*Ұсақ жасушалы рак



бет8/8
Дата04.04.2023
өлшемі1,81 Mb.
#79198
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Тест 604-2к ТОЛЫК

ПСИХИАТРИЯ
#1
*! Науқас Н 54 жаста., шаршаған, күйзелген көрінеді.Әңгіме кезінде аздап қызығушылық байқалады, активті және эмоциональді түрде бас ауруына, баының шуылына, бас айналуына, шаршағыштыққа, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуіне, у-шуды және қапырықты көтере алмауына, ашушаңдыққа, жылағыштыққа, ұмытшақтыққа, көңілінің төмендеуіне шағым айтты. Әңгіме тақырыбына байланысты көңілі тез өзгереді. Анамнестік мағлуматты айтқанда шатасады.Зейнеткерлікке жетуіне жағдай үшін көмек сұрайды.
Төменде көрсетілген бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
* Ажитирленген үрей
*+Астениялық синдром, қан тамыр тегі.
* Апатиялық депрессия
* Кандинский-Клерамбо психикалық автоматизмдер синдромы
* Маскирленген депрессия

#2
*!Науқас әйел 44 жаста. Сыртқы келбеті ұқыпты емес. Беті мұңлы. Мимика мен жестикуляциясы аз. Әңгіме кезінде бір қалыпты позада отыр, қимылы аз, инициатива көрсетпейді, қысқаша жауап береді. Дауысы аз шығады. Көңілінің төмендігіне, жан жағына немқұрайлық, мұңлы көңілге, ұйқысының бұзылысына, тәбетінің төмендеуіне шағым айтты. Өз өзін кемсітіп, өзіне назардың керек еместігін сезінеді. Кешке жақын жағдайының аздап жақсаратынын айтады – мұңлы көңілі азаяды.


Төменде көрсетілген бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
*+ Депрессивті синдром, шамамен эндогенді түрі
* Депрессивті синдром,шамамен экзогенді түрі
* Обессивті-фобиялық синдром
* Астениялық синдром
* Апатиялық синдром

#3
*!Әйел В 40 жаста, музыка мұғалімі. Мінезі сезімтал, өз өзіне сенімсіз, қыңыр. Ортада өзін өзі көрсеткенді ұнатады. Белсенділік тантады, бірақ от басында ашушаң, ұрысқақ, қызғаншақ. Екінші рет босанғаннан кейін ауыра бастады. Нәрестеге қарау үшін көп күш қажет. Күйеуінің туысымен ұрсысқан соң жылап,аффективті түрде өмір сүргісі келмейтіні айтты. Сол кезде рак ауруымен ауырдым деген ой келді. Өзінің ішінде қатерлі ісіктң айқын өсуін және таралғанын және жара пайда болғанын елестетті.Өз ойынан өзі қорқып кетті, осы ойлардан арылғысы келді,бірақ ол ойлар кетпеді, үрей мен қорқыныш пайда болды. Терапевт-дәрігерге барып қаралды, бірақ ешбір ауру табылмады. Аз уақытқа тынышталыд, бірақ біраз уақыт өткен соң қиналып өлу туралы ойлар келді.Өз ойының негісзсіз екенін біледі, бірақ арыла алмады. Дәрігерге келгенде ауыр ауру және өлім туралы ойының бар екендігін айтты. «Ақылдан адасып кетем», өмір бойы психиатриялық ауруханада жатамын деген қорқыныш пайда болды.


Қандай синлромальді диагноз қоюға болады?
* Параноидты синдром
* Паранояльді синдром
* Котар синдромы
* + Ипохондриялық синдром
* Депрессивті синдром

#4
*!37 жастағы ер адам. Ауруханаға бірнеше рет түскен. Алдыңғы тускен кезінде кезек кезек депрессия мен мания жағдайында болған. Интермиссиясы ұзақ. Психикалақ жағдайы: үрейлі, ажитирленген. Өз өмірін қателікке толған, босқа өмір сүргені туралы айтады, әкесін өлімге жеткізгенін, өзі үшін жұмыста және отбасында ұрсыс болды деп санайды. Өзін сотқа тарту жайлы әңгіме айтады. Сөйлеуі монотонды түрде, мимикасы мұңлы.Таңғы кезде жағдайы ауырлайтынын айтты.Кешке жақын өзін аздап жеңіл сезінеді. Басқа науқастармен әңгімелескенде өзіне жаза беру туралы айтып, жүрек тұсында ауырлық сезіміне және жүрек қағысына шағым айтқан.


* + Биполярлы аффективті бұзылыс, депрессивті фаза
* Параноидты шизофрения
* Соматоформды бұзылыс
* Кататониялық шизофрения
* Органикалық эмоциональді-лабильді (астениялық ) бұзылыс
#5
*!40 жастағы әйел әңгіме кезінде былай жауап берді: «Мен үнемі өмірім үшін қорқамын. Бір жағынан ештеңе жаманшылық болмайтынын білемін, бірақ екінші жағынан менің істеген ісім менің денсаулығыма жаман тие ме деп ойлаймын. Көшеде келе жатып, бір заттарды немесе ағаштарды, үйлерді, машиналарды анаймын. Дұрыс санасам, тынышталамын. Егер қателесіп кетсем, не күтіп тұр деген қорқыныш келеді. Жұмыс кезінде әсіресе ауыр. Бір істі бітіріп, дұрыс істедім бе деген күмән туады. Егер бір қателік жіберсем, әлсіздік, жүрек қағысы, діріл пайда болады. Бірақ ештеңе істей алмаймын. Бір жағынан жұмыс істеп, отбасымды асырауым керек, бірақ өз өмірім үшін қорқыныштан ештеңе істей алмаймын.
Бұл науқасқа қандай ем керек?
* Нейролептиктер, нормотимиктер, психотерапия
* Антидепрессанттар, физиотерапия, нейролептиктер
* Транквилизаторлар, нормотимиктер, витаминотерапия
* Психостимуляторлар, биологиялық терапия, психотерапия
*+ Психотерапия, транквилизаторлар, антидепрессанттар

#6
*!38 жастағы науқас әйел поликлиникаға шаршағыштыққа, көңілінің болмауына, ештеңе істегісі келмейтініне, өзі жақсы көретін істен қанағат алмауына, ұйқы бұзылысына шағым айтып келді. Бірақ ауыр болса да күнделікті жұмысты атқарады –жұмысқа барады, үй жұмысын істейді. Объективті түрде қарағанда ешқандай патология табылмаған.


Сіздің дәрігерлік тактикаңыз Жалпы дәрігерлік тәжірибе бойынша ҚР психиатриялық көмек көрсету стандарты бойынша қандай?
*Психиатрға жіберу
* +Диагноз қойыңыз және протокол бойынша диагностикалау мен ем жүргізу.
* Невропатолог дәрігерге жіберу
* Гинеколог дәрігерге жіберу
* Жалпы нығайту терапиясын беру

#7
*! Жалпы дәрігерлік тәжірибе дәрігеріне 70 жастағы әкесін қызы алып келді. Қызының айтуы бойынша көңілі төмендеген, үрейлі, мазасыз, ашуланшақ, ештең істегісі келмейді. Анамнезінде – 3 апта бұрын ауылды жерден қызына көшіп келген, бұрын әйелі қайтыс болған соң жалғыз өзі тұрған. Интеллектуальді-мнестикалық бұзылыс жоқ, метеотәуелділік анықталмады. Невропатолог «Дисциркуляторлы энцефалопатия», Терапевт – 1 саттағы Гипертониялық ауру» деген диагноз қойылған. Сіздің дәрігерлік тактикаңыз Жалпы дәрігерлік тәжірибе бойынша ҚР психиатриялық көмек көрсету стандарты бойынша қандай?


* психиатр дәрігерге диагнозын анықтау және ем тағайындау үшін жіберу
* психотерапевт дәрігерге диагнозын анықтау және ем тағайындау үшін жіберу
* диагностика мен ем тағайындап қажет емес
*+«Адаптация бұзылысы» диагнозын анықтап, диагностика мен емдеу Протоколына сәйкес ем жазу
* Невропатолог дәрігердің консультациясы

#8
*! 37 жастағы пациент метеоризмге, іш кебуіне, үлкен дәретінің бұзылуына шағымданап келді.Анамнез бойынша – 2 жылдан бері ауырады, себебін дұрыс тамақтанбаудан деп санайды. Гастроэнтеролог дәрігерге қаралған, ештеңе табылмаған. Объективті түрде – патология жоқ. 2 жыл бұрын 15 жыл тұрмыс құрған күйеуімен ажырасқан, күйеуі басқа отбасын құрған.


Сіздің дәрігерлік тактикаңыз Жалпы дәрігерлік тәжірибе бойынша ҚР психиатриялық көмек көрсету стандарты бойынша қандай?
* гастроэнтерог дәрігерге диагнозын анықтау және ем тағайындау үшін жіберу
* терапевт дәрігерге диагнозын анықтау және ем тағайындау үшін жіберу
*+ «Соматоформды вегетативті дисфункция» диагнозын анықтап, диагностика мен емдеу Протоколына сәйкес ем жазу
* психиатр дәрігерге диагнозын анықтау және ем тағайындау үшін жіберу
* психологқа жіберу
#9
*!60 жастағы инженер. Соңғы бірнеше жалда ұмытшақ бола бастады, болып жатқан жағдайларға есте сақтау қабілеті төмендеген.Ойлау қабілеті төмендеп, жұмыста қателік жіберетін болған, ашушаңдық, шаршағыштық байқалған. Ұмытпас үшін дәптерге таныстарының атын, күн жұлдызын, цифрларды жазып жүрген.Өзінің жағдайына сын көзбен қарай алады, дәрігер көмегіне барған, жылаған. Дәрігерге барғанда сыпайы.
Синдромды атаңыз:
*+ Лакунарлы деменция
* Психоорганикалық
* Корсаков психозы
* Астениялық
*Тотальді деменция

#10
*!науқас әйел, 48 жасында ауыра бастаған. Есте сақтау қабілеті төмендеген, өз заттарын таба алмайтын болған, ақша санай алмай, біртіндеп өз бетімен жуына алмай, киіне алмайтын болды. Тамақ іші кезінде не істерін білмейді, қасықты қайда қоярын білмейді. Жазу кезінде жаза алмай сызып тастаған. Қандай ауруға тән:


*Пик ауруы
*+Альцгеймер ауруы
*бас миы қан тамыр атеросклерозы
*шизофрения
*деменция

#11
*!48 жастағы ер адам, анамнезінде – бас ми жарақаты бар. Есте сақтау қабілетінің төмендеуі, бұрынғы білімдерінің азаюы, жаңа білім ала алмайды. Ашушаң, ызақор, өз өзін ұстай алмайды, дөрекі, агрессивті. Жан жағындағылармен үнемі ұрсысады, өз айтқанын істетуге тырысады.


Төменде көрсетілген диагноздың қайсысы дұрысырақ?
*Корсаков психозы
* Гайе Вернике психозы
*+психоорганикалық синдром, эксплозиті варианты
*шизофрения
*астениялық синдром

#12
*!76 жастағы ағаш шебері. Соңғы 3 жылда туыстарының байқағаны, цифрларды, күн жұлдызын, адам атын есте сақтау қабілеті төмендеген. Инструменттерін қойған жерін ұмытып қалады, бұрын ақыл айта алатын. Енді өз балаларының, әйелінің атын ұмыта береді. Мінезі ұрысқақ, эгоисты, күдікшіл бола бастаған. Бірақ өзін ауру емеспін деп санаған. Оған біреу ұрлық жасады деп, сотқа бермекші. Ауруханада бірнеше ай болып «кеше үйде қонақ күттім» деп айтты. Неврологиялық бұзылысы жоқ.


Қандай синдром:
*Депрессивті
*Корсаков
*Астениялық
* Лакунарлы деменция
*+ Тотальді деменция

#13
*!30 жастағы әйел. Психиатрдың қабылдауына бас ауруына, жұмыстан кейін және кешке жақан бас ауруының үдеуіне шағым айтып келді. Ұйқысы нашар, шаршағыш, жұмыс қабілетінің төмендеуі байқалған. Күндегі жұмысын істеу үшін көп күш жұмсайтынын айтады. Жұмыстан кейін қатты шаршайтынын көрсетті. Өзін өзі ұстай алмайтынын, әсіресе куйеуімен ұрсысатынын айтты.


Төменде көрсеткен диагноздың қайсысы дұрысырақ?
*+нервастения
*обссесивті --- компульсивті
*үрейлі бұзылыс
*шизотипиялық бұзылыс
* адаптацияның депрессивті реакциясы

#14
*! 74 жастағы әйел. Ұмытшақ, мазасыз, үрейлі бола бастады. Жан жағындағы жағдайды, өз балаларының атын ұмытты. Егер жалғыз қалса киімін түйіп алып, халатын тығып, заттарын біреу ұрлады деп айтады. Есте сақтау қабілетінің төмендеуіне байланысты анамнез жинау мүмкін емес.


Қандай препарат тағайындаған дұрыс?
*+алзепил
*церебролизин
*аминазин
*карбамазепин
*ноотропил

#15
*! Әйел 70 жаста. Зейнеткер, бұрын ЖОО да мұғалім болған. Бүгінгі күнді, болған жағдайды есіне сақтай алмайды, учаскелік психиатрға кеше студенттермен тауға бардым деп айтты. Жақсы көңілі тез бұзылып жылап жібереді, ашуланады. Бірақ моральді-этикалық жағынын сақталған. Анамнезінде бас ми жарақаты, соматикалық ауруы бар.


Қандай ем тағайындаған дұрыс?
* дезинтоксикациялық, нейролептиктер, нормотимиктер
* дезинтоксикациялықе, симптоматикалық, нейролептиктер
* ноотроптар, қан тамыр, нейролептиктер
*+ноотротар,қан тамыр, антихолинэстеразды терапия
*нооторопы

#16
*! 82 жастағы әйел өз балаларын, немерелерін танымайтын болды, ұлына агрессия көрсетті. Өз қызын «анам» деп санады, киімдерін жинап алып тұрмысқа шықпақ.Бала кезіндегі жағдайлар есінде, қазір болған жағдайды ұмытады.Өз пәтерінде адасып журеді. Түнгі ұйқысы бұзылған, шкафты ақтарып, заттарын салып алып кетпекші. Көңілі біресе жақсы, біресе ызалы. Өз өзіне қараай алмайды. Тәбеті жоғары.


Қандай ем тағайындаған дұрыс?
* дезинтоксикациялық, нейролептиктер, нормотимиктер
* дезинтоксикациялық, симптоматикалық, нейролептитер
* ноотроптар, қан тамыр, нейролептитер
*+ноотроптар, қан тамыр, антихолинэстеразды терапию
* ноотроптар, қан тамыр, антидепрессанттар
#17
*! Ер адам 44 жаста инженер, үйленген. Қарау кезінде тыныш, ешқандай шағым айтпайды. 25 жасынын бастап әрбір 2-3 жылда не мұңлы, не көңілді болып тұратын уақыттарды айтты. Бірнеше рет стационарда ем қабылдаған.
Ем тағайындаңыз:
*аминазин
*амитриптилин
*мелипрамин
*лития карбонат
*+ем тағайындау қажет емес

#18
*!45 жастағы ер адам, себепсізден себепсіз активті, көңіл күйі көтеріңкі, әзілдеп, қасындағы адамдарға көмегін ұсынып, көшеде танымайтын әйелдермен сөйлесіп, тез және көп сөйлей бастаған.


Сіздің диагнозыңыз:
*+маниакальді синдром
*лакунарлы деменция
*тотальді деменция
*концентриялық деменция
*псевдодеменция

#19
*! 20 жастағы студент-биолог (тұқым қуалайтын ауруы жоқ), бір жеті бұрын ұйқысы бұзылды. Қозған, көп сөйлегіш. Алтын мен бриллианттың қоспасын таптым деп, соның көмегімен адамның ойын біле аламын деп айтқан.


Сіздің диагнозыңыз:
*шизофрения
*алкогольді делирий
*+Биполярлы аффективті бұзылыс (маниакальді фазасы)
*эпилептикалық сананың қарауытуы
*реактивті параноид
#20
*! Пацент «Көшенің арғы жағындағы шөп жасылдау» деген мәтелді былай түсіндірді: «ол шын, егер қарасаң бақытыңды табасың, егер өз ақшаңды маған берсең, ол ақшаны мен бір іске саламын да, сен миллионер боласың» деп түсіндірді. Сөзі шапшаң, көздері жарқырағын.
Сіздің диагнозыңыз:
*дифференцирленбеген шизофрения
*+биполярлы психоз, мания фазасы
*сенильді деменция
*депрессивті невроз
*биполярлы бұзылыс, депрессия фазасы
#21
*! Жедел қызметтегі солдат, 19 жаста, себепсіз тұйық болып, командирдің тапсырмасын орындай алмай, үнемі бір позада басын төмен ұстап отырады, тамақтан бас тартады, өз өзін кінәлімін деп санайды.
Сіздің диагнозыңыз:
*паранояльды
*ипохондриялық
*депрессивті
* парафренды
*+кататониялық
#22
*! 16 жастағы науқас, пубертат жасына дейін жқсы дамып келді, орташа оқыды, біраз масасыз, ұқыпсыз болды. Соңғы 3 жылды дөрекі, сабаққа ынтасы жоғалды, дөрекі әзілдейді, өзі оған күледі, киімін шешпей ұйқыға жата салады.
Синдромд анықтаңыз:
*псевдодеменция
*парафренді
*маниакальді
*+гебефрениялық
*концентриялық деменция
#23
*!16 жастағы жас өспірім, үйден шықпайды, мектепке бармайды, ештеңе істемейді, шағым айтпайды, өзін саумын дейді. 8 классқа дейін өте жақсы оқыған, ұқыпты болған, ата анасына жақсы қараған. 8-класстан кейін дөрекіленіп, сабаққа ынтасы жоғалып, қаңғырып кететін болған.
Сіздің диагнозыңыз:
*Биполярлы аффективті бұзылыс — монополярлы тип
*Биполярлы аффективті бұзылыс — биполярлы тип
* Биполярлы аффективті бұзылыс — continua тип
*циклотимия
* +Биполярлы аффективті бұзылыс деген белгі жоқ

#24
*!18 жастағы әйел, өзінің тұрмыс құрамын деген көңілдесінің бала шағасы барын біліп қойғаннан кейін, жүріс тұрысы күрт өзгерді: кішкентай бала секілді сөйлеп, киімін дұрыс кимей, жыламсырып, тамақты қолымен жеп, сұраққа жауап бермеді.


Сіздің диагнозыңыз:
*шизофрения
*эпилепсия
*+реактивті психоз
*ипохондриялық невроз
*психикалық аурудың белгісі жоқ.

#25
Науқас әйел, 35 жаста, соңғы 2 жыл бойы біршама психожарақаттық оқиғаларды басынан өткерді (пәтерін ұры тонап кетті, күйеуі инфаркт алды, жұмысында ұрыс-керіс). Содан кейінгі кездерде біртіндеп оның көңіл күйі төмендеді, ұйқысы бұзылды, жылауық болды, үнемі болашағы жайлы ойлар тыныштығынын кетірді, кей уақытта өзін қоятын жер таппады, ересек балаларына (жағдайларын қалай, бәрі жақсы ма» дегендей сөзбен күніне бірнеше рет қоңырау шалатын, өзі болса 10 кг. жүдеді.Қабылдау кезінде өзінің құны кем екендігін,үй ішіндегі жұмыстарды да істей алмадым себебі жақсы әйел және ана болмадым деп есептейді,. Өзіне белсенді түрде көмек іздейді, аурушаң көріністеріне сынмен қарайды.


Аталған синдромдардың, бұзылыстардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
*+Аралас үрейлі-депрессивті бұзылыс, үрейлік-депрессивтік синдром
* Оганикалық үрейлі-депрессивті бұзылыс, обсессивті-фобиялық синдром
* Оганикалық үрейлі бұзылыс, астено-невротикалық синдром
*Неврастения, астено-невротикалық синдром
* МДП, депрессивті синдром

#26 Ер адам 51 жаста, психиатрға соңғы 3 жылда пайда болған отбасымен қарым-қатынасының нашарлауына, күннен күнге өсетін әлсіздікке шағымданды. Аз ғана жүктемеден кейін шаршау, ал бірнеше сағат жұмыстан соң өзінің толық шаршағандығын сезінеді. Жұмыстан соң тез ұйқыға жатады, бірақ бас ауруымен шүйде, мойын ауруына байланысты ұйықтай алмайды. Өз міндеттерін орындай алмайды, тіпті өз үйінің жұмысында орындамайды.


Төмендегі психикалық бұзылыстардың қайсысы дұрыс келеді?
* Органикалық депрессивті бұзылыс
*Шизотипті бұзылыс
* Аралас үрейлі-депрессивті реакция
*+Неврастения
* Диссоциативті (конверсионды) бұзылыс

#27
*! Ер адам 27 жаста, алғашқы ұстамасы алколгольді абстененция фонында дамыды. Жүрек соғысын және жүрегінің тоқтауын, қорқыныш, тұншығуды сезінді. Жедел жәрдем шақырды, дәрігер АҚ жоғарлағаның байқады, магнезия жасалынды. Науқас қорқаннан ішуін және темекі шегуін мүлде тоқтатты, бірақта 2 айдан соң тыныштық жағдайда 2-ші ұстама пайда болды, теледидар көріп отырғанда. Өзінің жағдайын нашарлағаның түсінді: ұстама 5 мин соң қойды, бірақ 2-ші куні 1 сағаттан аса өлім қорқынышымен қайталанды.


Төмендегі психикалық бұзылыстардың қайсысы дұрыс келеді?
*неврастения,астено-депрессивті синдром
*+Үрейлі және депрессивті бұзылыс, паникалық шабуыл
*реактивті психоз
*адаптацияның дипрессиялық реякциясы
*обсессивті-компульсивті бұзылыс
#28
ЖОО-ның студентінің мынадай тұлғалық ерекшеліктері бар:үлкен әсерленгіш, жасқаншақтық, ұялшақтық, жақсы дамыған борыш сезімі, жауапкершілік, жан-жағындағыларға жағымсыз әсер қалдыруы мүмкіндігіне мазалануы.
Аталған тұлғалық екпіндеу типінің қайсысы ЕҢ ықтимал?
*психастеникалық
*+сенситивті
*тұрақсыздық
*истероидты
*шизоидты

#29
48 жасар ер адам физика мұғалімі жасөспірім кезден күдікшіл болып өсті зертеулер жүргізіп жаңа формула тапқанынын айтты,өзінің мақалаларын әр түрлі ғылыми журналдарға жіберілді Бірақ жетістікке жетпеді. Коп деген ұйымдарға барып әділдік орнатуын талап етті.Өзімен келіспейтін ғалымдардан ағаттық іздеп отырды.Оларды жау санады.


Аталған психикалық бұзылыстардың қайсысы ЕҢ ықтимал болып табылады, қандай ем қолданар едіңіз?
*рекуррентті депрессивті бұзылысы, нейролептиктер, нормотимиктер
*+индуцияланған сандырақ бұзылысы, нейролептиктер, психотерапия
*тұлғаның параноидты бұзылысы, психотерапия, нейролептиктер
*диссоциацивтік бұзылысы, антидепрессанттар, ноотроптар
*параноидты шизофрения,нейролептиктер, антидепрессанттар
#30
*! Ер адам 50 жаста, психожарақат әсерінен көңіл-күйі төмендеу фонында қимылдық қозу байқалады, қзін-өзі қоярға жер таппайды, үрей, мазасыздық, мұң байқалады. Өзін –өзі кінәлау, төмендету сандырақтарын айтады. Өзіне «у»беруін сұрайды, осылай ғана өзінің де басқалардың жаны жай табатынын айтады. Периодты түрде күрсінеді, жылайды, «өзін қоярға жер таппайды». Қозу түрін анаықтап, тиісті ем тағайындаңыз;
*психомоторлық қозу; антидепрессанттар, нейролептиктер
*+ажитацияланған депрессия; транквилизаторлар, стимулдеуші антидепрессанттар
* сандырақтық-галлюцинаторлық қозу; антидепрессанттар,транквилизаторлар
*гебефрениялық қозу; антидепрессанттар, нейролептиктер
* ажитацияланған депрессия; транквилизаторлар, седативті антидепрессанттар

#31
35 жастағы әйел, вирусты гепатитпен аурып қалам деген қорқынышқа шағымданады. 1,5 жыл бойы үйінің, өз қолының тазалығын қатаң қадағалайды. Қолдарын жиі жуады, спиртпен сүртеді, есікті қолғапсыз ашпайды. Шешім қабылдай алмайды, баяуланған, көп уақытын қол тазалауға кетіреді. Өзі жасаған әрекеттерінің нәтижесіз екенін түсінеді, осыны қауіптің алдын алу әрекеті деп түсінеді.


Осы науқасқа қандай ем тиімді?
*гипнотерапия, антидепрессанттар.
* нейролептиктер, транквилизаторлар,
*+рациональды психотерапия, нейролептиктер, антидепрессанттар
*рациональді психотерапия, треанквилизаторлар, антидепрессанттар
*суггестивті психотерапия, нейролептиктер, транквилизаторлар

#32
Әйел 32 жаста, вирусты гепатитпен аурып қалам деген қорқынышқа шағымданады. 1,5 жыл бойы үйінің, өз қолының тазалығын қатаң қадағалайды. Қолдарын жиі жуады, спиртпен сүртеді, есікті қолғапсыз ашпайды. Шешім қабылдай алмайды, баяуланған, көп уақытын қол тазалауға кетіреді. Өзі жасаған әрекеттерінің нәтижесіз екенін түсінеді, осыны қауіптің алдын алу әрекеті деп түсінеді.


Осы науқасқа қандай ем тиімді?
*гипнотерапия, антидепрессанттар.
* нейролептиктер, транквилизаторлар,
*+рациональды психотерапия, нейролептиктер, антидепрессанттар
*рациональді психотерапия, треанквилизаторлар, антидепрессанттар
*суггестивті психотерапия, нейролептиктер, транквилизаторлар
#33
*! 45 жастағы әйел, бұрын 2 рет психотерапиялық бөлімшеде емделген. Қабылдауда учаскелік дәрігерге 2 жылдан бері үрей, ұйқысының бұзылуы, беткей ұйқымазалайтынын, «қорқынышпен оянам, қайтадан ұйықтай алмаймын, мазасыздық, жүрек қағуы, ауру сезімі бар», «түнгі шабуылдар» мазалайтынын айтады. Көңіл күйі төмен, тұнжыраңқы. Өзін тұрақты түрде мазасыздықта екенін, серги алмайтынын айтады.
Төменде көрсетілген қай диагноз ықтимал?
* + Аралас үрейлі және депрессивті бұзылыс (F41.2)
* Органикалық эмоциональді лабильділік (F06.6),
* Жеңл депрессивті эпизод (F32.0),
* Адаптацияның бұзылысы (F43.2)
* Көңіл күйдің органикалық бұзылысы (аффективті) (F06.3)

#34
*! 17 жасар науқас, емханаға анасының ілесуімен әлсіздікке, шаршағыштыққа, көңіл-күйінің төмендеуіне, үрей және мазасыздыққа, көңіл күйінің төмендеуіне ұйқысының бұзылуына шағымданып келді. Оның айтуы бойынша, қорқыныш пен ұрей шабуылдары 16 жасынан бастап басталған, өз бетімен басылып отырған, кейде тыныс алу гимнастикалары көмектескен. Ешқандай себепсіз басталған. 17 жасында сабақтарды жіберулеріне байланысты үрейі күшейіп, көңіл күйі төмендеген, «ешқандай жақсы нәрсе көрмеймін, үнемі мазасызданып тұрам»..Бірақ сабақтарын жақсы тапсыраннан кейін де көңіл күйі төмен болып, үрейленіп, 3 ай бойы ұйқысыздық мазалағандықтан учаскелік дәрігерге келген, ауруханаға госпитализацияға жіберілген. Төменде көрсетілген өай диагноз болуы мүмкін?


* Жеңіл депрессивті эпизод (F32.0)
* Органикалық эмоциональді –лабильді бұзылыс (F06.6),
* Адаптация бұзылыстар (F43.2)
* Реккурентті депрессивті бұзылыстар, жеіл депрессивті эпизод (F33.0),
*+ Аралас үрейлі және депрессивті бұзылыс (F41.2)
#35
*! Науқас 70 жаста; емханаға шаршағыштыққа, ұйқысының бұзылуына, әлсіздікке, жылағыштыққа, басының ауруына, құлағындағы шуылға, үрейге, жағымсыз ойлар мазалауына шағымданып келді. Өмір анамнезінен: терапевт, кардиолог, невропатологта ЖИА, инфарктыдан кейінгі кардиосклероз, артериальды гипертензия 3, қауіп қатер тоб 2, Қантамырлық энцефалопатия 2 дәрежеде, тізе буындарының остеартрозы НФС 1-2 ст. Омыртқа остеохондрозымен есепте тұрады. Сан сүйегінің мойнының сынуына байланысты, тізе буындарын протездеуге байланысты ота жасалған. Психикалық статусында алғашқы орында естің жеңіл бұзылыстарымен мнестикалық бұзылыстар, назардың шашыраңқылығы мен қажуы, тітіркегіштікпен аффективті бұзылыстар байқалады.
Айтылған қай диагнозға сәйкес келеді?
* Аралас үрейлі және депрессивті бұзылыс (F41.2)
* + Органикалық эмоциональді –лабильді бұзылыс (F06.6),
* Жеңіл депрессивті бұзылыс (F32.0),
* Адаптация бұзылыстары (F43.2)
* Көңіл күйдің органикалық бұзылыстары (аффективті) (F06.3)

#36
*! Науқас әйел 50 жаста. Емханаға көңіл күйі төмендеуіне, себепсіз үрейге, мазасыздыққа, жылағыштыққа, соңғы 3 аптада ұйқысының бұзылуына шағымданып келді. 4 жылдан бері ауырады. Больна в течение 4-х лет. Ранее с подобными состояниями трижды находилась на стационарном лечении в отделении психотерапии Осындай жағдаймен психотерапия бөлімшесінде емделеген. Ауруханадан шыққаннан кейін амитриптилин 50 мг/тәу, конвулексом 600 мг/тәу қабылдаған., көңіл күйі 5 ай бойы тұрақты болған. Дәрілерді қабылдап жүргенде аузы құрғап, тәбеті жоғарлап, салмақ қосқаннан дәрілерді тоқтатқаннан кейін жағдайы өзгере бастаған. Қабылдауда: тұнжыраңқыбет әлпеті мұңды, ауызының бұрыштары түсіңкі, бірқалыпты позада отыр, сұрақтарға паузадан кейін жауап береді, көп сөйлемейді. Өзінің тұйықталғанын, «шаршауына» байланысты шаралардан бас тартатынын, күнделіті істерімен айналыса алмайтынын айтады. Суицидальді ойлары жоқ. Сөйлесіп отырғанда сыртқы стимулдарға жауап береді


Аталған қай диагноз ықтимал?
* жеңіл депрессивті эпизод (F32.0)
* Органикалық эмоциональді –лабильді бұзылыс (F06.6),
* Адаптация бұзылыстары (F43.2)
*+ Рекуррентті депрессивті бұзылыс (F33),
* Аралас үрейлі және депрессивті бұзылыс (F41.2)

#37
*!28 жастағы науқас әйел. Алғаш рет учакелік дәрігерге көңіл күйінің төмендеуіне, жылағыштыққа, шаршағыштыққа шағымданып келді. Қабылдауда: Санасы анық, контактіге түседі. Бүктеліп, бүрісіп отыр. Бет әлпеті мұңды, риясыз кейіпте. Қойылған сұрақтарға жауап береді. Жағдайының 2 айдан бері жаңа қоныс сатып алғаннан кейін өзгергендігін айтады: «Күйеуіме анасынан бөлек тұрғым келетінін бірнеше рет айтқанмын, жаңа үйге көштік, қажет заттарымызды алдық...үйді көп таңдап жүріп армандаған үйімізді алсақ та білмеймін маған не болғанын». Көңіл күйі төмен, өзін кінәлі сезінеді, " барлығын ренжіткендеймін, күйеуімнің туылған күні, ал менің көңіл күйім жоқ…». Әңгіме барысында жандана түседі, эмоциональді синтонді. Белсенді түрде көмек іздейді, сын көзқарасы бар.


ЖТД ретінде ҚР –да спихиатриялық көмек көрсету стандарттарына сәйкес қандай көмек көрсетесіз?
*+ СИОЗС; психотерапия
*Нормотимик; психотерапия
*Нейролептик; психотерапия
*Транквилизатор; психотерапия
*Ноотропы; психотерапия

#38
*!Пациент 17 жаста.Студенттік емханаға шарашағыштыққа, үрейге, ұйқысының бұзылуына шағымданып келді. Жағдайы ЖОО-да 4 айдан бері оқып жатқаннан бері бұзылған. Кішкентай қалашықтан келген, жатаханада тұрады.Дәрігерге оқу жүкемелерін қиындықпен меңгеретінін, кітапханада, оқу залында ұзақ уақыт оқитынын айтады. Ата-анасымен күнделікті сөйлесіп тұратынына қарамастан, олар туралы жиі ойлайтынын, түнімен жылап, ұйықтай алмай, ертеңгісін дұрыс демалмай тұратынын айтады. Көңіл күйі төмен. Жиі ЖОО тастап, үйіне кетіп қалу туралы ойлайтынын, айтады, бірақ оқуын аяқтап, дәрігер мамандығын алу укеректігін айтады. Суицидальді ойлары жоқ. Өзіне сын көзқарасы бар.


ЖТД ретінде ҚР –да психиатриялық көмек көрсету стандарттарына сәйкес қандай диагноз қойып, көмек көрсетесіз?
* Жеңіл депрессивті эпизод (F32.0): диагностика және емдеу протоколдарына сәйкес емдеу
* Органикалық эмоциональді лабильді бұзылыс (F06.6): диагностика және емдеу протоколдарына сәйкес емдеу
* +Адаптация бұзылыстар (F43.2): диагностика және емдеу протоколдарына сәйкес емдеу
* Реккурентті депрессивті бұзылыстар (F33): психиатрға бағыттау
*Аралас үрейлі және депрессивті бұзылыстар (F41.2): психиатрға бағыттау

#39
*! Науқас әйел 56 жаста; Преморбидте астениялық тұлғалық ерекшелігімен.Соңғы 2 жылда белсенді түрде бас ауруына, шарашағыштыққа шағымданады, үйінде ешнәрсе істемейді, өзінің жағдайына сүйенеді.


Тітікеншіш, жылағыш болып кеткен. Әңгіме барысында ешнәрсеге қызығушылығы жоқ, міңгірлеп жауап береді, бет әлпетінде-ризашылықсыз, өзіне бас ауруына дәрі тағайындауды сұрайды. Назары шашыраңқы. Ұмытшақ болып қалғандығын айтады. Айтылан 1 сөзден 5 минуттан кейін 5 еуін айтады. Интеллектісі жасына сай. Анамнезінде – артериальді гипертензия, есін жоғалтусыз БМЖ
Айтылған диагноз және медикаментозды таңдаңыз Какой из перечисленных диагнозов и медикаментозной терапии НАИБОЛЕЕ адекватны?
* Аралас үрейлі депрессивті бұзылыстар (F41.2); антидепрессанттар и транквилизаторлар.
*+ Органикалық эмоциональді лабильді (астениялық) бұзылыстар (F06.6); ноотроптар, қантамырлық препараттар, витаминотерапия, кіші нейролептик.
* Жеңіл депрессивті бұзылыс (F32.0); антидепрессанттар, нормотимиктер.
* Адаптация бұзылыстары (F43.2); антидепрессанттар, психотерапия.
*көңіл күйдің органикалық бұзылыстары (аффективті) (F06.3); ноотроптар, антидепрессанттар

#40
*! Науқас әйел 56 жаста. Емханаға шаршағыштыққа, үрейге, мазасыздыққа, ұйқысының бұзылуына, көңіл күйінің төмендеуіне шағымданып келді. Жағдайы зейнетке шыққаннан кейін 1 ай көлемінде өзгерген. Оған дейін 1 жыл көлемінде күйеуі қайтыс болып, балалары виза алып, Европаға кеткен. Дәрігерге өзінің тыныш өмірге үйрене алмайтынын, өзін керексіз сезінетінін, «өмір бойы күйеуі екеуі жұмыс істеп үйренгендігін, балаларына көмектескендігін, барлығы тату тәтті улкен отбасы болып, енді бос пәтерде жалғыз қалғандығын айтады. Жылайды, күйеуінің артына қалғанына өкінеді, оның ылғи тіреп жүргенін айтады, ары қарай қалай өмір сүру керектігін білмейді». Өз жағдайына сын көзқарасы бар, белсенді түрде көмек іздейді.


Психикалық жағдайды анықтағаннан кейінгі сіздің тактикаңыз
*+Антидепрессанттар және психотерапия
*Антидепрессанттар және ноотроптар
*Нейролептик және психотерапия
*Транквилизатор және психотерапия
*Нормотимик және психотерапия
#41
*! 6 жастағы бала ЖТД қабылдауында, ата-аналары баланың мектеп бағдарламасын алғашқы күннен-ақ меңгере алмайтынын; қолымен жазу жазып, сурет сала алмайтынын, арифметикалық амалдарды орындай алмайтынын айтты. Оқу бағдарламасын түсіну арқылы емес механикалық түрде есіне сақтайды. Ежіктеп оқиды, өзінің аты-жөнін, жасын жаза алады. Қарым қатынаста қарапайым фразаларды қолданады. Сөздік қоры шектелген. Назары шашыраңқы. Әңгіме барысында аздаған дыбыстар мен қимылдарға назар аударады. Көңіл күйі жоғары . Ата-анасы оның сенгіш және жаман әсерлерге тез берілетінін айтады.
Төменде көрсетілгендердің қайсысы осы жағдайға сәйкес келеді?
* Рецептивті сөйлеу бұзылысы
* Экспрессивті сөйлеу бұзылысы
* Эпилепсияда жүре пайда болған афазия
*. Оқудың арнайы бұзылыстары
* +Жеңіл дәрежедегі ақыл-естің кемдігі
#42
*! 5 жасар балада айналасындағы адамдармен қарым-қатынасқа қажеттілік танытпайды, туыстарына еш қызығушылығы жоқ, адамдар мен жансыз заттарды ажырата алмайды, көру және есту тітіркендіргіштерге реакциясы жеткіліксіз болғандықтан, соқыр немесе керең сияқты. Дәрігерге барғанда айқайлап, кіруге қарсылық көрсетті. Қабылдау барысында біраз уақыттан кейін пронация-супинация стереотипті қимылдар байқала бастады.
Осы жағдайға қайсысы сәйкес келеді?
*. Ақыл естің кемдігімен атипиялық мутизм
* Ақыл естің кемдігінсіз атипиялық мутизм
* Шизотипиялық бұзылыстар
* Аспергер аутизмі
*+Балалар аутизмі
#43
*! Пациент В, 7 жаста, ЖТД қабылдауында, ата анасы баланың айтылған сөздерді түсініп, жазылған сөздерді оқып, оларды жазып, бірақ айта алмайтынын айтады.Сұрақтарға жауап бергенде ол басын шұлғып және ымдап көрсетеді, ешнәрсе айта алмайды, жеке сөздерді айтқанымен, заттар мен әрекеттерді айта аламайды.
Бұл жағдай қай бұзылыстарға сәйкес келеді
* моторлық алалия
* сенсорлық алалия
*элективті мутизм
*+ моторлы афазия
*сенсорлы афазия

#44
*!7 жастағы бала аффективті қозуларға, агрессивті мінез-құлыққа бейім. Назары айқын бұзылған (апрозексия) , әңгіме барысында өзіндік «жабысқақтығы» бар. Қарап тексергенде тітіркенгіш, қыңыр, болмашы себептермен тез ашуланғыш. Аффективті қозулары қандай да бір сыртқы әсерлерсіз де байқалады, айқын агрессиямен, аутоагрессиямен, жойқын бұзылыстармен көрінеді.


Осы сипатталған ақыл естің аздығы клинико-физиологиялық жіктеулеррдің қайсысына сәйкес келеді?
* атониялық
* апатикалық
* стеникалық
* астеникалық
*+Дисфориялық
#45
*! Пациент А, 6 жаста ЖТД қабылдауында, дайындық сыныбында оқиды. Ата анасы балаларының сөйлеуі бұзылғандығын айтады, сабақта тыныш отыра алмайды, заттарды лақтырып, жылау да мүмкін. Анамнезінде:1 жүктіліктен туылған, 1-нші туыт, салмағы-3100 Апгар бойынша 5 балл. Акушерлік анамнезі асқынған (жүктіліктің екінші триместрінде анасы ЖРВИ –мен ауырған, асфиксия 5 минут) Баламен сөйлескенде дислалия байқалады. Сонымен бірге тілінің қысқа жүгеншегі және тістестіруі бұзылған. ЖТД ретінде сіздің тактикаңыз?
*Логопед, невролог кеңесі
*Психиатр, невролог кеңесі
* +психиатр, психолог, логопед,невролог кеңесі
*психолог, логопед, невролог кеңесі
* логопед, психолог кеңесі

#46
*!ЖТД қабылдауында 8 жасар бала ата-анасымен. Сырт келбетінде дисонтогенездің стимгмалары байқалады; құлағы төмен орналасқан, басы мұнара тәрізді, «таңдайы готикалық», көздері қыли. 7 айлық болып туылған. Салмағы 2600гр. Сузыз кезең ұзақ болғандықтан, босану әрекетін стимулдеген. Шапалақтағаннан кейін ғана жылаған. Алғашқы сөздері 3 жасынан, сөйлеуі 4,5 жасынан. 2,5 жасында жоғары температура фонында тырысу ұстамалары болған. Балабақшада тақпақтарды жаттай алмайтын, түстерді ажырата алмайды, саусағын санай алмайды, балаларға келеке болатын, сырт келбеті күтімсіз, өз бетімен тамақ іше алмайтын. Мектепке 7 жасынан барған, 20 ға дейін санауды ұзақ ұйрене алмады, саусақтап санаған, жазғанда «жолдарды көрмейді». Психикалық дамуы мен сөйлеуі артта өалған балаларға арналған бағдарламаға ауыстырылған. 8 жасында ежіктеп оқиды, математикалық амалдар мен операцияларыд тек көрнекілік материалдармен шығарады. Қарым-қатынасқа түседі, инструкцияларды орындайды. Гигиена дағдыларын орындайды. Медико-педагогикалық кеңеске жіберілген.


Бұл жағдайға төменде айтылғандардың қайсысы дұрыс?
*Жеке тәсілмен, дамудың артта қалу бағдарламасымен оқыту.
*+ Мектеп жағдайында қосымша бағдарламамен оқыту.
* Қосымша бағдарламамен үйде оқыту
* Жалпы бағдарламамен үйде оқыту
* Жалпы бағдарламамен мектепте оқыту

#47
*! Ер бала 9 жаста . Ерте өсіп дамуы ешқандай өзгеріссіз. Мектеп жасында ақыл есінің тежелуі байқалған. Мектепке 6 жасынаан барған, 2 сыныпты 2 рет қалып оқыған, МПК шешімімен қосымша мектепке ауыстырылған№ Онда бағдарламаны меңгерген. Буынға бөліп оқиды, 100 дейін санайды, бірақ 2 сынып бюағдарламасы бойынша есептерді шеше алмайды. Мақалдардың ауыспалы мағыналарын түсінбейді. Үйінде шамадан тыс еркелетеді


Бұл жағдай аталғандардың қайсысына сәйкес келеді?
*Имбецильдік сатысындағы олигофрения
*балалар шизофрениясы
*+Педагогикалық салғырттық нәтежиесіндегі психикалық дамудың тежелуі.
*ОЖЖ-нің органикалық зақымдануындағы интеллектуальды жетіспеушілік
*Дебильдік сатысындағы олигофрения

#48
*!5 жастағы қыз бала балабақшаға алғаш рет барғаннан кейін, кенеттен ата-анасымен сөйлесуді доғарды; олар жоқ кезде әжесімен, тәрбиешімен сөйлеседі.


Психиатр қарап тексергенде өтініштерді, бұйрықтарды басын шайқау келіскен-келіспегендігін көрсетеді. Анамнезінде ешқандай бұзылыстар болмаған.
Бұл жағдай қай бұзылыстарға сәйкес келеді?
* моторлық алалия
* сенсорлық алалия
* + элективті мутизм
* моторлық афазия
* сенсорлық афазия

#49
1.*! 25 жастағы науқас, жүргізуші, учаскелік терапевке тыныс алудың қиын болғанына,тұншығуына, қақырықпен қиын бөлінетін жөтелге шағымданданады. Тұншығу ұстамалары аптасына 2-3 рет түнде жиі пайда болады және барлық симптомдардың жоғалуымен бір сағаттан кейін кенеттен өтеді. Физикалық жүктеме кезінде шамалы ентігу байқалады. Дәрі-дәрмектерді қабылдамады. Күніне 1,5 бумадан 3 жыл, күніне 1 бумадан шылым шегеді. Психикалық және физикалық тәуелділікпен сипатталады. Темекі шегуден кейін бірнеше сағаттан кейін пайда болатын айқын көрінбейтін абстинентті синдром қалыптасады, никотинге төзімділік артады. Абстиненция кезеңінде бас ауруы, тітіркенгіштік, көңіл-күй мен эмоциялардың тұрақсыздығы, сондай-ақ ұйқысыздық, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі түрінде неврологиялық бұзылулар пайда болады.


Төменде көрсетілген бұзылулардың қайсысы осы жағдайға ең ықтимал сәйкес келеді?
* Токсикомания
* Темекі шегу 2 кезең
* + Темекі шегу 1 кезең
* Ұшқыш заттар
*нейролептектер

#50
*!Науқас Р., 35 жаста бронхит анықталды. Жас ағуына,


көңіл-күйдің ауытқуы, жоғары тітіркенуіне шағымданады. Қарау кезінде: дұрыс бағытталған, сандырақ, галлюцинация жоқ. Эмоцияльды лабильді. Әңгіме барысында қатты аффективті тұрақсыз, назардың шоғырлануы азаяды. Ес күрделі бұзылмаған. Интеллект жасына және алған біліміне сәйкес келеді. Анамнезінде соңғы 5 жылда үздіксіз темекі шегуі байқалады. Соңғы 2 күн ішінде әртүрлі соматовегетативті және астеноневротикалық бұзылулар пайда болды. Бұл кезеңде жыныстық дисфункция белгілері, соматогенді астения және ішкі органдар тарапынан функционалдық өзгерістер пайда болды
Төменде көрсетілген бұзылулардың қайсысы осы жағдайға ең ықтимал сәйкес келеді?
* Токсикомания
* + Темекі шегу 2 кезең
* Темекі шегу 1 кезең
* Ұшқыш қоспалар
*нейролептектер
#51
*! Науқас М 54 жаста. 16 жастан бастап темекі шегеді, қазіргі уақытта күніне екі қорап темекі шегеді. Жөтелі үнемі мазалайды, бірақ таңертең көп. Мезгіл-мезгіл температура көтеріледі және іріңді қақырық бөлінеді. Бес жыл бұрын созылмалы бронхит диагнозы қойылған. Дәрігерлер темекіні тастауды ұсынды, бірақ ол олардың кеңестеріне құлақ аспады. Түнде тұншығу ұстамалары мазалайды. Бірнеше рет стационарда ем алған, жағдайы жақсарған.
Төменде көрсетілген бұзылулардың қайсысы осы жағдайға ең ықтимал сәйкес келеді?
* Токсикомания
* + Темекі шегу
* Психостимуляторлар
* Ұшқыш қоспалар
* Амфетаминді тәуелділік

#52
*! Иван Петрович, 28 жастағы ер адам. 15 жастан бастап темекі шегеді, қазіргі күні екі қорап темекі. Жөтелі үнемі таңертең мазалайды. Мезгіл-мезгіл температура көтеріледі және іріңді қақырық бөлінеді. Бес жыл бұрын созылмалы бронхит диагнозы қойылған. Дәрігерлер темекіні тастауды ұсынды, бірақ ол кеңестерге құлақ аспады. Иван Петрович үйленді, отбасында Гена ұлы, үш жаста. Ол түнде тұншықтырады. Дәрігерлер бронх демікпесі диагнозын қойды.


Төменде көрсетілген бұзылулардың қайсысы осы жағдайға ең ықтимал сәйкес келеді?
* Токсикомания
* Амфетаминдер
* +Темекі шегу
* Психостимуляторлар
*нейролептектер
#53
*!38 жастағы науқас, инженер, 15 жастан темекі шегеді. Басында күніне 1-2 темекі, соңғы 3 жылда кемінде 20 темекі шегеді. Егер темекі шегуге болмайтын болса, онда тітіркендіргіш, мазасыз болады, темекі шегуге деген жансыз ықыласты сезінеді, жұмыс істей алмайды, жөтел, бас ауруы, бас айналуы пайда болады. Бұл құбылыстар темекіден кейін толығымен өтеді. Соңғы жылдары оның темекі шекпейтін құрдастарына қарағанда, ЖИА, созылмалы бронхит, созылмалы гастрит, жиі ЖРВИ белгілері пайда болды. Жұмысты орындау нашар болды, жиі қателер жасайды. Ол сәтсіздік, тітіркену сезімін тежеу қиын екенін байқайды. Бірнеше рет шылым шегуді тастауғы тырыстым, бірақ сәтсіз.
Бұл жағдайда қандай емдеу неғұрлым орынды
* дезинтоксикациялық терапия
*+антиникотинді терапия, психотерапия,
* қан тамырлары, ноотропными
* нейролептиктер
*антидепрессанты
#54
*!Әйел М, 23 жаста. Жұмыс істемейді, екінші курс студенті ПТУ. Темекі шегудің өтілі тоғыз жыл, күніне екі қорап темекі шегеді. Үш жыл бұрын тұрмысқа шықты. Бала көтергеніне үш жыл болды. Темекі шегуді тастауға бас тартады. Күйеуі араласпайды, өйткені өзі 13 жылдан бері шылым шегеді. Екатерина жүктілік бойынша әйелдер консультациясында есепке тұрды. Өзінің әлі тумаған баласына қандай зиян келтіретінін түсінбейді. Екі жұбайы да үйде.
Бұл жағдайда қандай емдеу неғұрлым орынды
* дезинтоксикациялық терапия
*+антиникотинді терапия, психотерапия,
* қан тамырлары, ноотропными
* нейролептик
*транквилизаторлар
#55
*! 30 жастағы әйел. Психиатрға жұмыс күнінің соңына қарай, ақыл-ой жұмысы кезінде күшейе түсетін бас ауруына шағымданды. Беткей ұйқысына, шаршағыштыққа, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне шағымданады. Әдеттегі күнделікті жұмысты орындау үшін физикалық және рухани күштерді талап етеді, жұмыс соңында "өзіңізді аман қалған лимон ретінде сезінемін". Өзін –өзі ұстауы төмендеген, әсіресе күйеуімен үйде қалғанда. Соңғы бес жыл ішінде күніне 2 пачкаға дейін темекі көп мөлшерде темекі шегуді. 3 күн бұрын соңғы темекісін қабылдады.
Бұл жағдайда қандай емдеу неғұрлым орынды
* дезинтоксикациялық терапия
*+антиникотинді терапия, психотерапия,
* қан тамырлары, ноотропными
* нейролептиктер
*транквилизаторлар

#56
*! Жасөспірім, 15 жаста. Тез ашуланғыш болып өсті, ерке, дөрекілік таныта бастады, біртіндеп барлық тілек-тілектерін қанағаттандыруды талап етеді. Пропускала сабақтар, жаловалась, бұл мұғалімдер азайтып, оны бағалау. Жаңа киім әперуін талап етеді, ал бас тартқан жағдайда жұдырықтармен алады. Кеше тамақтың ауыруына шағымданып, мектепке бармай, кешке киноға жиналды. Анасы рұқсат берген жоқ. Анасының рұқсат бермегеніне, оған дөрекі сөйлеп, жұдырықпен жүгіріп, түкіре бастады. Ұзақ уақыт тыныштана алмады. Соңғы 5 ай ішінде күніне 30-40 таб дейін іш өткізутін, несеп айдайтын препараттарды қабылдайды.


Бұл жағдайда қандай емдеу неғұрлым орынды
* дезинтоксикациялық терапия
* + жалпы нығайтатын дәрілер, психотерапия
* вазодилятаторлар, ноотроптар
*нейролептектер
*транкцилизаторлар
#57
*! 65 жастағы емделуші дәрігерге жалпы әлсіздігіне, бас ауруына, шудың көтере алмайтындығына, жүрек аймағындағы ауырсынуына, бас айналуына, жүрек айнуына, күрт бұлшықет әлсіздігі, түнгі уақытта ұйқысыздыққа, күндізгі уақытта ұйқышылдыққа шағымдарымен жүгінді. Сондай-ақ, ұйқысы соңғы кезде жиі жаман түстерді көреді.
Дәрігермен әңгімелесудің соңында тез шаршағыштық байқалады, назары шашыраңқы. Келесі әрбір қойған сұрақты қиынырақ түсінеді, содан кейін әлсіздікке сүйене отырып, әңгімелесуден бас тартты.
Алдын ала диагноз қандай?
* Депрессивті
* Ипохондриялық
* + Астениялық
* Дисморфофобиялық
*Сандырақ

#58
*! 42 жастағы әйел дәрігердің қабылдауында-басын төмен түсіріп отыр. Бәсен дауыспен сөйлейді, жауаптары үзілістен кейін. Бетінде қайғы белгісі. Сұрауда барысында бір ай ішінде нашар ұйықтағанын, тәбеттің төмендегенін, салмағынан төмендеуіне, кеудедегі жағымсыз сезімдерді мазалайтынын, таңертеңнен өзінің шаршап сезінеді, азанда қиын тұратынын, кешке қарай күйі біршама жақсаратынын айтты. Отбасы алдында өзін кінәлі сезінеді: балалар мен күйеуін дайындау, жинау, күту мүмкін емес.


Объективті: тері жамылғысы бозарған, тілі құрғақ, қан қысымы тұрақсыз, тахикардия.
Сіздің алдын ала диагнозыңыз?
* +Депрессивті
* Ипохондриялық
* Астениялық
* Дисморфофобиялық
* Маниакальды

#59
*! Қыз жасы 27, жүрек аймағында кезеңдік ауырсынуына, түнгі ұйқының нашар болуына, тәбеттің жоғарылауы, осыған байланысты - соңғы 2-ай бойы дене салмағының артуына, оңаша болуды қалайды, сүйікті жұмысы қызықтырмайды. Таңертең жағдайы нашар, кешке қарай жеңілдік сезінеді.


Анамнезде емсіз өткен "хандра" эпизодтары байқалды.
Алдын ала диагноз қандай?
* Фобиялық
*+ Депрессивті
*Ипохондриялық
*Дисморфофобиялық
*Маниакальды
#60
*! Дәрігерге 48 жастағы әйел шағымданады, ол кісіде бірнеше сағат бойы бас қатты ауырады, ауырсыну әдетте бастың жартысын алады. Бас ауруы алдында бас айналу, жағымсыз иіс, әлсіздік сезінеді.
Сіздің алдын ала диагнозыңыз?
* Үлкен тырыспа
* Кіші тырысқақ ұстамасы
* + Мигрень
* Истерия
* Депрессия

ВОЗ


#1
*! 3,5 жасар бала анасымен бірге жалпы тәжірибелік дәрігеріне кеңес алуға келді. Анасының айтуы бойынша баланың тәбеті нашар, нашар отырады, нашар жүреді, дәретке суранбайды, ойнамайды, дене дамуында құрдастарынан артта қалады, ата-анасымен және отбасындағы бауырларымен оң эмоциялар көрсетпейді. Бұл симптоматика қандай бұзылысқа тән?


* Балалар шизофрениясында
* Жас нормаларына сәйкес дамыту
* + Психикалық дамудың бұзылуында
* Педагогикалық тежелу кезінде
* Депрессия

#2
*! Қабылдау бөліміне анасы мен 9 жасар бала жүгінді. Анасының айтуынша, бала үнемі іштің ауыруына, бас ауруына, жүрек айнуына шағымданады; сондай-ақ ол мектепке барудан бас тартады, соңғы уақытта түнгі зәрді ұстамауы пайда болды, үлкен саусақты сора бастады. Объективті тексеру және тар мамандардың кеңестерінің мәліметтері бойынша – патология анықталған жоқ. Қандай психикалық саланың бұзылуы балада ең ықтимал?


* естің
* + эмоциялар
* интеллектттің
* мінез-құлық
* қозғалыс-еріктің
#3
*! 4 жасар бала анасымен бірге жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауында. Анасының айтуы бойынша бала бір жерде отырмайды, тұрақты истериялар жасайды. тәрбиешілер бала бақшада, оның шамадан тыс және қозғалғыш, ойын түрінде өткізілетін сабақтарға немқұрайлы қарамағандығы, үнемі не соғылатынына, бір жерге араласып тырысатыны, балалармен үнемі төбелескіш болғанына шағымданады. Қандай психикалық саланың бұзылуы балада байқалады?
* + мінез-құлық
* ойлау
* эмоциялар
* ерік
* сана

#4
*! Анасы 4,5 жасар баланы жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауына алып келді, баласының мінез-құлқына алаңдаулы. Анасының айтуы бойынша, баласы бала бақшадағы балалармен жанжалдасып, аптасына 2-3 рет "истерияларды" жасайды, бірақ тез ашуы тарқайды. Объективті тексеру кезінде дамуы психикалық және физикалық жас нормасы шеңберінде. Осы балаға қандай жағдай тән?


* психикалық дамудың тежелуі
* +өзіне қарататын мінез-құлық
* ақыл-ой кемістігі
* назар тапшылығы синдромы
* психопатия
#5
*! 10 жасар бала анасымен бірге, жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауында. Анасының айтуы бойынша бала мектеп бағдарламасын игере алмайды, оның сыныптастарымен қарым-қатынаста қиындықтары бар, үй міндеттерін орындай алмайды. ЖТД дәрігері ретінде сіздің дәрігерлік тактикаңыз қандай, бірінші кезекте mhGAP бағдарламасына сәйкес?
* психиатрға консультацияға жіберу қажет
* мектептен мінездеме сұрастыру қажет
* психотерапевтке кеңес беру
* +барлық проблемалы психикалық функцияларды бағалау қажет
* невропатолог кеңесіне жіберу

#6
*! Қайта кенесте әйел адам 8 жасар баласымен келді, сіз ол балада эмоционалдық бұзылары барын анықтадыңыз. Баланы келешекте оқытуға қатысты сіздің ұсыныстарыңыз қандай?


* үйде оқытуға көшіру
* сыныптардағы балалар саны 5 адамнан аспайтын жабық жеке мектепке ауыстыру
* баланы қосымша бағдарлама бойынша мектепке ауыстыру
* арнайы оқу орнын табу
* +бұрынғы мектепте қалдыру, бірақ буллинг жағдайын болдырмау

#7
*! Сізде, Жалпы тәжрибелік дәрігердің қабылдауында соңғы 6 айда "назардың жетіспеу синдромымен" 9 жасар бала анасымен бірге қаралады, динамикада және тексеру кезінде сіз оның психикалық жай-күйін жақсартуын дұрыс көрмейсіз. Сіздің дәрігерлік тактикаңыз?


* +мүмкіндігінше психиатрға консультацияға жіберіңіз
* өздігінен психотроптық препараттарды тағайындаңыз
* невропатолог кеңесіне жіберіңіз
* нейропротективті ем тағайындаңыз
* жалпы бекітетін терапияны тағайындау

#8
*! Сізге қабылдауға, әжесімен бірге 5 жасар бала, кеңес алуға әкелді. Әжесінің сөзіне қарағанда, бала ешкіммен сөйлеспейді, нашар сөйлейді, нашар жүреді, дәретке сұранбайды, өз бетінше жемейді, ойынамайды, аты-жөні басын бұрмайды. Сондай-ақ оны мектепке дейінгі балалар мекемесіне апаруға тырысты, бірақ бала онда бейімделе алмады және тәрбиешілер медициналық мекемеге хабарласуды ұсынды. MhGAP бағдарламасының ұсыныстарына сәйкес ЖТД дәрігері ретінде сіздің дәрігерлік тактикаңыз қандай?


* психотроптық препараттарды тағайындау
* +бірінші кезекте есту қабілетінің бұзылуын болдырмау қажет
* витаминотерапия тағайындау
* нейропротективті ем тағайындау
* дефектолог-педагогқа жүгіну ұсынылсын
#9
*! 6 жастағы бала ЖТД дәрігерінің қабылдауында. Ата-анасы баланың алғашқы күннен бастап мектеп бағдарламасын меңгерудегі қиындықтарына: жазу мен сурет салу дағдысының қол жетімсіздігіне, арифметикалық міндеттерді шеше алмайтындығы туралы шағым жасады. Оқу материалын түсіну есебінен емес, механикалық есте сақтау нәтижесінде меңгеру. Оқумен айналысқан, өз атын, тегін және жасын жаза алады. Коммуникация үшін қарапайым фразаларды пайдаланады. Сөздік қоры шектеулі. Әңгіме барысында әр дыбыстарға елең етеді. Көңіл-күйі көтеріңкі. Ата-аналар оның еліктегіш және жуастығын сипаттайды.
Төменде аталғандардың қайсысы осы жағдайға сәйкес келуі мүмкін?
* Рецессивті сөйлеудің бұзылуы
* Экспрессивті сөйлеудің бұзылуы
* Эпилепсиямен ауырғанда пайда болған афазия
* Арнайы оқу бұзылуы
* + Жеңіл дәрежедегі ақыл-ой кемістігі
#10
*! Бала 5 жастаЕР айналасындағылармен қарым-қатынасқа деген қажеттіліксіздігін, жақындарына немқұрайлылығы, жанды және жансыз заттарды ажырата алмайды, көру және есту тітіркендіргіштеріне реакциялары жеткіліксіз, бұл оған соқыр және саңырау сияқты ұқсастық береді. Дәрігерге келгенде айқайлап және наразылықпен кірді кабинетке. Кеңесте біраз уақыттан кейін стереотипті қолдың пронация- супинациясы қозғалысы пайда болды.
Бұл жағдайда төменде көрсетілген бұзылулардың қайсысы ең ықтимал?
* Ақыл-ой кемістігі бар атипті аутизм
* Ақыл-ой кемістігі жоқ атипті аутизм
* Шизотиптік бұзылулар
* Аспергер аутизмі
* + Балалар аутизмі

#11
*! Ер бала В 6 жаста, ЖТД дәрігерінің қабылдауында, бірінші сыныпта оқиды, ата-аналар сөйлеудің бұзылуына шағымданды, онда бала еститін сөздердің мағынасы мен мағынасын түсінеді, жазылған сөздерді оқи алады, оларды жаза алады, бірақ оларды сөйлей алмайды. Сұраққа жауап ретінде ол көбінесе басымен және қимылмен ештеңе айта алмайтынын көрсетеді, немесе жеке сөздер айтыла отырып, заттарды, әрекеттерді дұрыс атауға қиналады.


Бұл жағдайда төменде көрсетілген бұзылулардың қайсысы ең ықтимал?
* Моторлы алалия
* Сенсорлы алалия
* Элективті мутизм
* + Моторлы афазия
* Сенсорлы афазия

#12
*!7 жастағы бала аффективті қозуға және агрессивті мінез-құлыққа бейім, дөрекі көңілмен (апрозексияға дейін), қарым-қатынаста өзіндік "жабысқақтыққа" бейім. Қарау кезінде тітіркендіргіш, ерке, оңай қозғыш. Жиі аффективтік қозу байқалады, оған ешқандай көзге көрінетін сыртқы әсерлерсіз басталады, сондай-ақ аутоагрессивті, бәрін қиратуға дайын


Клиникалық-физиологиялық классификацияға сәйкес ақыл-ой кемістігінің қандай түрі осы сипаттамаға сәйкес келеді?
* атоникалық
* апатикалық
* астениялық
* аффективтык
* +Дисфориялық

#13
* Ер бала Н 5 жаста ЖТД дәрігерінің қабылдауында, нөлдік сыныпта оқиды. Ата-аналар сөйлеу және мінез-құлқының бұзылуына шағымданды, сабақ кезінде тынымсыз,барлық заттарды еденге лақтырып, жылай алады. Анамнезінен 1 жүктілік, 1 жедел босану, салмағы 3100 және Апгар бойынша 5 балл. Акушерлік анамнез ауыр (екінші триместрде анасы ЖРВИ, асфиксия 5 минут). Баламен қарым-қатынас жасау кезінде дислалия түрінде сөйлеу бұзылуы анықталды. Тексеру кезінде тілдің патологиясы анықталды. ЖТД дәрігері ретінде сіздің кейінгі дәрігерлік тактикаңыз қандай?


* Логопедтің, неврологтың кеңесі
* Психиатр, невролог кеңесі
* + психиатр, психолог, логопед,невролог кеңесі
* психолог, логопед, невролог кеңесі
* логопед, психолог кеңесі

#14
*!Дәрігердің қабылдауында ЖТД 8 жастағы бала ата-анасымен бірге. Сыртынан дизонтогенез стигмалары анықталады: төмен орналасқан құлақтың ұштары, бас сүйегінің пішіні мұнарала күйінде, жоғарғы "готикалық таңдай", көзі қилы. 7 ай мерзімде туылған. Салмағы 2600гр. Ұзақ сусыз кезең болды. Жанбасына соққанан кейін айқайлады. Алғашқы сөздер 3 жаста пайда болды, сөз тіркесі 4,5 жылда. 2,5 жылда жоғары температура аясында тырысу ұстамасы болды. Бала бақшада өлең жаттай алмайды, түстерді ажырата алмайды, саусақтардың есебін шатастырады, балалар оны мазақ тұтады, өз бетінше тамақ іше алмайды. Мектепке 7 жасында барды, жылдардың шегінде есепті 20- санымен щектелген, саусақпен санайды, жазу кезінде "ол жолды көрмейді". Психикалық және сөйлеу дамуы тежелген балаларға арналған бағдарламаға ауыстырылды. 8 жасында тек көрнекті материалдарымен математикалық есептер ғана қол жетімді. Жалпы байланысқа түседі, нұсқауларды орындайды, мақтаған соң жылдам жауап береді. Гигиена дағдылары бар. Психолого-медицина-педагогикалық комиссияға жіберілді.


Осы жағдай үшін төменде аталған нұсқалардың қайсысы ең қолайлы?
* Жеке көзқараспен дамудың кешеуілдеу бағдарламасы бойынша оқыту .
* + Мектеп жағдайында қосымша бағдарлама бойынша оқыту
* Үйде көмекші бағдарлама бойынша оқыту .
* Үйде жаппай бағдарлама бойынша оқыту
* Мектепте бұқаралық бағдарлама бойынша оқыту

#15
*!Бала 10 жаста. Ерте дамуында ерекшеліктер жоқ. Мектепке дейінгі жасында ақыл-ой дамуының артта қалғанын байқады. Мектепке 6 жасында барып, жалпы білім беретін мектептің 2 сыныбын екі рет қайталап оқыды, ПМПК шешімі бойынша қосымша оқу бағдарламасына ауыстырылды. Буындап оқиды, 100-ге дейін санайды, бірақ 2-ші сынып бағдарламасы бойынша тапсырманы шеше алмайды. Мақал-мәтелдердің бейнелі мағынасын түсінбейді. Үйнде тым жоғары көңіл бөлінген.


Төменде көрсетілген бұзылулардың қайсысы осы жағдайға ең ықтимал сәйкес келеді?
* Ақыл-ойдың4
* Балалар шизофрениясы
* + Педагогикалық асқынуынан кейн психикалық дамудың тежелуі
* ОЖЖ органикалық зақымдалудың арқасында интеллектің жетіспеушілігі
* Олигофренияның дебильділік дәрежесі

#16
*!ЖТД дәрігерінің қабылдауында 4 жасар қыз баланы алып келді ,ата- анасының шағымдары -қыз кенеттен ата-анасымен сөйлесуді тоқтатты, алғаш рет бір апта бұрын балабақшаға барып, олар жоқ кезде әжесімен, тәрбиешімен араласады. Анамнезінен ерте даму ерекшелік жоқ. Дәрігер тексергенде қыз өтініштерді орындайды, басын изеп келісім не келіспегенін білдіреді.


Төменде көрсетілген бұзылулардың қайсысы осы жағдайға ең ықтимал сәйкес келеді?
* Моторлы алалия
* Сенсорлы алалия
* + Элективті мутизм
* Моторлы афазия
* Сенсорлық афазия
#17
*! Ер бала 15 жаста анасымен еріп кеңеске келді. Анасының айтуы бойынша соңғы айда отбасының өміріне қатысудан бас тартты, мектепке барудан жиі бас тартады, үйде негізінен өз бөлмесінде ешнәрсеге айналыспайды, анасы оны бос уақытта сабағына көңіл бөлуіне талпыныстары тиімсіз болып шықты, тамақ жеуден бас тартады, бірақ өтініштерден кейн аз тамақ жейді , ұйқысы бұзылған. Жеке әңгіме барысында, анасының шешімі бойынша, жасөспірім соңғы уақытта көңіл-күй нашар, өмір сүргісі келмейді, өзін қалай өлтіруге болатынын жиі ойлаған, ештеңе істегісі келмейді, өзін сыныптастарымен пайдасы жоқ екенін айтады, қарым-қатынастарға лайықсыз деп санайды. Көңіл-күй кезеңдерін жоғарлағанын жасөспірім мен ансы жоққа шығарады. Бұл жасөспірімде қандай синдром болуы мүмкін?
* астениялық
* ипохондриялық
* маниакальды
* +депрессивті
* дисморфоманиялық

#18
*! Бала 13 жаста, дәрігерге қабылдауға әкесімен бірге мектеп психологының ұсынысы бойынша келді. Баланың әкесі олар бірге тұрмайтынын хабарлады,өйткені ол соңғы жыл ішінде ажырасуда, бірақ баламен араласады. Әкесінің айтуынша, олар психиатрға барудан бас тартқандықтан, жалпы практика дәрігеріне жүгінуді ұсынды. Мектеп психологымен әңгімелесу кезінде жасөспірім өзінің өмір сүргісі келмейтінің және өзіне қалай қол жұмсауды ойлайтынын айтты. Әкесімен қарым-қатынасы жылы, бірақ соңғы уақытта ұлы онымен араласқысы келмейді. Өзін ата-анасының ажырасуына себеп болды деп айыптайды, себебі оның мінез-құлқына және үлгерімінің нашар болуына байланысты ата-анасы үнемі ұрысатын, өзін лайықсыз адам деп санайды. Әңгіме барысында жасөспірім жауап бергісі келмейді, бет әлпеті азап шегеді, оны тыңдаудың қажеті жоқ дейді. Ақырын дауыспен сөйлейді, жауаптары қысқа ғана, "ол өмір сүреге лайық емеспін деп есептейді, өзін жаман ұлмын, жаман доспын, сол үшін ата-анасы ажырасқан", деп есептейді. Тіпті өз-өзіне қол жұмсауға тырысты, бірақ анасы жұмыстан ерте келіп, өзіне қол жұмсауына қол жеткізе алмады. Осы жасөспірімде суицидтік қауіптерін бағалаңыз.


* суицид қаупі жоқ, тек атаөанасының назарын аудару тәсілі
* + елеулі немесе төтенше тәуекел
* орташа тәуекел
* төмен немесе болмашы тәуекел
* суицид тәуекелін бағалаудың қажеті жоқ

#19
*! 12 жастағы жасөспірім, диагностикалық тексеруден кейін анасымен бірге жалпы практика дәрігерінің қайта қабылдауында. Алғашқы өтініш білдіргенде, мұқият сұрағанда бала көңіл-күйдің жаман екенін, тіпті компьютерлік ойындарды ойнамай, ештеңе істегісі келмейді, қыдыруын тоқтатты. Анасы мектептегі үлгерімінің төмендеуіне алаңдаулы, жиі сабақтан жиі қала бастады, өйткені бала басым ауырды, ішім ауырды деп шағымданады. Жоғарыда көрсетілген бала мұқият тексеріліп, патологиясы таппаған соң арнайы мамандардан кеңес алды. Бұл жасөспірімге қандай ауру тән?


* бала мүлдем сау, жай ғана мектепке барғысы келмейді
* + депрессия
* аутизм
* шизофрения
* назар жетіспеушілік синдромы
#20
*! Қабылдауға 16 жастағы қыз келді, анасынмен еріп келді. Соңғы 2 айда қыз қатты арықтаған, тамақ жеуден бас тартқан, ұйықысы нашар, іші қатқан. Жасөспірімнің өзін қызықсыз, толық екенін айтады, сондықтан оны жігіті тастап кетті дейді. Алдында үмітсіздік, өзін дәрменсіз сезеді, өмір сүруді қаламайтына шағымданады. Анамнезінде 2 ай бұрын жігітпен айырылғаны тұралы айтады. Әр түрлі мамандарда қаралды, зерттелді – аспаптық тексеруден өтті-патология анықталған жоқ. Емтиханнан босату қажет болғандықтан, ЖТД учаскелік дәрігеріне жүгінді .
Жасөспірімнің қандай ауруы ең ықтимал?
* + депрессия
* бейімделудің бұзылуы
* аралас алаңдаушылық-депрессиялық бұзылулар
* соматоформды бұзылулар
* ипохондриялық бұзылулар
#21
*! Жасөспірім Е., жасы 16, колледж студенті. Ата-аналардың айтуы бойынша, бір ай ішінде таңғы сағаттарда көңіл-күй төмен болатынын, тәбеттінің төмендеуін, салмағынан айрылып, әуестеніп жүрген сабақтар мен спортқа деген қызығушылықтарын жоғалтты, қоршаған жағдайларға жауап жоқ, бірақ көңіл күйі тәуліктікте өзгеріп тұратыны байқалады.
Тітіркендіргіш,ерке, жылағыш болды, денсаулыққа түрлі шағымдар айтады, бірақ соматикалық ауруы тексеру кезінде анықталмады.
Бұл пациентке бірінші кезекте психотроптық препараттардың қандай тобы көрсетілген?
* нейролептиктер
* антиконвульсанттар
* литий тұздары
* + антидепрессанттар
* нормотимиктер
#22
*! Бала 8 жаста, жалпы практика дәрігерінің қабылдауына ата-анасымен келді. Ата-анасы баланың соңғы ай ішінде, өзінің сүйікті ойындарын ойнамайды, оқымайды, ешқайда барғысы келмейді, ол өзін жаман деп айта бастады, тәбеті және ұйықысы нашарлады. Әңгіме барысында бала ата-анасының қауіптілігін растайды. Балаға ең алдымен қандай препараттар тобын тағайындау керек?
* + 12 жасқа дейін антидепрессанттарды тағайындау ұсынылмайды
* антидепрессанттар
* нейролептиктер
* ұйықтататын препараттар
* нормотимиктер

#23
*! 7 жастағы баланы әжесі кеңеске әкелді, баланың ата-анасы шетелге оқуға кетіп қалды. Әжесі немересі тамақты жеуін тоқтатқанын, ал егер оның жеуге мәжбүрлесе, онда аз жейді. Сондай-ақ ол ұзақ жатып ұйықтамайтынын байқады, әжесімен сөйлескісі келмейді, оған достары келуді тоқтатты және ол оларға баруды тоқтатты, үйде ол ештеңе жасамайды. Әжесу немересіне аландап кеңеске әкелді. Бала өзін, жаман, ақылсыз, және өзін ақымақ деп есептейді, ол ата-анасын қатты сағынғанын айтады. ол недостоен сонымен қатар, оның Ата-анасы өзімен алып кетуіне лайық емеспін деп есептейді. Сіздің дәрігерлік тактикаңыз?


* Осы бала туралы алғашқы психикалық денсаулық орталығына хабарлау
* оған антидепрессанттармен емдеуді тағайындау
* осы бала туралы қамқоршылық және қорғаншылық органдарына хабарлау
* +антидепрессанттарды тағайындамау, психоәлеуметтік факторларға назар аудару, тұрақты бақылау жасау
* барлық әлеуметтік қызметтер мен милицияны осы отбасын бақылауға тарту

#24
*! 7 жастағы баланың анамнезінде озық дамуы – 9 айда жеке сөздерді анық айтып, айналасындағыларды ажыратып, "ладушки", "ку – ку" ойындарын ойнады, өз бетінше қасықты пайдаланды, оны горшокқа отырғызғанда физиологиялық шығуларын орындады. Тұруға тырысты және манеж шетінен бірнеше қадам жасады. Диваннан 10 ай жасында құлағаннан кейін кері даму белгілері пайда болды– сөйлеуді пайдалануды тоқтатты, тек қана ересектердің айтылған сөздерді қайталады, қолына ұстатылған қасықты не үшін бергенін түсінбеді. Жүруін тоқтатты, біртіндеп эмоциясы аңық емес еді, анасы мен әкесіне келгенде қуану реакцияларын көрсетпеді.


Науқастың дұрыс бағытын анықтаңыз:
* Балалар неврологының, балалар психиатрының, логопедтің консультациясы
* Логопедтің, балалар неврологының, психологтың кеңесі
* Психолог, логопед және балалар психиатрына кеңес беру
* Психиатр, балалар неврологы, психолог кеңесі.
*+ Балалар психиатрының, психологтың, балалар неврологының, логопедтің консультациясы.

#25
*! 18 жасар жас жігіт, эйфориялық, тежелген, өзіне айтқан сөздерді бірден түсінбейді, сөйлеуі түсініксіз, жауаптары біртекті. Қарап тексергенде: қарашығы тарылған, тынысы сирек, пульс — 45 минутына, ішімдік исі жоқ. Масю түрін анықтаңыз:


*барбитуратармен
*+апиынмен
*гашишпен
*кокаинмен
*амфетаминмен

#26
Ер бала 18 жаста, эйфориялық, тежелген, ұйқылы, өзіне айтқан сөздерді бірден түсінбейді, сөйлеуі түсініксіз, қимыл кординациясы бұзылған, беті қызарған, қарашығы аздап кеңейген. ішімдік исі жоқ. Масаю түрін анықтаңыз:


*барбитуратармен
*апиынмен
*+гашишпен
*кокаинмен
*эфедринмен

#27
18 жастағы жігіт, эйфория жағдайында, аздап қозған, орныныда билейді, күледі, көздері жылтырайды, көз қарашықтары қызарған, беті қызарған, мұрын-ерін үшбұрышы бозғыл; кеуіп тұрған ернін жалайды, ішімдіктің исі байқалмайды


Бұл жағдай мынаған ұқсас:
*маниакальды синдром
*апиындық масаю
*гашиштік масаю
*+кокаиндік масаю
*барбитураттармен масаю

#28
18 жастағы жігіт, эйфория жағдайында, аздап қозған, көп сөйлейді, импульситі, кейде агрессивті беті бозарған, қарашығы кеңейген; АҚ 160/90, тахикардия және тремор байқалады. Төс артындағы ауру сезіміне шағымданады.


Диагноз?
*маниакальды синдром
*апиындық масаю
* алкогольмен масаю
*кокаиндік масаю
* +канабиноидтармен масаю

#29
18 жастағы жас жігіт, қозған, күле береді, көп сөйлейді, әңгіме барысында басқа тақырыпқа тез ауытқиды, айналасындағыларға көп кеңес береді, өз көмегін ұсынады, үнемі аштық сезімін сезінеді, бет әлпеті өзгеріссіз, гиперсексуальді.


Берілген сиптомдардың қайсысы ӘСІРЕСЕ болуы мүмкін?
*маниакальді синдром
* апиныдық масаю
* +гашиштік масаю
* кокаиндік масаю
* барбитураттармен масаю

#30
*!Әйел адам, өзінің жасар баласын маскүнемдіктен емдетуді сұрайды. Баласы бала кезінен мінезі «қиын»,ассоциальді жасөспірімдермен достасып, 11 жасынан бастап темекі шегіп, арақ іше бастаған. Ата-анасынан ақша ұрлап, ұрлыққа тартылған, өтірік айтатын болған. Ең ықтимал диагноз:


*дебильдік
*+ қозғыш психопатия
*тұрақсыз психопатия
*паранойяльді психопатия
*неврастения

#31
*! 23 жасар жігіт өзінің қозу және біртүрлі әрекеттеріне байланысты олиция қызметкерлеріне ұсталған. Өзін аңдып жүрушілардан қашып, айқайлаған, милиционерге ұмтылған. Ауруханаға барар жолда есін жинаған. Қабылдау бөлімінде аузынан арақ исі шығады. Орын, уақыт, жеке басына бағдарлауы сақталған. Әңгіме барысында псиопродуктивті симптоматика жоқ. Жағдайды қалай бағалауға болады?:


*онейроид
*+сананың қарауытуы
*делирий
*эпилептикалық статус
*аменция

#32
*! Науқас ішімдіктерді 5 жылдан бері шамадан тыс қолдануда. Ішімдікті қабылдамаған уақыттарда тітіркенгіш, көңіл күйі төмендеп, ішімдікке құштарлағы артады. «Қанып» ішу үшін ішімдікті үлкен дозасы қажет, компанияларда ішімдік ішудің инициаторы болып табылады. Өткен «отырыстардың» кейбірін ұмытып қалады. Бұл жағдайды қалай бағалауға болады?


*алкоголизм 2 стадия
*тұрмыстық алкоголизм
*+алкоголизм 1 стадия
*патология жоқ
*алкоголизм 3 стадия

#3Ер кісі 56 жаста, 20 жасынан бастап ішімдіктерді шамадан тыс қабылдайды. Алкоголь сурогаттарын қабылдайды. Соңғы уақыттарда аз дозадан көп рет қабылдайды. Табандарында ауру сезімінің азаюы, жүрісінің бұзылысы байқалған. Қызының айтуымен ұмытшақ болуына байланысты учаскелік дәрігерге қаралған. Қазіргі уақытта айта алмайды, бірнеше минут болған нәрсені есіне түсіре алмайды.Бұл жағдайда қандай синдром, қандай препараттарды тағайындайсыз?


*абстинентті, галоперидол
*параноидты, аминазин
*делириозды, аминазин
* +амнестикалық, алзепил
* сандырақтық, трифтазин
#34
*! 27 жасар ер адам наркологқа келді. Отбасы мүшелерінің арасында ішімдік қабылдап отырып, кенеттен көңіл күйі бұзылып, өзін отбасының көп мәселелерінде кінәлі санап, «жіппен асылмақшы» болған. Ер адамда қандай бұзылыс?
*өзгерген қарапайым алкогольді масаюдың истериялық варианты
* өзгерген қарапайым алкогольді масаюдың параноидты варианты
* өзгерген қарапайым алкогольді масаюдың эпилептоидты варианты
* + өзгерген қарапайым алкогольді масаюдың депрессиялық варианты
* патологиялық масаю

#35
*! Науқас 19 жаста, жедел жәрдеммен токсикологиялық бөлімшегеайқын масаю белгілерімен әкелінді. Қарап тексергенде; көздері жылтыраған, коньюктивасы қызарған, тері қабаттары боз, терісі суық, маңдайында тер тамшылары бар. Дене температурасы төмен, пульс 105 минутына; ТАЖ 30 рет минутына, шшімдік ішіп алғандай тілі күрмеледі. Қимыл кординациясы бұзылған.; шайқалады, қолдары дірілдейді.Киімдері мен шашынан смоланың исі байқалады. Науқас қандай наркотик қабылдаған?


*+гашиш
*героин
*табак
*амфетаминдер
*алкоголь

#36
*! Наркологиялық диспансерге ата-анасының ілесуімен 15 жасар жасөспірім жеткізілді. Шағымдары; ауру сезімі, бұлшықеттердің тырысуы, үрейлену, жүрек қағуы, терлегіштік. Бұл симптомдар героиннің соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 4 сағаттан кейін пайда болған. Сіздің дәрігерлік тактикаңыз?


*дезинтоксикациялық, жалпыбекітуші, симптоматикалық терапия,
*+ дезинтоксикациялық, транквилизаторлар, ауру сезімін басушы
* дезинтоксикациялық, антидепрессанттар, антипсихотиктер
* дезинтоксикациялық,ноотропты, антидепрессанттар
* дезинтоксикациялық, ноотропты, нейролептиктер
#37
*! Наркологиялық диспансерге ата-анасының ілесіп 17 жасар Л,. жасөспірім жеткізілді. Шағымдары; ауру сезімі, бұлшықеттердің тырысуы, үрейлену, жүрек қағуы, терлегіштік. Бұл симптомдар героиннің соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 4 сағаттан кейін пайда болған. Сіздің дәрігерлік тактикаңыз?
*дезинтоксикациялық, жалпыбекітуші, симптоматикалық терапия,
*+ дезинтоксикациялық, транквилизаторлар, ауру сезімін басушы
* дезинтоксикациялық, антидепрессанттар, антипсихотиктер
* дезинтоксикациялық,ноотропты, антидепрессанттар
* дезинтоксикациялық, ноотропты, нейролептиктер

#38
*! Науқас Щ 19 жаста. Психиатриялық ауруханаға наркоманияға күдікпен жіберілді. Ата-анасын ерте жоғалтқан, 5 жасынан бастап бабалар үйінде өскен. Атақты саяхатшы болуды армандаған, қиялдаған. Балаларға өзінің әкесінің атақты геолог екенін айтқан. Бір күні оның сөзіне иланбаған баланы сабап тастаған. Жазалаудан қорқып, қашып кеткен, милициямен қайтарылған. Кейінгі жылдары қашуы қайта қайталанған, сабағы нашарлаған. 8 сыныпты бітіргеннен кейін, сылаушы мамандығы бойынша КТУ ге түскен. Әскерге алынғанша мамандығы бойынша жұмыс жасаған. Әскерге шақыртылуышының құжатында наша қолданғаны туралы мәлімет бар, бірақ оны науқас жоққа шығарады. Тек аппендоэктомия жасалғанда морфин салғанын айтады. Шақыру пунктінде олардың қателескенін айтып, ашуланды. Физикалық жағдайы: арық, бозғылт. Терісі құрғақ, жер түсті. Екі қолында білегінде ісіресе сол жақтан жұлдызды тыртықтар, инфильтраттар байқалады. Пульс 64 минутына, орташа толымды, ырғақты. . АД 100/60. Іші жұмсақ. Іш қату бар. Неврологиялық патлогия жоқ. 14 сағаттан кейін есінеу, көзінің жасаурауы, қолының дірілдеуі,терісі қаз тәрізді, қалтырау, қарашықтары кеңейген. Ұйқысы бұзылып, құсқысы келді, бұлшықеттерде, буындарда ауру сезімі мазалады. Ертеңгі уақытта тітііркенгіш, дөрекі, көмек көрсетуді талап етеді. Өзіне суық тигенін айтады ( қалтырау, денесінің ауруы, ыстық). Анаша қолданғанын жоққа шығарады. Өтірікке бейім. Науқастардан транквилизатор беруін сұрайды. Кешкісін медперсоналға бөлімшеден қашып кетемін деп қорқытады. Дезинтоксикациялық терапия және диазепам науқастың жағдайын тез жеңілдетті. Науқасқа қандай антидот керек?


*+налоксон
*алкосон
*аминазин
*кетамин
*амитриптиллин

#39
*! 44 жасар еркек, алкоголизация « өтілі» — 20 жыл. Салынып ішуі 1 аптадан. Салынып ішу кезеңдерінде таңертеңгі уақыттарда жүрек қағуы, жүректегі ауру сезімі, тершеңдік, перестальтиканың бұзылуы, АҚ құбылуы, мазасыздық, тәбетінің төмендеуі байқалады. Төменде аталғандардан қай синдром ықтимал?


* Делириозды
*+ Абстинетті
* Галлюцинаторлық
* Паранойяльдық
* Психопат тәрізді

#40
49 жастағы науқас 20 жасынан бастап алкогольді шектен тыс қолданады. Алкоголь сурагаттарын қолданады. Соңғы кездерде алкогольді күнара аз мөлшерде қолданады. Ауыру сезімінің төмендегені байқалады, жүрісі бұзылған. Ұмытшақ болғаны үшін туыстарымен жеткізілген. Қай күн екенін айта алмайды. Бірнеше минут бұрын болған нәрселерді есіне түсіре алмайды.


Қандай бұзылысқа сәйкес келеді?
* Абстинентті
* Параноидты
* Кататониялық
* +Корсаков
* Сандырақтық

#41
37 жастағы науқас 20 жасынан бастап алкогольді шектен тыс қолданады. Алкоголь сурагаттарын қолданады. Соңғы кездерде алкогольді күнара аз мөлшерде қолданады. Ауыру сезімінің төмендегені байқалады, жүрісі бұзылған. Қай күн екенін айта алмайды. Бірнеше минут бұрын болған нәрселерді есіне түсіре алмайды.


Төменде көрсетілген қай диагноз сәйкес келеді, тиісті емді таңдаңыз
*алкоголизм 1 стадия, аминазин
*алкоголизм 2 стадия, амитриптиллин
*+алкоголизм 3 стадия, алзепил
* қарапайым алкогольді масаю, аминазин
*Корсаков психозы, алзепил

#42
*! Наркоманиялық тәуелділіктің 1 стадиясына тән болатын критерийді таңдаңыз


* +наркотиктерге психикалық тәуелділік
* наркотиктерді жүйесіз пайдалану
* абстинентті көріністер
* тұлғалық деградация
*симптом «плато»

#43
*! Наркоманиялық тәуелділіктің 2 стадиясына тән болатын критерийді таңдаңыз


* наркотикке обсессивті тәуелділік
* дисморфоманиялық синдром
* үдемелі амнезия
* толерантносттылық төмендеуі
*+абстинентті синдром

#44
*! Наркоманиялық тәуелділіктің 3 стадиясына тән болатын критерийді таңдаңыз * наркотикке обсессивті тәуелділік, толеранттылықтың өсуі


*+тұлғалық өзгерістер, толеранттылықтың төмендеуі
*сенестопатия, ипохондриялық бұзылыстар
*қорғаныштық құсу рефлексінің төмендеуі
*симптом «плато», эйфория

#45
ТРАНКВИЛИЗАТОРЛАРМЕН ЖЕДЕЛ УЛАНУДЫҢ ТИПТІК СИМПТОМАТИКАСЫ


*ауыз қуысының құрғауы
* психомоторлық қозу
*көз қарашығының кішіреюі
*+қозғалыс координациясының бұзылысы, дизартрия
*сананың онейроидты бұзылысы

#46
*! Галлюциногендермен ЖЕДЕЛ УЛАНУДЫҢ ТИПТІК СИМПТОМАТИКАСы


* +галлюцинациялар, эйфория, дене схемасының бұзылуы
* криптомнезия, аса тектілік сандырағы
* нұрландыру, әлемді қайта құру сандырағы
* ұйқысыздық, аңду сандырағы
* конфабуляция, байлық сандырағы
#47
*! Кокаинмен жедел уланғанда жиі байқалады?
* ашығу, шөлдеу
* ұлылық сандырағы
* сенестопатия ипохондриямен
* криптомнезилар, конфабуляциялар
*+бас айналу, жеке тұлғасын жоғары бағалау

#48
Апиынмен жедел уланғанда қандай жағдайлар тән?


* + көз қарашығының нукте тәрізді кішіреюі, құрғақтық, тері бозаруы
* көздің жылтырауы, көз қарашығының кеңеюі, терінің қызаруы
*бас ауруы, бас айналу
* АҚ көтерілуі , тахикардия
* жиі тыныс

#49
19 жасар жігіт. тежелген, ұйқышыл, сөздері түсініксіз, қимыл-қозғалыс кординациясы бұзылған, өзіне бағытталған сөздерге бірден назар аудармайды, бет әлпеті аздап қызарған. Көз қарашығы аздап ұлғайған. Ішімдік исі байқалмайды.


Қандай жағдай екенін анықтаңыз
*Депрессивті синдром
*апиындық наркомания
*гашиштік наркомания
*кокаиндік наркомания
*+барбитураттармен масаю

#50
*! 15 жасар жасөспірім қыз бала, «өз өзімді өлтіргім келеді» деген шағым айтады. «Қатты толқу кезінде, қуаныш кезінде» өз өзін өлтіргісі келетін жабысқақ ойлар келетінін айтты. Осы ойлардың ауыр екенін айтады: «шыдау мүмкін емес». Бір кезде осы ойлар кетіп қалады да, біраздан кейін қайта келеді. Осы кезде өзіне өзі қол жұмсағысы келеді: «Себепсізден себепсіз, осы суицидты ойларды үнемі ойлап жүремін, өзін өзі өлтіретін жерден қорқамын..., тек мені ұстап қалатын ой- ол менің туыстарым мен жақын адамдарым. Солардың жайын ойлаймын, оларды жылатқым келмейді, сондықтан көмек беруіңізді сұраймын»


Көрсетілген синдромдардың қайсысы дұрысырақ?
* Сандырақ синдромы
* Конверсионды синдром
* Депрессивті синдром
* +Обсессивті синдром
*маниякалдык синдром

#51
*! 14 жасар жасөспірім қыз, жалғыз анасы өсірген. Бала бақшасында құрдастары оны үнемі сөзбен озбырлық көрсетіп, «менің киімім сәнді емес, нашар оқимын, менің анам 50-де, олардың аналары жас..., мектепте мені Даун деп атайды. Осы үшін адамдардан қорқа бастадым, өзімді жалғыз сезінемін, құрбыларым жоқ, болған да емес. Бет әлпетім сүйкімсіз, әлемдегі ең ұсқынсыз адаммын. Соңғы 2 жылда үнемі апатия, амал жоқтық сеземін, оқи алмаймын, көп пәндерді түсінбеймін, не істеу керегін білмеймін, өмір сүргім келмейді».


* Ипохондриялық синдром
* Эндогенді депрессия
* Дисморфофобиялық синдром
* +Психогенді депрессия
* Үрейлі-фобиялық синдром
#52
*!15 жастағы жеткіншек қыз. Педиатрдың қабылдауына келіп «өмірдің мағынасы жоқ, әке шешем екеуі ажырасып жатыр, бұрын бәрі жақсы болған еді, ал енді мен адамдардан қорқа бастадым, өз бөлмемде отырамын, ешкіммен сөйлескім келмейді, мұғалімдермен ара қатынасым нашарлаап кетті, достарыммен, туыстарыммен араласуды қойдым, сабақ оқымаймын, сабақты түсінбеймін, әкем кетіп қалады, анам жылайды, мен оны аяймын, көмектесуге тырысамын, 1 жылдай болды, мен де жылаймын..., не істей аламын, тек өзімді өлтіре аламын...»
Көрсетілген синдромдардың қайсысы дұрысырақ?
* Ипохондриялық синдром
* Эндогенді депрессия
* Дисморфофобиялық синдром
* +Адаптацияның депрессивті реакциясы
* Үрейлі-фобиялық синдром
#53
*! Өзбекістан азаматы, 23 жаста. Қазіргі кезде Казақстанда, 4-ші қабаттан секіріп, суицидальды әрекет жасап, аяғы сынып, травматология бөлімшесіне түскен. Қабылдау бөлімшесінің дәрігеріне бірнеше жыл бойы азаматтықсыз Санкт-Петербург қаласында тұрғанын айтты. Россиядан шығарылған соң 2021 жылға дейін кіруге тыйым салынған. «Азаматтық некеде тұрдым, енді әйелім менсіз күн көріп жатыр, мен оны сүйемін, оған менсіз өте қиын, ло жалғыз қалды, енді шыдай алмаспын, өмір сүргім келмейді, өлгім келеді…».
1. Какой синдром көрсетілген?
2. Психикалық жағдайы анықталған соң дәрігердің тактикасы ?
*+СИОЗС (мисол) және психотерапевтикалық емдеу.
*СИОЗС (мисол)
*Нейролептик (квентиакс) және психотерапевтикалық емдеу
*Транквилизатор (феназепам)
*Нормотимик (Литий карбонаты) және психотерапевтикалық емдеу

#54
1. *! 28 жастағы әйел. Дәрігердің қабылдауына күйеуімен келген. Ананезі бойынша – тұрмыста, 2 баласы бар, жақында пәтер сатып алған, от басында қарым қатынастары жақсы. Әйелінің жағдайы себепсіз 1 ай бұрын өзгеріп кеткен. Науқастың көңілі төмендеген, беті әлепті мұңлы, төмен қарап отыр. Дауысы ақырын шығады, сөзі аз, айтқаны: «ештеңеге қызықпаймын, 1 айдың ішінде 3 кг жүдедім, тәбетім жоқ, өзімді ешкімге керек еместей, кінәлі сезінемін, үйде ештеңе істей алмаймын, өмір сүргім келмейді..., тек балалар болмаса...».


ҚР психиатрия көмегінің Стандарты бойынша жалпы тәжірибелік дәрігердің тактикасы?
* Диагноз: «Депрессивті бейімделу реакциясы» және диагностика мен емдеу хаттамаларына сәйкес емдеуді тағайындау.
* + Диагноз: «Жеңіл депрессиялық эпизод» және психиатрға жолдау;
* Диагноз: «Жеңіл дәрежелі депрессиялық эпизод» және диагноз бен емдеу хаттамаларына сәйкес ем тағайындау.
* Диагноз: «Депрессивті бейімделу реакциясы, ұзаққа созылған» және психотерапевтке жолдау;
* Диагноз: « неврастения »диагнозы және емдеу хаттамаларына сәйкес емдеуді тағайындау

#55
*!37 жастағы ер адам, жұмыссыз, анда санда жұмыскерлікпен табыс табады. Анасы қайтыс болған соң 1 жыл бойы жалғыз тұрады, үйленбеген, ешкіммен араласпайды. Учаскелік терапевтке айтқаны: «ештеңе істегім келмейді, ешкімге керек емеспін, бостан бос өмір сүремін, қайыршылықтан шыға алмайтын секілдімін, не үшін өмір сүретінімді білмеймін, өмір сүргім келмейді...».


Психикалық жағдайы анықталған соң сіздің дәрігерлік тактикаңыз ?
*+ СИОЗС (мисол); психотерапия
*СИОЗС (мисол); нормотимик (Литий карбонаты); психотерапия
*Нейролептик (квентиакс); психотерапия
*Транквилизатор (феназепам); психотерапия
*Нормотимик (Литий карбонаты); психотерапия
#56
*! 63 жастағы әйел. Дисциркуляторля энцефалопатия диагнозымен есепте тұрады. 4 жыл бұрын күйеуі онкология ауруынан қайтыс болған, шет елде тұратын 2 баласы, немелері бар. Дәрігерге күйеуін сағынатынын, сағынышы жылдан жылға ұлғайып бара жатқанын, күшінің азайғанын, ұйқысының, тәбетінің жоғын, өлгісі келетінін айтты
Психикалық жағдайы анықталған соң сіздің дәрігерлік тактикаңыз ?
*+ СИОЗС (мисол); ноотроптар (пирацетам); психотерапия
*СИОЗС (мисол); нормотимик (Литий карбонаты); психотерапия
*Нейролептик (квентиакс); психотерапия
*Транквилизатор (феназепам); психотерапия
*Ноотроптар (пирацетам); психотерапия

#57
*!17 жастағы қыз, дәрігерге шешесімен келді. Өз бетінше шағымы жоқ. Шешесінің айтуы бойынша ешкіммен қатынаспайды, жүзуге бармайтын болды, бұрын жақсы көретін, тәбеті төмендеді, ұйқысы бұзылды, 5 кг салмақ тастады. Әңгіме кезінде анықталғаны – 2 апта бұрын жігітімен айрылысудан кейін көңілі төмендеп кетті, көп жылады, ештеңе істегісі келмеді. Қарап тексерген кезде қолының терісінде тырнап тасталған іздер көрінді, тері ауруын, аллергияны жоққа шығарды. Өзінің айтуы бойынша, терісін осылай тырнаған соң көңілі тынышталады.


Сіздің синдромальды диагнозыңыз?
*Астениялық синдром
*Иппохондриялық синдром
*+Депрессивті синдром, парасуицидальді жүріс тұры
*Апато-абулиялық синдром
*Сандырақ синдромы

#58
*! 56 жастағы науқас дәрігерге әйелімен келді, шағымы ұйқы бұзылысы, көңілінің төмендеуі. Анамнезінде - осы шағымдарымен бұрын бірнеше рет психиатрия клиникасына жатып шыққан және дарға асылу бойынша суицидті әрекет жасаған. Әңгіме кезінде көңілінің 6 ай бойы төмен екені, ұйқыдан ерте оянатыны, тәбетінің төмендегені, апатиясы анықталды.Кешке қарай жағдайы жақсарады. Суицидальды ойлары бар. Өз өзін өмір сүруге лайықты емес деп санайды, туыстарына ауыртпашылығын тигізгісі келмейді.


Сіздің диагнозыңыз?
*Биполярлы аффективті бұзылыс
*Жеңіл депрессивті эпизод
*+Реккурентті аффективті бұзылыс
*Шизоаффективті бұзылыс, маниакальді тип
*Стресске жедел реакция

#59
*! 28 жастағы әйел, күйеуімен дәрігер қабылдауына келді. Шағымы – көңілінің төмендеуі, шаршағыштық, ұйқы бұзылысы, тәбетінің төмендеуі, ластацияның азаюы. Анамнезінде – жағдайы 2 апта бұрын өзгерді, туыстарында психикалық ауру жоқ, 6 ай бұрын нәресте туды, босануы өз мерзімінде. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсы.


Сіздің диагнозыңыз?
*Биполярлы аффективті бұзылыс
*+Жеңіл депрессивті эпизод
*Реккурентті аффективті бұзылыс
*Шизоаффективті бұзылыс, маниакальді тип
*Босануға байланысты психикалық және жүріс тұрыс бұзылысы

#60
*! Науқас М, 42 жаста көңілінің төмендеуіне, «дауыстардың» болуына, ұйқы бұзылысына шағымданып келді. Әңгіме кезінде жағдайы 2 ай бұрын өзгергені анықталды және ұйқысы бұзылып, императивті түрде басының ішінде «дауыстар» пайда болуы, ол «дауыстар» оны ұрсып, өз өзін өлтіруді талап еткені анықталды. Анамнезінде – науқас психиатр есебінде 10 жыл бойы тұрады, бұрын аяқталмаған суицид жасаған. Қазіргі кезде суицидальді ойлары бар. Әңгіме барысында пациент Интернетте ол «өзін-өзі өлтірудің жолдарын» іздейтінін айтты.


Сидромальды диагнозын табыңыз?
*Астениялық синдром
*Ипохондриялық синдром
*Депрессивті синдром, парасуицидальді жүріс тұрыс
*Апато-абулиялық синдром
*+Аффекивті –галлюцинаторлы синдром, суицидальді әрекет жасау қалпы көбірек


Страница из




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет