Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
6.1.2.10. бүтін сандарды координаталық түзу көмегімен қосу және азайтуды орындау
|
Сабақтың мақсаты:
|
координаттық түзудің көмегімен рационал сандарды қосу мен азайтуды үйренеді.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың кезеңі
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басы
5 минут
|
Ұйымдастыру сәті
Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру.
Алған білімдерін жүйелеу.
1) Нөлмен оң сан қалай салыстырылады?
2) Нөлмен теріс санды қалай салыстыруға болады?
3) Оң мен теріс сандары қалай салыстырылады?
4) Екі теріс санды қалай салыстыруға болады?
5) Координаттық түзу көмегімен сандарды қалай салыстыруға болады?
6) Қандай түзуді координаттық деп атаймыз?
|
Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы орындайды.
|
Өзара бағалау.
|
|
Негізгі бөлім
5 минут
|
Сыныппен жұмыс.
Оқушыларға «Шыбынды қуалау» ойынын ұсыныңыз. Ол үшін әр оқушы өз дәптерінде координаталық түзуді кескіндейді. Мұғалім жүргізушіні таңдайды. Жүргізуші координаталық түзудің қандай нүктесінде «шыбынды» орналастыру керектігін нұсқайды.
Жүргізуші амалдарды орындауды ұсынады. Мысалы:
(-3) - ті қосыңыз;
(2) - ні азайтыңыз;
(12) - ні қосыңыз;
(-4) - ті азайтыңыз.
Осылайша, оқушылар «шыбынды» координаталық түзуде әрі-бері жылжытады.
Тапсырма соңында оқушылар өз нүктелерінің координатасын – жүргізуші «шыбынның» координатасымен салыстырады.
|
Оқушыларға берілген тапсырма бойынша фронтальді жұмыс жүргізу. Оқушылардың жауаптарын талқылау және қорытындылау арқылы жаңа сабақтың мазмұнын ашу.
|
Оқушылар дайын жауап арқылы өзін – өзі бағалайды
|
Оқулық, жұмыс дәптері
|
|