Сақ мәдениеті — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен



бет3/6
Дата22.11.2022
өлшемі350,38 Kb.
#51647
1   2   3   4   5   6
Ұлы Жібек жолындағы сауда
Жібек жолы бағытымен өткен керуен саудасы пайда әкелумен қатар, үлкен қауіп-қатерге де толы еді. Сол себепті көпестер жолға жалғыз емес, қарулы адамдардан тұратын ірі керуендермен шықты. Керуендер жүк артылған бірнеше жүздеген малдан құралды. Олармен бірге саудагерлер, аудармашылар, нөкерлерін ерткен елшілер, дін таратушылар да сапар шекті.
Керуен саудасы арқылы жол бойында тұрақты түрде қызмет көрсететін орындар ашылды. Сол себепті Ұлы Жібек жолы бойында керуен сарайлар (жолаушылар тоқтап, демалатын жайлар) салынды. Оларда көпестер мен керуенге қызмет көрсететін арнайы адамдар, демалыс бөлмелері, тауар сақтауға, жүк артылған малға арналған қоражайлар, қажетті жемшөп, азық-түлік пен қоймалар болды. Керуен сарайлар көпес үшін қажетті тауарды сатып алатын, сататын орынға айналды. Айырбас сауда да дамыды. Жер иелері кедендік баж салықтарынан пайда тапты. Бұл артықшылықты жоғалтып алмау үшін Орталық Азия елдерінің билеушілері көпестерді қорғайтын заңдар қабылдады. Сауданы дамытуда көшпелі малшылар маңызды рөл атқарды. Олар керуендерге жол көрсетіп, азық және көлік малымен қамтамасыз етті.
Жібек жолындағы қалалар
Ортағасырлық авторлардың деректері мен археологиялық қазба жұмыстары Жібек жолы бойындағы халықаралық сауданың IX ғасыр мен XIII ғасырдың басында ерекше дамығандығын айғақтайды. Испиджаб, Кедер, Отырар, Тараз, Науакент, Баласағұн қалалары ірі сауда орталықтары саналды. Осы кезеңде Шу, Талас және Сырдария алқаптарында қала орталықтары қалыптасты. Бұл қала орындары Арал бойындағы құрғақ, шөлейт аймақтарда жақсы сақталған. Ұлтаралық және дінаралық төзімділік, өзге халықтың салт-дәстүріне құрметпен қарау Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың басты ерекшелігі болды.
Ұлы Жібек жолы және Қазақстанның ежелгі қалалары
Ұлы Жібек жолының түркі бөлігі
II — V ғасырларда Жібек жолы шығыста Хуанхэден басталып, Қашғария мен Ферғанаға, одан әрі Самарқан, Бұхара арқылы Сирияға өтті. VІ-ХІІІ ғасырларда Қытайдан Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы Батысқа өткен жол қызу тіршілікке толы болды. Жолдың мұндай сипаты бірнеше себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, Жетісуда түркі қағандарының ордалары орналасты. Олар сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Екіншіден, VII ғасырда Ферғана арқылы өтетін жол өзара қақтығыстар салдарынан қауіпті еді. Үшіншіден, бай түркі ақсүйек қауымы теңіздің ар жағынан келген тауарларды көтерме бағамен сатып алып отырды.
Жібек жолы жүзжылдықтар бойы өзгерістерге ұшырады. Жолдың бір бөлігінің маңызы ерекше артса, кейбірі, керісінше, жойылып кетті, ал енді бірі құлдырады. Мәселен, VIVIII ғасырларда негізгі жол Иранды айналып өтті. Бұл Батыс Түрік қағанаты мен Византияның осы елге қарсы жасалған әскери-сауда одағына байланысты болатын. Құрлықтағы саяси жағдай елшілер мен көпестердің және басқа сапарға шыққан адамдардың жол бағыттарын таңдауынан айқындалды.
VI ғасырдың екінші жартысында түркілер Ұлы Жібек жолының біраз бөлігіне иелік етті. Нақты осы түркі кезеңінде Қытайдан Жетісу арқылы батысқа және Қазақстанның оңтүстігіне өткен Ұлы Жібек жолы бойында жандану байқалды. Бұл жолдың негізгі бөлігі еді және керуен саудасы мен елшілік сапарлары VІ-ХІІІ ғасыр басында осы жермен өтті. Бұл жағдай Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігінде ежелгі қалалардың тез өсуіне жеткізді.
Ортағасырлық Сырдария қалаларына қазба жұмыстарын жүргізген кезде табылған заттар халықаралық сауданы зерттеуде маңызды дереккөздері болып табылады. Осындай жәдігерлердің қатарына Отырардан табылған күміс көмбе жатады. Күміс теңгелер Түркістан қалалары мен Кіші Азия, Еуропа және Еділ бойы қалаларының ақша сарайларында дайындалды. Қазбалар барысында тұрмыстық және зергерлік бұйымдар табылды. Оны Ұлы Жібек жолындағы қалалардың өзіндік «сыр сандығы» деуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет