Сабақ 1-2 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақ тақырыбы



бет178/183
Дата19.08.2023
өлшемі6,03 Mb.
#105397
түріСабақ
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   183
«Сонғысын алу». Оқушылар екі топқа бөлініп сызықтың сыртына қатарға бірінің артынан бірі тұрады.Қатардың алдына 15 м қашықтықта кегли, кубик, жалауша, доптар т.б. заттар қойылады. Олардың саны қатысушылар санынан біреу кем қойылады. Белгі берісімен әр команда заттарды алады, командалар екі жақ шетінен бір ойыншыдан кезектесіп жарыса заттарды алып, өз командасының арынан келіп қатарға орналасады, орналасу барысында келесі ойыншыны түртіпкетеді, келесі оқушы қол тигенде ғана жүгіруге құқылы. Соңғы затты өз командасына әкелген команда жеңімпаз болады.
«Допқа тигіз» Ойыншылар екі командаға бөлініп қарама қарыс волейбол алаңының сызығының сыртына қарнама қарсы қатарға бір лекке орналасып, ортадағы сызық бойындағы қатар қойылған доптарды теннис добымен немесе кіші доппен көздеп тигізу арқылы қарсы команданың алаңына допты домалатып өткізу. Ортаға бір немесе бірнеше доп қоюға болады. Қарсыластардың орналасуы ара қашықтығы шамамен 18-20метр. Ойынды жеребе арқылы бастау құқығы анықталады. Допты домалату шегін ақылдасу арқылы белгілейді. Ойын ұзақ ығы 8-10 мин. жалғасады. Ойын нұсқаушының белгісімен басталады, бірінші команданың ойыншысы доптарды лақтырғанда келесі команда ойыншысы лақтырылған доптарды жинайды, жинап болып нұсқаушының белгісін күтеді. Доптарды белгіленген сызықтан асырған команда жеңіске жетеді.
Тапсырма
Тең екі командаға бөлініп, «Қызыл ту» ойынын ойнаңыз. Ойын ережесі: Алаң ортасында белгіленген сызық болады, екі команданың өздерінің тулары болуы қажет. Екі команда ойыншылары өз алаңындағы туларын қорғап, қарсылас командадағы туды өз алаңдарына алып келуі қажет. Қарсылас командаға шабуыл жасағанда сол команда ойыншылары оларды қуып ұстап алса, ойыншы сол жерде қатып қалады, яғни отырып қалады. Бірақ, өз қарсыластары қайта келіп «жан» бере алады. Ойында бір команда қарсылас командасының туын өз алаңына алып келсе ойын сол команданың жеңісімен аяқталады.


Дескриптор Білім алушы
- ойынды ережемен ойнап, ҚЕ сақтайды;
- ойын ойнау барысында көшбасшылық танытады;
- қозғалыс ойындарының денсаулыққа пайдасын түсінеді

Үлкен кеністік, ысқырауық.
Ысқырауық, жалауша т.б. керекті құралдар.

Сабақтың соңы



Сабақ соңында орындалған әрекеттердің іске асуы орын алған кедергілер және қандай кемшіл тұстарын ескеру керектігі талқыланады.Белсенді қимыл жаттығулары ағзаға қалай әсер ететіндігі туралы сұрақтар қою.Оқушылар қалыпқа келуге арналған жаттығулар жұмыстарын орындайды.
Сабақтың аяғында оқушылар сабақта қай тапсырмаларды орындай алды, қай жаттығуларды орындау үшін біраз жұмыс істеу керек екенің өзара талқылайды.
Оқушыларға орындалған жұмысқа байланысты өз бағаларын береді.

Үлкен кеністік, ысқырауық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет