Сақ Қайрат Өмірбайұлы



жүктеу 14.74 Kb.
Pdf просмотр
Дата20.01.2017
өлшемі14.74 Kb.

Сақ Қайрат Өмірбайұлы.  

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 

ф.ғ.к., доцент, ЕҰУ профессоры 

www.enu.kz

 

 

 

АЛАШ БАСПАСӨЗІ МЕН КӨСЕМСӨЗІН ЗЕРТТЕУГЕ ҚОЛЫМЫЗ 

ЖЕТУІ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ АРҚАСЫ 

 

1.Тәуелсіздік  жылдары  еліміз  қол  жеткізген  жетістік  қомақты.  Әлем 

картасында Қазақстан Республикасы атты дербес мемлекет пайда болды. Отаны 

жоқ  ұлттар  жағдайымен  салыстырғанда  осыны  көрудің  өзі  бір  бақыт.  Жас 

мемелекетіміз  ел  тәуелсіздігінің  елең-алаңында  ұлтымыздың  өсіп-өркендеуі 

үшін  аса  маңызды  үш  ұлы  істі  қолға  алғаннын  баса  айтқым  келеді:  кең 

даламыздың  қақ  ортасынан  стратегиялық  маңызы  орасан  зор    Елордамыз  – 

Астана тұрғызылды; көрші мемлекеттер көз алартпайтындай етіп шекарамызды 

шегендеп, іргемізді бекіттік; асты да, үсті де байлыққа толы байтақ жерімізге ие 

арттыру  үшін  шетелдерде  тарыдай  шашылған  қандастарымызды  тарихи 

Отанына шақырып, қазақ қатарын қоюлатып келеміз. 

Жиырма  жылға  таяу  білім-ғылым  саласында  жүргендіктен  мына 

жетістіктерімізді    айтпай  кетуді  қиянат  көріп  отырмын.  Ел  Тәуелсіздігіне  қол 

жеткізгеннен  бергі  мерзімде  білім  мазмұнын  түбегейлі  өзгерттік.  Бұрынғыдай 

Мәскеудің  айтқанымен  жүріп,  бір  ортылықтан  бекітілген  оқу  жоспарымен 

шәкірт 


даярлауды 

доғардық. 

Білім 

бағдарламаларын 



ұлттық 

құндылықтарымызды  дәріптейтін  мазмұнмен  байыту  біртіндеп  жүзеге  асып 

келеді.  

2.  Халықтың  сана  мен  сапасын  көтеру  үшін    Ел  Тәуелсіздігін  баянды 

етудің  қамын    күшейте  беруіміз  керек  деп  ойлаймын.  Ол  үшін  Алаш 

ардақтылары  жүрген  жолдан  жаңылмауымыз  ауадай  қажет.  Ол  қандай  жол 

десеңіз, Алаш арманын ұрпаққа аманаттаған Мұхтар Әуезовтің төрткүл дүниеге 

паш еткен идеясы – «Абай жолы». Абай жолы білім, өнер, ғылым жолы екенін 

роман-эпопеяны оқыған кісіге түсіндіріп жатуды артық көремін.  

3.  КСРО  атты  алып  империяның    көбесін      ыдыратқан  Желтоқсан  ұлт-

азаттық  көтерілісіне  қатысушылардың  бірі  болғандықтан  желтоқсандықтардың 

нақақ  жаладан    ақталып,  тарихи    шындықтың  салтанат  құруына  қасқалдақтың 

қанындай болса да  үлесімді қосқанымды қатарластарым жақсы біледі.  Ұлттық 

мүддені ұлықтаған «Ақиқат» тарихи ағарту клубының белсенді мүшесі ретінде 

ХХ  ғасырыдың  80-90    жылдары  ел  тәуелсіздігі  жолында  күрес  көрігін 

қыздырған жастардың қатарында болғанымды  мақтан тұтамын.  

Ел тәуелсіздігін Алаш қайраткерлерінің  ерлікке толы жанкешті еңбегінсіз 

елестету  мүмкін  емес.  Ұлтымыздың  ұлы  ұстазы  Ахмет  Байтұрсынұлы 

айтқандайын: «Халықтың көзі, құлағы һәм тілі» болған «Қазақ» газетін тірілтуге 

бір  кісідей  қызметімді  сіңірдім.  Апталықтың  энциклопедиялық  жинағын 

құрастыруға  атсалысып,  ұлттық  сана  ұйытқысы  болған  басылымның  тарихи 

тәжірибесін  зерттеп,  зерделеген  монография  және  оқу  құралын  шығардым. 



Алаш  баспасөзі  мен  көсемсөзін  зерттеуге  қолымыз  жеткеннің  өзі  – 

тәуелсіздіктің арқасы. 

«Ұстаздық  еткен  жалықпас,  үйретуден  балаға»  деп  Абай  ақын 

жырлағандай,    кейінгі  жиырма  жылға  таяу  саналы  ғұмырымды    шәкірт 

тәрбиелеу  ісіне  арнап  келемін.  «Шәкіртсіз  –  ұстаз  тұл»  демекші,  тәуелсіз 

еліміздің  көк  туы  желбірегенін  жанынан  артық    қадірлейтін  шәкірттер 



баптағаныма  шүкіршілік етемін. 

Каталог: repository -> repository2014
repository2014 -> Қазақ топонимдерінің этнолингвистикалық ЖҼ не танымдық ТҦ РҒыдан к
repository2014 -> Г.Ә. Мұратова Астана қ., Қазақстан Ғалым а. Сейдімбек зерттеулері – этнолингвистиканың
repository2014 -> Сборник материалов VIІІ международной научной конференции студентов и молодых ученых «Наука и образование 2013»
repository2014 -> ҚАйымның МҰрасы қалай жинақталды?
repository2014 -> Абай және көркем аударма мәселесі Г. Ж.Қасымова
repository2014 -> Заңғар Абайдың зиялы зерттеушісі А. Ж. Шәріп
repository2014 -> Ежелгі түркі – моңҒол мифтеріндегі рәміздік бейнелер шамахай С. Астана қ., Қазақстан
repository2014 -> «ҚОҒам қайраткері марат оспановтың саяси келбетін зерттеудегі кейбір аспектілер»
repository2014 -> Қазіргі отбасының психологиялық МӘселелері жорабекова Д. А. ғылыми жетекшісі пс.ғ. к. Айтышева А. М


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет