спорт ойындары туралы бейнематериал көрсету, оқушыларға сұрақ қою: Сабақ тақырыбы, оқу мақсаты қандай деп ойлайсыз?
Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, оқу мақсаттарын анықтап алу;
Сабақ сонында күтілетің нәтижелерге тоқталу;
Добыппен орындалатын денені қыздыруға арналған жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларды орындау;
Арнайы созылу жаттығуларын өткізу
Кең, таза кеңістік. Мұғалім үшін ысқырық, секундомер. Баскетбол добы және конустар
https://www.youtube.com/watch?v=T3gufgkpWqY
https://www.youtube.com/watch?v=WBsmpXlZvAU
Сабақтың ортасы
20 минут
(С, Т) Ойын үшін таяқшалар(кегли) және теннис доптары қажет (ойыншылардың саны бойынша). Ойынның қатысушылары бір сапқа тұрады және бірінші-екіншіге есептеледі. Бірінші нөмірлер – бір команда, екінші нөмірлер – басқа команда. Егер алаң ені барлығына бір сапқа тұруға мүмкіндік бермесе, ойыншылар бірінің артынан бірі екі сап түзейді. Бұл жағдайда әрбір сап – команда. Допты лақтыру кезінде шығуға болмайтын сызық сызылады. Осы сызықтан 6 м-де және оған параллель бір қатарға (бір-бірінен бір жарым адымда) екі түсті 5 таяқша аралас қойылады. Таяқшалардың түсіне сәйкес командаларға атау қойылады (мысалы, көк және ақ).
Ойынның мазмұны. Мұғалімнің белгісі бойынша әрбір команда кезекпен (барлық ойыншар бір уақытта) тынықтық күйніде, тұрып, тізеден немесе жатып, ойын шарты бойынша таяқшаларға доптарды лақтырады. Өз түсінің әрбір доп тиіп құлатылған таяқшасы бір қадам әрі, ал қарсыластың құлатылған таяқшасы – бір қадам жақын жылжытылады.
(С, Ж, Тәж)Мұғалім өзінің немесе оқушылардың таңдауы бойынша спорт ойынының элементтері бар командалық ойын құрастыру тапсырмасын беруі қажет.
Доптар, мұғалімге арналған ысқырық,
таяқшалар, теннис добы, бос ойын кеңістігі
Доптар, мұғалімге арналған ысқырық, бос ойын кеңістігі