С. В. Киселев и. Л. Киселев желілік технологиялардың негіздері


 -сурет. ICQ бағдарламасының терезесі



Pdf көрінісі
бет55/79
Дата06.01.2022
өлшемі3,07 Mb.
#15046
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   79
2.14 -сурет. ICQ бағдарламасының терезесі 

 

 

 

 

 

 

 

46

 

тарау 

2 

Ғаламдық компьютерлік желілер

 



 

 

 



 

 

ICQ (ағылш.I seek you — мен сені іздеп жүрмін). ICQ өзі интернетте пайда болған 

кезден бастап өзінің пайдаланушылары арасында тез уақытта айтарлықтай 

танымалдыққа  ие болды. Қазіргі заманғы адамның іс-жүзінде пайдалану үшін 

қарапайым ICQ қолжетімділігі мен тегін болуын ұштастыра отырып,e-mail сияқты 

міндетті атрибут етіп жасады. ICQ пайдалану үшін клиент деген арнайы бағдарлама 

қолданылады, оны  www.icq.com сайтынан тегін жүктеуге және өз компьютеріңізге 

орнатуға болады. 

Бағдарламаны алғашқы рет іске қосқанда өзіңіздің есептік жазбада тіркелген 

деректеріңізді енгізіңіз, ал егер жоқ болса, ICQ серверіне тіркеліп, есептік жазбаны 

(UIN) алу керек. 

Бүкіл процесс бірнеше минутты алады, содан кейін сіз бірден ICQ қосыласыз және 

қарым-қатынас жасауды бастай аласыз. 

Корреспондентпен сөйлесуді бастау үшін оның (UIN) есептік жазбасындағы 

нөмірін білу керек — сондай-ақ, электрондық хабарлама жіберу үшін e-mail мекен- 

жайын білу керек. Тұрақты корреспонденттердің тізімі ол мекен-жай кітабымен ұқсас 

пошталық клиент бағдарламасында контактілер парағында жүргізіледі (2.14-сурет). 

Пайдаланушы нақты уақытта on-line режимінде кім отырғанын көре алады. 

Хабарлама жіберу үшін корреспондентті тізімнен тінтуір көмегімен таңдайды және 

ашылған терезеде қысқаша хабарламаны тереді, ол бірден әңгімелесушіге жіберіледі, ал 

сіз жауап күтесіз. Егер жауап келсе, сіз дыбыстық сигнал естисіз және байланыс тізімінен 

жыпылықтап тұратын хат көресіз.Бір мезгілде осындай «әңгімені» бірнеше 

әңгімелесушілермен бірден жүргізуге болады. Бағдарлама қабылданған және жіберілген 

хабарламалар журналын жүргізеді. 

Интернет арқылы on-line режимінде қарым-қатынас жасау үшін көптеген 

бағдарлама сыныбын әзірлеу барысында ICQ-ды ойлап шығарғандар алғашқы із 

салушылар болды. Осындай бағдарлама сыныбы Instant messengers(сөзбе-сөз «лездік 

хабарламалар») деп аталады.Өздерінің ұқсас өнімдерін шығарды. Microsoft — MSN 

Messenger, Yahoo — Yahoo! Messenger және т.б. Бұл мессенджерлердің әрқайсысы өзінің 

серверімен жұмыс істейді (MSN Messanger — Microsoft серверімен, Yahoo Messenger! — 

Yahoo серверімен) және өз байланыс хаттамаларын пайдаланады. Сондықтан ICQ 

бағдарламасын пайдаланушы MSN Messenger бағдарламасын пайдаланушысына 

хабарлама жібере алмайды якикерісінше. 

ICQ клиент-серверлік технология бойынша жұмыс істейді: егерICQ сервері істен 

шығып қалса, онда барлық пайдаланушының бағдарламасы жұмыс істеуді тоқтатады 

және серверді қалпына келтірмейінше хабарлама жіберуге болмайды. Дәл солай  — егер 

сізде интернет желісі жоқ болып кетсе, онда тіпті сіз қосылған жергілікті желіге 

қосылған және көрші столда отырған корреспондентке де ICQ бойынша хабарлама 

жіберуге болмайды, өйткені ICQ жұмыс істеу үшін сервермен байланыс қажет. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет