарламасы бар болғандықтан, кез келген компьютерден, кез келген жерден өз
поштаңызға қол жеткізуге оңай және тез жүзеге асады.
Алайда, поштамен көп және жиі жұмыс істейтін пайдаланушылар үшін бірқатар
кемшіліктер бар: навигация ыңғайлылығы, автоматты түрде сүзгі мүмкіндіктері және
қолмен сұрыптау анағұрлым пошталық клиенттерден қалып қояды; Web mail-мен жұмыс
істеу жылдамдығы әдетте айтарлықтай төмен әрі пошта пайдаланушының компьютеріне
жүктелмейді, тек WWW арқылы бейнеленеді.Қалған Web mail-мен жұмыс істеу тәсілдері
Достарыңызбен бөлісу: