Сақабай Толқынай Куандыққызы «Архивтану» пәні бойынша



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата03.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#121768
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
95372a5232e8bfb393ab6c11aeb37527

2.
 
Мұрағат мекемесіне қойылатын талаптар: 
-
мұрағат мекеме қабылдау актісі бойынша оның құрамына мұрағат, 
өрт сөндіру, күзет, санитарлық қызмет өкілдері кіруге тиіс арнайы сараптау 
комиссиясымен қабылданған арнайы салынған мекемеде немесе жекелеген 
мекемеде орналасады;
-
құжаттарды сақтау тәртібінің бұзылуы мүмкін мекемелерді 
пайдалануға бергенде қабылдауға рұқсат етілмейді; 
-
күзет дабыл қағу құралдарымен жабдықталған және төменгі 
қабаттар терезелеріне торлар құрылумен қорғалуы қажет; 
-
мұрағаттың бірнеше мекемесі қатарынан тұруы қажет, оның ішінде 
міндеттілері:


1)
құжаттардың әр түрін сақтауға арналған жекелеген мұрағат сақтау 
қоймалары,
2)
қабылдау, уақытша тарату, құжаттарды акклимизациялау және 
олармен жүргізілетін қосымша жұмыстарға арналған мекеме, 
3)
оқу залы,
4)
қызметкерлердің жұмыс бөлмесі, мемлекеттік мұрағаттарда бұған 
тағы функционалдық мекемелер қатары қосылады; 
-
құжаттар сақталатын қоймалар темір немесе темір қаптамалы 
есіктері және темір торлы терезелері бар оқшауланған мекемелерде орналасуы 
қажет; 
-
сақтау қоймаларында су құбырлары мен кәрізде, газ құбырларын, 
ашық электр жүйелерін тартуға рұқсат етілмейді; 
-
сақтау қоймаларын бөлу және құрылғымен жабдықтау шаң – тозаң 
жинамауы қажет және мұқият желдетілуі қажет; 
-
оптималдық нұсқада сақтау қоймаларының терезелері оларды ашық 
күн сәулесінен қорғау мақсатында солтүстік жақта орналасуы қажет; 
-
сақтау қоймалары өрт жағдайынан сақталған, ішкі дабыл тетігі және 
қосымша шығатын есігі болуы қажет; 
-
жұмыс уақытынан тыс кездерде сақтау қоймаларының есіктері және 
терезелердегі торлар пломбаланады немесе мөр басылады, мөр, пломбир, 
кілттер жауапты адамда сақталуы қажет; 
-
сақтау қоймаларында шылым шегуге, электржылыту құралдарын, 
жылдам тұтанатын және қауіпті жарылғыш заттарды пайдалануға, тағам, азық – 
түлік сақтауға тыйым салынады; 
-
мұрағатсақтау қоймаларына бөгде адамдар жіберілмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет