«Попкорн» тәсілі арқылы оқушыларға тақырыпқа байланысты ауызша сұрақтар қойылады. Оқушылар қай кезде орнынан тұрып жауап беру керектігін шешеді. Егер бірнеше оқушы қатар тұрса, онда оқушылар кімнің бірінші болып сөйлейтінін шешуі тиіс.
Қандай шамалар кері пропорционал шамалар болады?
Кері пропорционал шамаларға мысалдар келтір.
Тура және кері пропорционал шамалардың айырмашылығын көрсет.
Кері пропорционал шамалар әріптермен қалай жазылады?
Рефлексия: «Табыс» ағашы. Қызыл алма – сабақ маған түсініксіз. Сары алма – тақырыпты түсіндім, бірақ тез ұмытамын. Жасыл алма – сабақ маған ұнады, тақырыпты меңгердім. (Оқушылар өздері таңдаған алманы алып, ағашқа жапсырады)