Электрондық ақша пайдаланушы компьютерінің қатты дискісінде немесе смарт-
картада сақталады. Осындан кейін өзіңіздің
Әмияннан әртүрлі қызметтерге төлем
жасауға болады. Әмиянды толықтыру әртүрлі тәсілдермен жүзеге асуы мүмкін:
пластикалық карта, пошта аударымдар көмегімен, банк арқылы және т.б.
Қауіпсіздік және интернет
Заманауи интернет дербес компьютерлер үшін үлкен қауіп тудырады:
■
компьютерге вирус кіріп кетуі мүмкін, соның салдарынан сіздің компьютеріңіздегі
файлдар бұзылады;
■
сізге білінбей троян бағдарламасы еніп кетуі мүмкін, ол компьютердің жұмысын
«тежейтін» болады;
■
қаскүнемдер компьютерді бұзуды жүзеге асыруы мүмкін;
■
тыңшылық бағдарлама компьютерде сақталып тұрған (кредиттік карта кодтары,
жеке хат жазбалар, мәтін және келісім шарттар және т.б.) аса маңызды ақпаратты
ұрлап алуы мүмкін.
Корпорациялық жергілікті желідегі жұмыстық станцияларды және серверлерді
қорғаумен мамандандырылған бөлімшелер айналысады. Пайдаланушы үйдегі өз
компьютерін өз бетінше қорғауға тиіс. Қорғаудың негізгі құралдарын атап өтейік.
Антивирустық бағдарламалар. Бұл компьютерлерді қорғайтын бағдарламалар; олар
операциялық жүйе құрамына кірмейді, оларды сатып алу керек немесе тегін
бағдарламаны пайдалана отырып компьютерге орнату қажет. Антивирустық
бағдарламаның «жаңа» нұсқасы болуы аса маңызды – вирустардың жаңа нұсқалары
тіпті күнделікті пайда болып отырады, сондықтан ескі антивирустық бағдарлама жаңа
вирусты таба алмайды және оны компьютерге өткізіп жіберуі мүмкін. Сондай-ақ
антивирустық базаны тұрақты жаңартып отыру қажет.
Антивирустық база —вирустар туралы ақпаратты сақтайтын файлдар жинағы.
Қандай антивирустық бағдарлама пайдалануға байланысты қорларды аптасына бір
рет, тәулігіне бір рет және тіпті тәулігіне бірнеше рет кіріп жаңартып тұру керек.
Антивирустық қорларды жаңарту әдетте интернет арқылы жүргізіледі — бұл функция
ереже сияқты антивирустық бағдарламаның өзіне орнатылған және мәзір арқылы қолмен
я болмаса тұрақты кесте бойынша шақырылады.
Желіаралық экрандар. Дербес желіаралық экрандар тек соңғы бірнеше жыл ішінде
таралып жатыр. Дербес желіаралық экрандар — арнайы бағдарлама, ол желі бойынша
қандай мәліметтер таралғанын, компьютерде қандай бағдарлама іске қосылғанын, оқуға
немесе жазуға, құруға қандай файлдар ашылғанын бақылап отырады.
Желіаралық экран бағдарламасы алдын ала берілген ережелерге байланысты
анықталған іс-әрекеттерге рұқсат береді немесе тыйым салады, журналға хабарлама
жазуы немесе пайдаланушыға ескерту хабарламасын жіберуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: