Бұл оқу құралы Macromedia Dreamweaver ортасында жұмыс істеу, тестік
ақпараттық дайындауға, графикалық элементтер мен веб-парақша макетін әзірлеу, одан
әрі интернет желісіне салу дағдысын алуға мүмкіндік береді.
Бұл оқу құралын оқып, сіз мынаны білетін боласыз:
■
Macromedia Dream
weaver ортасындағы жұмыстың негізгі технологиялық
тәсілдерін;
■
Macromedia Dreamweaver ортасында шаблондар негізінде веб-парақша құрудың
негізгі қағидаларын;
■
Macromedia Dream
weaver ортасында мәтінді форматтаудың түрлі тәсілдерін;
■
веб-парақша үшін графикалық кескінлерді дайындаудың технологиялық тәсілдерін;
■
Macromedia Dreamweaver ортасында кестені форматтау тәсілдерін.
Бұл оқу құралын оқып, сіз мынаны істей алатын боласыз:
■
Гиперсілтеме көмегімен жекелеген веб-парақшаларды байланыстыру;
■
Оларға тінтуірдің бағыттауышын апарғанда өз түрін өзгертетін батырмасын құру;
■
Adobe ImageReady CS құралдарымен GIF-анимациясын құру;
■
Веб-парақша макеттерін әзірлеу үшін кіріктірілген шаблондарды пайдалану;
■
Парақшада түрлі элементтер үшін стильдер құру әрі қолдану, айналу
жолақшасының түсін өзгерту, элемент жанында жиектемелердің түрлі типтерін
құру;
■
Браузердің күй жолында мәтінді өзгертіп, оны өзінің Java-апплеттер парақшасында
пайдалану.
Оқырманға
1.2.
Dreamweaver программасының негізгі артықшылықтары
Кез келген ақпараттық мазмұнды құру бағдарламасындағы негізгі сәттің бірі
–
ақпараттың қандай аудиторияға және қандай мақсатпен керек екенін түсіну.