Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар келесіге қабілетті:
|
Шағын ойын тапсырмалары бойынша топтарда қауіпсіз жұмыс істеу.
Негізгі шабуылдау және қорғану стратегияларын және тактикаларын бәсекелестік ойында қолданудың түрлі жолдарын ашу және табу.
Ойын кезінде қорғаныс және шабуылда шығармашыл болу қажеттілігін түсіну.
|
Оқушылар көпшілігі келесіге қабілетті:
|
Сандық артықшылық тапсырмалары кезінде командада жақсы жұмыс істеу.
Сәтті ойын үшін түрлі аралық қорғаныс және шабуыл стратегия және тактикаларын байланыстыру.
Ойындарда орындағанда шығармашыл жүгіру, пас және қозғалстарды дамыту.
Өзге оқушыларды бақылау және олардың шығармашылықтарын дамыту әдістерін ұсыну.
|
Кейбір оқушылар келесіге қабілетті:
|
Бастамашылық, қиялдылық және шығармашылықты көрсететін озық қорғаныс және шабуыл тактика және стратегияларды дамыту.
Озық шабуыл және қорғаныс стратегия және тактикаларды талдау және сынау.
|
Бағалау критерийлері
|
Оқушы допты еденге соғып кедергілер арасынан бағыт өзгертіп алып жүру техникасын біледі.
Оқушы әр-түрлі жағдайда әріптесіне допты ирек сызық бойымен беру техникаларын біледі.
Оқушы топпен алаңда бағдарлап қозғалу барысында белсенділігін көрсете алады.
|
Тілдік мақсат
|
Ойындарда өзінің және өзгелердің орындауын және түсінігін сынау және жаңа тактика мен стратегияларды жасау
|
Кілт сөздер мен тіркестер:
|
• шабуылдау элементтері бар ойындар
• жүру, өту, бағыттау, қабылдау, қағып алу
• күрес: оқшаулау, допты қағып әкету
• соққы, пасс, беру
• шабуылдау, қорғау, қарсылас
• ынтымақтастық, бәсекелестік
• тактика, стратегия
• жүгіру, жалтару, бағытты/жылдамдықты өзгерту
• ұпайларды есептеу жүйесі, ережелер, тәуекелдерді басқару
|
Диалог / жазылымға арналған пайдалы сынып тілі:
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
• Қорғаныс ойыншысын жеңудің қандай тәсілдерін білесіңдер?
• Есепті жүргізу үшін қандай ойын әрекеттерін білесіңдер?
• Неліктен шабуылдау кезінде өз назарыңды бір ойыншыға аударған жақсы?
• Допты қағып алу немесе ұстап қалу үшін сендер қандай тактикаларды қолдандыңдар?
|
|