Қашықтықтан оқыту.
Қашықтықтан оқыту (ҚО) — интернет ресурстар желісі мен телекоммуникациялық
технология көмегімен жүзеге асырылатын, оқушылар мен мұғалімдердің бір-бірінен
қашықтықтан өзара іс-қимылмен білім беруге негізделген оқыту үлгісі. Қашықтықтан
оқытуғабарлық оқу процесіне тән оқыту жүйесінің компоненттері кіреді: мақсаты,
мазмұны, ұйымдастыру формалары, оқыту құралдары, бақылау жүйесі және бағалау
нәтижелері.
Қашықтықтан оқыту кезінде әртүрлі ақпараттық-коммуниктивтік технологиялар
қолданылуы мүмкін:
■
қашықтықтан оқыту курстары;
■
электрондық пошта (сонымен бірге сілтемелер тізімі);
■
форумдар мен блогтар;
■
чат жәнеICQ;
■
теле және бейне конференциялар т.б.
Қашықтықтан оқыту өзінің әдістемесі бойынша (күндізгі, сырттай, кешкіоқыту,
экстернатпен қатар) жеке оқыту үлгісінің үміткері бола алады.
Қашықтықтан оқыту әртүрлі ұйымдастырылған үлгіде жүзеге асырылуы мүмкін.
Сонымен қатар күндізгі және қашықтықтан оқыту интеграциясының моделі болады.
Қашықтықтан оқыту сырттай оқыту, кешкі оқыту, экстернат үшін ыңғайлы оқыту үлгісі
болып табылады.
Компьютерлік телекоммуникация көмегімен жүзеге асырылатын қашықтықтан
оқыту барысында келесі сабақтар үлгілерін пайдалануға мүмкіндіктер бар:
■
чат-сабақ — чат-технологияны пайдалана отырып жүзеге асырылатын оқу
сабақтары. Чат-сабақтарсинхронды өткізіледі, яғни барлық қатысушылар чатқа бір
мезгілде кіре алады. Көптеген қашықтықтан оқыту оқу орындары аясында мұғалімдер
мен оқушылардың қашықтықтан қызметті ұйымдастыру чат-кабинеттер көмегімен чат-
мектептер жұмыс істейді;
■
веб-сабақ — «Бүкіләлемдік тор» телекоммуникация құралы мен басқа
мүмкіндіктер көмегімен өткізілетін қашықтықтан оқыту сабақтары, конференциялар,
семинарлар, іскерлік ойындар, зертханалық жұмыстар, практикалық және оқу
сабақтарының басқа да түрлері.
Веб-сабақтар үшін мамандандырылған білім беретін веб-форумдар пайдаланылады
— онда сәйкес бағдарламамен орнатылған анықталған тақырып немесе мәселе бойынша
жазбалар көмегімен сайттардың бірінде қалдыратын пайдаланушының жұмыс істеу
үлгісі.
Чат-сабақтардың веб-форумдардан айырмашылығы мұғалімдер мен оқушылардың
неғұрлым ұзақ мерзімді (көпкүндік) жұмысы және асинхронды сипаттағы өзара іс-қимыл
мүмкіндігімен ерекшеленеді..
■
телеконференция — электрондық поштаны пайдаланумен сілтемелер тізімі
Достарыңызбен бөлісу: