Тақырыбы : Сабақ ‑ математиканы оқыту үдерісін ұйымдастырудын негізгі формасы.
Жоспар
1.Сабақ ‑ математиканы оқыту үдерісін ұйымдастырудын негізгі формасы Қазіргі заман математика сабағының типтері мен түрлері.
2.Мақсаты мен міндеттерінің кешенділігі, құрылымы мен мазмұнының көпнұсқалылығы, осыларға барабар әдістері, оқыту құралдары мен оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың формалары, сабақтың оқу-тәрбие мезеттерінің өзара байланысы.
1.Бастауыш мектептерде педагогикалық процесті ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ. Математика сабағының мақсаттары мен міндеттері (білімділік, тәрбиелілік, дамытушылық) Сабақтың түрі және типі (аралас, біріккен, ойын, әкскусия т.б.) Сабақтың құрлымы, және олардың арасындағы байланыс; сабаққа дайындық және оны ұйымдастыру. Жаңа сабаққа қойылатын талаптар. Сабақа әдістемелік талдау. Берілген тақырып бойынша сабақтар жүйесін дайындау, жоспарлау. Сабақты дидактикалық мақсатарына сай құру ерекшеліктері.
Сабаққа даяарлаудың алғашқы сатысы оның мақсатын анықтау болып табылады. Сабақтың масаты деп сол сабақта оқытып үйретуде, тәрбиелеуде және одан әрі дамытуда мұғалімнің жетекшілігімен қол жетерлік соңғы нәтижені түсінеміз. Та оқытып үйретуде, тәрбилеуде және одан әрі дамытуда мұғалімнің жетекшілігімен ол жетьерлік соңғы нәтижені түсінеміз. Сабақтың мақсаты бағдарлама мен оқулықтың тиісті тақырыбын зерттеу негізінде анықталып, сабақтың мазмұнын оқыту әдістерін және бүкіл сабақтың барысын жасауға әсер етеді. Мақсат анықталған кейін, сабақ құрылымын сол мақсатқа қол жеткізетіндей етіп жасау керек.Сабақ мақсатына мынадай талаптар қойылады. 1.Сабақ мақсаты: оқушылар қандай білімді менгеру керек . (білімділік ), қандай іскерліктер қалыптастырылды (дамыту), сабақтың оқушыларды тәрбилеуге қосқан үлесі қандай (тәрбиелік )мәселелерге мәселелерге жауап беруі тиіс.
2.Сабақ мақсаты өте дәл тұжырымдалуға тиіс, яғни сабақта қандай білім , іскерлік және машықтар қалыптастырылатыны, тәрбиелік қызметінің мәні белгіленуі керек
Сабаққа даярланудың келесі кезеңі оның мазмұнын анықтау. Сабақта өтілетін материалдың мазмұны мен мақсаты, оушылардың дайындық дәрежесі, олардың жас ерекшелері, мұғалімнің іс- тәжірибесі оқытудың әдістері мен құралдарын анықтайды. Мұнда алдымен қандай материал оқушыларға дайын күйінде берілетіні, қайсысы оқушылардың өздігінен орындалуына тапсырылатынын анықтағаны жөн . Егер оқушылардың теориалық алғаш таныстырғанда , олардың тірек болар білімдері мен іскерліктері жоқ болса , онд әңгімелеу, түсіндіру , түсіндіру, көрнекілік, сұрақ- жауап немесе провлемалап жоқ болса, онда әңгімелеу , түсндіру көрнекілік ,сұрақ- жауап немесе проблемап баяндау әдістерін пайдаланады . бұл жағдайда оқушылардың қызметі мен білімі мен іскерлікті баяндау әдістрін пайдаланады. Бұл жағдайда оқушылардың қызметі мен білім мен іскерлікті жаңғырту сипатында болады. Ал оқушылардың тиіст қоры бар болса, эвристикалық тәсілді қолдануға болады .
Оқыту әдістерін таңдаған кезде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескерген орынды. Себебі зейіннің тұрақсыздығы мен шаршау 1,2 сынып оқушыларына тән қасиет. Сондықтан Сондықтан оқу жұмысының әдістері мен тәсілдерін үнемі түрлендіріп, қызметтің бір түрімен екінші бір түріне көшіп отыру , ойын элементтерін жиі пайдалану дұрыс. 3,4 сыныптарда оқытудың проблемалық, зерттеушілік әдістері баым болғаны пайдалы.
Мұғалімнің сабаққа даярланудың маңызды буындарының бірі – ғылыми әдістемелік әдебиеттерді оқып, зерттеу, жинақтап картатека жасау . Сонымен қатар мұғалімде оқу - әдістемелік топтама болғаны дұрыс.
Өзінің немесе әріптесінің жұмысына бақылау жасау үшін мұғалім сабақты талдай білуі қажет. Сабаққа талдау жасау арқылы өзінің немесе әріптесінің қызетіндегі кемшіліктер мен бақылап, өзі үйренеді.
Математика сабағын талдау схемасы:
1.Сабақ жайындағы жалпы мағлұматтар (сыныбы, пәні, тақырыбы ).Сабақтың типі мен құрылымы. Тақырып бойынша жүргізілетін сабақтар жүйесіндегі орны.
2.Сабақтың басталуы . Оқушылардың сабаққа даярлығы Оқушыларды оқу ісіне тартуда мұғаімнің пайдаланатын тәсілдері . Жалпы сыныппен жеке оқушымен жұмыс.
3.Сабақ жабдығы . Көрнекіліктің тақырыпқа – талапқа сай болуы . Мұғалімнің және оқушылардың жұмыс орнының тиімді ұйымдастырылуы.
4.Сабақ мақсаты. Математика сабағында тәрбиелеу, жан-жақты дамыту , оқыту міндеттер қалай шешіледі?
5.Сабақтың мазмұны .
Сабақтың материалы негізгі мақсат пен білім беру міндетіне сай ма? Сабақта саналы түрде есептеу дағдыларын қалыптастыру үшін қандай жүргізіледі? Ауызша есептеуге арналған есептер шапшаң, тиянақты есептей білу дағдыларын қалыптастыруа септігін тигізді ме? Теориялық материалды жетік білу, есептеу дағдысын қалыптастыруға жәрдемі қандай? Әр сабақ сайын өткенді қайталауға жаңа материалға дайындық жұмысына арнайы ауызша есептеуге 5 -7 минут уақыт бөліне ме? Сабақтың тақырыбын аша түсетін жаттығулар мен есептердің жүйесі, оқытудың өмірі мен байланысы. Оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстардың түрлері олардың мазмұны . Математикалық терминдерді қолдану реті теориямен практиканың бірлігі . Жаңа сабақты түсіндіруде , пысықтауда ,қайталауда оқулықта ғы мысал, есептер иіді пайдаланыла ма? Есептер шығару барысындағы жұмыс . Оқушылар есеп мазмұнын талдай ала ма? Қысқаша белгілеуін жазу үшін неізгі сөздерді таңдай ала ма? Сабақ үстінде қанша есеп шығарылады? Шығарылған есептер бойынша шығармашылық жұмыс
жүргізіледі ме? Ұйымдастыру және өткізу әдістерінің тәрбиелік мәні, оқушылардың сабақтағы мінез-құлқы.
6. Сабақтың әдістемелік қорлары.Оқу материалын іріктеп алудың негізі,қолданылатын әдістердің жаңалығы,сабақтың мазмұны мен типіне,оқушылардың жас ерекшеліктеріне оның сәйкес келуі,сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың қызметін жандандыру әдістері мен тәсілдері,оқушылардың білімдерін тексеру және бағалау тәсілдері мен сапасы,үйге тапсырма беру және тексеру әдістемесі,оның көлемі мен мазмұны.Мұғалім әр оқушының үй тапсырмасын өз бетімен орындай алатынына сенімді ме?Көрнекіліктерді шебер,орынды пайдаланды ма? Сабақ үстінде шығарылған есептер оқушыларды қызықтырып қана қоймай,олардың жан – жақты білім дәрежесін көтеруге жәрдемі тиді ме?
7. Мұалімнің сабаққа дайындығы, әдістемелік шеберлігі, мәдениеті, ұқыптылығы, сөйлеу мәнері, педагогикалық әдебі.
8. Сабақ жоспарының орындалуы. Мақсатқа қол жетуі.
9. Қорытындылар мен ұсыныстар.
Математика сабағындағы ең бастысы – оның математикалық мазмұны мен тәрбиелік мәні. Ендеше, сабақ үстіндегі барлық қызмет осы екі нәрсені қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.
Бақылау сұрақтары:
1.Сабақ дегеніміз не?
2. Қазіргі заман математика сабағының типтері мен түрлерін ата.
3.Мақсаты мен міндеттерінің кешенділігі, құрылымы мен мазмұнының көпнұсқалылығын қалай түсінуге болады?
Әдебиеттер:
1. Оспанов Т.К., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша математиканы оқыту әдістемесі. 1-4-сыныптар. - Алматы: «Атамұра», 2005.
Достарыңызбен бөлісу: |