Ұзақ мерзімді жоспар: 2 бөлімі – Спорт ойындары арқылы командалық бірлесу Күні: Сынып: Мектеп: НЗМ Ақтау қаласы
Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақ 19-20
Сабақ тақырыбы: Спорт ойындарындағы тактика және тактикалық іс-әрекеттер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
7.1.2.1 - қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір дене жаттығуларындағы реттілігін жетілдіру мен қорытындылау
7.1.5.1 - бірқатар дене жаттығуларының қарапайым тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын құру және бағалай білу
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар келесіге қабілетті: Қауіпсіздік ережелерді біледі
Шапшаңдыққа,ептілікке,тез шешім қабылдауға, төзімділікке тәрбиелену.
Оқушылар көпшілігі келесіге қабілетті:Оқушылар жұппен және топпен тиімді жұмыс істеп,қарапайым жаттығулар тактика -стратегиясын құрып талдап саралай алады
Кейбір оқушылар келесіге қабілетті:Оқушылар ойындағы әр түрлі қозғалыс әрекеттерін біледі,күрделі жаттығулар комбинацияларын құрып бағалай алады.
Жетістік критерийлері
Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсатына жетеді
- Оқушылар Қауіпсіздік ережесін орындау туралы біледі
- Ойында жіберген қателіктерін саралайды және өз – өздеріне баға бере алады.
- Оқушылар жұпта және топта тиімді жұмыс жасап комбинациялар құрып орындай алады.